Almaty Writing Residency – бұл Ольга Маркова атындағы Алматылық ашық әдебиет мектебі (ААӘМ) мен танымал американдық IWP International Writing Program бағдарламасының халықаралық жобасы. 2021 жылдан бастап, Қазақстандағы Бірінші жазушылар резиденциясы қазақстандық ақын-жазушылар мен алыс және жақын шетел елдерінің авторлары үшін елеулі жыл сайынғы оқиғаға айналып кетті.
ALmaty writING residency - iwp international writers program
Almaty Writing Residency – бұл ААӘМ және танымал АҚШ-тағы IWP жазушылар резиденциясының бірлескен халықаралық жобасы.
IWP-ді 1967 жылы Пол Энгл және Хуалинг Ние Энгл Айова жазушылары шеберханасы үлгісінде халықаралық бейакадемиялық бағдарлама ретінде құрды. 2014 жылдан бері бұл бағдарлама әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын жазушылар мен ақындарға курстарды ұсынып келеді. Құрылған кезден бастап IWP курстарына 150-ден аса елден 1500-ден астам танымал және шығармашылығын жаңа бастап жүрген ақын, романист, драматург, эссеист пен журналист қатысты. Жобаның негізгі мақсаты – дарынды жазушыларды Айова Университетінің қаламгерлер қауымымен таныстырып, олардың шығармашылық жұмысына белгілі бір уақытқа оңтайлы жағдай жасау. 2000 жылдан бері IWP-ді ақын әрі журналист Кристофер Меррилл басқарып келеді.
ЖАЗУШЫЛАР РЕЗИДЕНЦИЯСЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Шығармашылық ортаға сіңісіп кету үшін Резиденцияға қатысушылар бір апта бойы бірге тұратын болады. Туындыларын ортаға салып, әдебиетке қатысты мәселелерді талқылап, шығармашылық кездесулер мен көпшілік іс-шараларға қатысып, қала ішіне және сыртына саяхат жасайтын болады. Резиденцияға конкурстық іріктеуден өткен авторлар қатыса алады. Байқауға қатысуға танымал прозашылар мен ақындар, сондай-ақ шығармашылығын жаңа бастап жүрген жазушылар шақырылады. Тәжірибелі авторларға артықшылық беріледі. Резиденция іс-шаралары үш тілде – ағылшынша, қазақша, орысша аудармашылардың қатысуымен өтеді. Іріктеуден өткен қатысушылардың Алматыға дейінгі және кері қайтқандағы жол шығындары, тұрғын үй-жай жалдау жөніндегі шығындары өтеледі. Авторларға қойылатын негізгі талап – резиденция іс-шараларына белсенді қатысуы.
PR маман, тәуелсіз журналист, подкастер. Әйнелдің PR саласында 20 жылдық тәжірибиесі бар. Түрлі жылдары үкіметтік емес ұйымдарда PR маманы қызметін атқарды. Қазір OY-DETOX подкастының, “Тасадағы әйелдер” YouTube-жобасының авторы.
OY-DETOX – соңғы төрт жылда қазақ тілінде тұрақты шығып жүрген подкасттардың бірі. Бүгінде мәдениет, әдебиет, білім, адам құқы, маңызды әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді қамтыған 60-тан астам эпизоды бар. OY-DETOX-ті барлық подкаст қосымшаларында тыңдап, YouTube-арнадан видео нұсқасын көруге болады. 2023 жылы OY-DETOX — Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы URKER Ұлттық сыйлығы, «Үздік подкаст» номинациясының жеңімпазы. 2023 жылы Бақытгүл Салыховамен бірлестікте шығарған «атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА» кітабының соавторы.
Әйнел әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі, Саясаттану ғылымдарының магистрі. 2013 жылы Санкт-Петербург Жоғары Басқару мектебінде PR бойынша біліктілігін арттырды. Роберт Гордон Университеті жанындағы «Шығармашылық және мәдениет» мектебінің (Шотландия) «Корпоративтік коммуникация және қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша магистранты (2022, шілде)
1984 жылы Шымкентте дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, А.М. Горький атындағы Әдебиет институтын (Олег Павловтың семинарын) тамамдаған. «Алтын тобылғы», «ФИКШН35» әдеби сыйлықтарының, «Дружба народов» журналы ұйымдастырған әдеби сыйлықтың иегері.
2019 жылы әдебиет курстарын ашқан. Бастаушы прозашылар мен публицистерге жазушылық шебірліктің авторлық курсын өткізіп жүр. Қатысушыларын кітап жазуға ынталандыратын Әдебиет шеберханасын жүргізіп отыр. Нурайна Сатпаеваның Әдебиет шеберханасындағы «Қара» әңгімесін 2021 жылы Халықаралық «Данко» әдеби сыйлығына ұсынған. Әңгіме үшінші орын алған. AWR-2021, Qalamdas әдеби сыйлығының қазылар алқасының мүшесі болған.
Алматыдағы баспаларда шақырылған әдеби редактор және шығарушы редактор ретінде жұмыс істеп, кітаптарды баспаға дайындайды.
Жазып жүрген романына материал жинап отыр.
1994 жылы 10 ақпанда Алтайдағы Көктоғай ауданының Оспан батыр шоқысы деген жерінде туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Тарих, археология және этнология» факультетінің 2018 жылғы түлегі. Қазақстан Жазушылары одағының мүшесі.
Ең алғашқы қазбасар-қаратамақ шығармасы ретінде «Қуқыл тартқан боз дала» атты әңгімесі 2008 жылы «Ақжелкен» журналында жарық көрсе, сол жылы осы басылымда «Қылмысым», «Ғасырмен сырласу» атты екі өлеңі жарық көрген. «Аққудың иісі», «Ақ меңді айлар», «Далалар – нағыз бабалар», «Арманға жылқы жерлеу», «Қара уыққа толы ғаламшар», «Құшақта мені, адамдар», «Сен неге әлем емессің», «Үндістің рухы қайнаған уақыт», «Қарлығаштар еліндегі құлазу» қатарлы 18 жыр жинағы 2020, 2021 жылдары бір тізбекпен жарық көрген. 2022 жылы «Кетенің кіндік тарихы» атты Кіші Жүздегі Кете руының тарих-шежіресі туралы кітабі шыққан.
2013 жылғы Өнер фестивалі поэзия номинациясының, 2015 жылғы Өнер фестивалі поэзия номинациясының, 2016 жылғы ең қысқа әңгіме жазу байқауының, 2017 жылғы республикалық Кейкі батыр жыр мүшәйрасының, 2018 жылғы «Фейсбук желісіндегі ақындар» деп аталатын Шымкентте өткен жыр мүшәйрасының, 2019 жылғы республикалық Әділ Ботпанов жыр мүшәйрасының, 2019 жылғы Нұрмүбарак университетінде өткен жыр мүшәйрасының, 2022 жылы Кетбұға жыр мүшәйрасының, 2022 жылғы Жазушылар одағында марапаттауы өткен шағын әңгіме жазу байқауының жеңімпазы әрі Атыраудағы Махамбет мүшәйрасында Меңдекешев атындағы арнайы сыйлықтың, Түркістанда өткен «Елім-ай» байқауының 1 орын иегері және Төлеген Айбаргенов атындағы медальдің иегері. 2023 жылы күзде республикалық «Әдебиет. Рух. Қоғам» байқауында «Көкшұбар аттың иісі» атты әңгімесімен «Проза» аталымы бойынша бас жүлдені иеледі.
Алматылық ашық әдебиет мектебінің (ОЛША) студентімін. Биыл екінші рет қатысудамын.
Балалар әдебиетін жазып жүрмін. ОЛША курсында жазған шығармамды ұстаздардың айтуы бойынша баспаларға ұсындым, жауап күтудемін.
Қазақстандық автор, филолог (МГУ), бірінші «Книжный Цех-тің» жеңімпазы (Қазақстан Жазушылары клубы мен «451 градус» Әдебиет клубы ұйымдастырған әдеби байқау). 2018 жылдың көктемінде арғы әжесіне арналған «Анастасия» атты отбасылық романын көпшілікке таныстырды. 2019 жылдың жазында Астаналық Жазушылар қауымдастығын ұйымдастырды. Сол жылы поляктардың Қазақстанға депортациясын зерттеу үшін және осы тақырыпта роман жазу үшін Назарбаев Университетінің магистратурасына түсті.
«ПИШЕМ РАССКАЗ» («ӘҢГІМЕ ЖАЗАМЫЗ») атты проза жазу курсының авторы. 2021 жылдың қараша айында «Переделкино» Шығармашылық үйі ұйымдастырған жазушылар резиденциясына қатысушы болды.
Шығармашылығына барлық уақытын арнау үшін қазір Ана ұйымдастырушылықпен айналыспайды, алайда мәтін жазуды қоймаған: ол танымал қазақстандық басылымдарға, соның ішінде әдеби журналдарға мақалалар жазып жүр.
Драматург, «Драма.KZ» заманауи қазақстандық драматургия фестивалінің кураторы (2019, 2020), «Дактиль» онлайн журналының «Драматургия» бөлімінің редакторы, деректі кино режиссёрі.
Екатеринбург Мемлекеттік театр институтын (Н. Коляданың шеберханасын) «Әдеби шығармашылық» мамандығы бойынша тамамдаған. Алматылық
Ашық әдебиет мектебінің (ААӘМ) театр драматургиясы мен кинодраматургия курсын, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кинодраматургия негіздері» курсын, Олжас Жанайдаровтың заманауи драматургия лабораториясын бітірген. «Ним-2018» драматургия фестивалінің, Деректі кино мектебінің лонг-лист тізіміне енген. «Мистерия Туу-уф» пьесасымен «Два дня театра» («Театрдың екі күні») атты қалалық жобаға, «Еврипид и ёлочка» («Еврипид пен шырша») пьесасымен «Драмарафон» жобасына қатысқан. ARTMEKEN галереясында өткен #цензурасыз жобасына «Куль-тягин» пьесасымен қатысқан. La Boheme театр-кафесінде өткен «Рентген» мен «Тульповод дяди Коли» пьесаларының оқылымына продюсерлік еткен. ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросы ұйымдастырған «Орталық Азияның киноиндустриясын күшейту» жобасының аясындағы Орталық Азиядағы сценарий жазудың лабораториясына (CASL) қатысушы болған.
«Ыстық жер» дебюттік толықметражды фильмін түсіріп жатыр.
1992 жылы 21 наурыз күні Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Шайдана ауылында дүниеге келген. Облыстық, республикалық бірнеше жыр мүшәйрасының жеңімпазы. Бұқар жырау атындағы арнайы сыйлықтың иегері. Өлеңдері түрлі республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жиі жарияланып келеді.
1994 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Балалық шағынан бастап өлең жазады. Орталық Азиядағы Америка университетінің (БААУ, Бішкек) журналистика мен бұқаралық коммуникациялар факультетін тамамдаған, Алматылық ашық әдебиет мектебінің (ААӘМ) поэзия семинарын бітірген. Қазақстан телеарналарында журналист болып жұмыс істеген. С.А. Филатов атындағы СЭИП Қоры ұйымдастырған Ресей, Қазақстан, Қырғызстан жас жазушыларының фестиваліне қатысқан. Шығармалары «Панорама Шымкента» («Шымкент келбеті») газетінде, «Дактиль» онлайн журналында жарияланған. ААӘМ-дағы проза семинарында оқып жүр.
American Space & Makerspace Almaty-да өтетін резиденция іс-шараларының күнтізбесі.
Барлық іс-шаралар сағат 18.00-де басталады, мекенжайы: American Space & Makerspace Almaty, Байзақов көшесі, 280, SmArt.Point, бірінші қабат.
БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ:
2009 жылдың желтоқсанында Америка Құрама Штаттары Алматыда Бас консулдығын ашты. Бас консулдықта Мемлекеттік департаменттің кеңселері (соның ішінде – консулдық, қоғаммен байланыс жөніндегі және саяси-экономикалық бөлімдер), АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID), Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC), Есірткіге қарсы күрес жөніндегі басқарма (DEA), АҚШ-тың Коммерциялық қызметі және Президенттің ЖИТС-тің алдын алу төтенше жоспары бойынша бағдарламасы (PEPFAR) орналасқан. Бұл Консулдық өңір Қазақстанның төрт оңтүстік аймағын (ОБЛЫСТАРЫН) қамтиды. Дегенмен, көптеген Консулдық агенттіктері мен секциялары Қазақстанда және Орталық Азияда кең өкілеттілікке ие.
Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы сауда, экономикалық даму, демократия мен басқару, гуманитарлық көмек, денсаулықты нығайту және сырқатқа қарсы күрес, есірткіге қарсы күрес және қоршаған ортаны қорғау сияқты екіжақты және аймақтық мәселелердің кең аясында жұмыс істейді. Сондай-ақ, Бас консулдық Қазақстандағы Американың азаматтарына және бизнестеріне қызметтерін көрсетеді.
Штаб-пәтері Сан-Рамон қаласында (Калифорния штаты) орналасқан Chevron корпорациясы –жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Еншілес кәсіпорындары дүние жүзінде жұмыс істейді. Компания энергия көздерін өңдеудің барлық салаларына: шикі мұнай мен табиғи газды барлауға, өндіруге және тасымалдауға, көлік отынын және басқа энергетика өнімдерін өңдеуге, өткізуге және таратуға, мұнай-химия өнімдерін өндіруге және өткізуге, электр және геотермалды энергиясын өндіруге қатысады, сонымен қатар энергияны тиімді пайдалану саласындағы техникалық шешімдерді әзірлеумен, сондай-ақ болашақтың энергетика ресурстарын, соның ішінде биоотын меңгеру ісімен де айналысады. Қазақстанда Chevron қоғамды дамытуға бағытталған және мәдениет саласындағы жобаларға қолдау көрсетеді, 2021 жылдан бері олардың арасында Almaty Writers Residency де бар.
2024 жылғы Қонақтар:
Оқытушы, редактор, зерттеуші әрі әдеби аудармашы.
IWP-дің 91st Meridian журналының, сондай-ақ Autumn Hill Books баспасының аттас кітап сериясының редакторы. World Cinemas,Transnational Perspectives жинағының редакторларының бірі болып (2010; SCMS-тың «Үздік жинағы» номинациясындағы 2011 жылғы жеңімпазы), André Bazin on Adaptation: Cinema’s Literary Imagination (2022) кітабын аударуға өз үлесін қосып, A Hub, A Network, an Archive: 55 Years of International Writers in Iowa City көрмесінің кураторларының бірі болған. International Writing Program аясында жарық көрген HOME/LAND/S: AN INTERNATIONAL SYMPOSIUM жинағының құрастырушы редакторы.
Кристофер Мерриллдің жарияланымдары жеті поэзия жинағын құрайды, соның ішінде Американдық ақындар академиясының марапатына – Питер И. Б. Лаван атындағы жас ақындар сыйлығына – ие болған «Сигнал оты» (Watch Fire), оның көптеген редакторлық еңбектері мен аудармалары, сондай-ақ нон-фикшн жанрындағы алты кітап бар. Олардың арасынан үшеуін ерекше атап өтуге болады: 90-шы жылдардың бірінші жартысындағы Балкандағы қарулы қақтығыстар туралы «Шегелер ғана қалады» (Only the Nails Remain) кітабын, автордың киелі Афон тауына жасаған саяхаты жайлы «Жасырын Құдайдың кереметтерін» (Things of the Hidden God), «Сәнталмен автопортретім» (Self-Portrait with Dogwood) атты өткенді шолу кітабын. Бұл кітапта ол өз өмірін ғана емес, айналасындағы әлемде болып жатқан маңызды оқиғаларды ой елегінен өткізеді.
Мерриллдің көркем шығармалары 40-қа жуық тілге аударылған. Сонымен қатар асқан дарынның арқасында ол журналистика саласында да көптеген жетістікке қол жеткізді. Ол Францияның Әдебиет және өнер орденінің кавалері, Джон Саймон Гуггенхайм Мемориалдық қоры және Инграм Меррилл қорының стипендиаты, аудармашылық шеберлігі үшін бірқатар сыйлықтардың иегері атанған.
2000 жылдан бері Айова Университетінің Халықаралық жазушылар бағдарламасының директоры қызметін атқарып, Меррилл 50-ден астам елде мәдени дипломатияның миссияларын ұйымдастырды. 2011–2018 жылдары ол АҚШ-тың ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясында қызмет етті. 2012 жылдың сәуір айында президент Барак Обама Меррилді АҚШ-тың Гуманитарлық ғылымдарының консулдығындағы лауазымға тағайындады.
Кшиштоф Хоффман, PhD, сыншы, аудармашы. Познань қаласындағы (Польша) Адам Мицкевич Университетінің поэзия және әдеби сын бөлімінде жұмыс істейді. Университетіндегі Literature Affirmation Centre-дің директоры. Жазушылық шеберлікке үйрететін AMU MA бағдарламасының ұйымдастырушыларының бірі, Creative Writing BA track бағдарламасының жетекшісі. Ағылшын, орыс, дат, т.б. тілдеріне аударылған екі кітаптың, рецензия, сұхбат, ғылыми мақала форматындағы 200-ден астам мақаланың авторы әрі бірлескен авторы. Gazeta Wyborcza басылымының колумнисті болып жұмыс істеген.
2024 жылғы Қазылар алқасы:
Жазушы, әдеби сыншы, журналист
Халықаралық ПЕН-клубтың Қазақстандағы бөлімінің президенті. «Central Asia Monitor», «Время», «Новое поколение» газеттерінің, «Тан» телерадиокомпаниясының бас редакторы болған.
«Серьезный разговор», «Великое кочевье», «Сизо» кітаптарының, 300-ден астам публицистикалық еңбектердің авторы. Қ. Жұмаділовтың «Атамекен», Х. Рахимовтың «Сеңгір сырлары», Т. Жұртбайдың «Каллеки» романдарын орыс тіліне аударды. Бірқатар әдеби сыйлықтардың иегері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің кавалері.
Ұйғыр жазушысы, өлкетанушы.
12-ден астам кітаптың, көптеген эссе мен очерктердің авторы, Қазақ ПЕН-клубының, Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының мүшесі. Ғылыми-зерттеу экспедициялардың жетекшісі, бірнеше еңбектері Қазақстан тарихына арнап жазылған, соның ішінде ұйғыр халқының тарихы туралы, Арал теңізінің экологиялық проблемалары туралы еңбектер бар. Кітаптары қазақ, ұйғыр, ағылшын тілдеріне аударылған.
Қазақстандық ақын, аудармашы, креативті продюсер.
Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінде «экономика» мамандығы бойынша білім алып, Алматы Ашық Әдебиет Мектебінде ақындық өнерді үйренген. Шығармалары орыстілді «Лиterraтура», Polutona, TextOnly, Soloneba, «Артикуляция», DOXA, Esquire, латыштілді Satori, литватілді Satenai, поляктілді Helikopter, ағылшынтілді Asymptote, қазақтілді The Bilge интернет басылымдарында жарияланған. Hayward Gallery галереясына арнап Slavs & Tatars арт-тобының ‘Samovar’ жұмысына рефлексия ретінде жазылған A Spectral Path in the Azure or Testimonies about Tea жинағы Лондондағы Поэзияның ұлттық кітапханасының коллекциясына енген. Қазақстанда өткен «Сөзыв», «Полифония», Astana Art Show, Go Viral, Bookfest, ‘STYQ фестивальдеріне, Латвиядағы Dzejas Dienas және Dzejnieka Asinis фестивальдеріне қатысты. 2017 жылы Үлкен алматылық слэмның жеңімпазы атанды. Ануар bULt және SteppeSpace жобаларына қатысушы. Ол Алматыдағы «Целинный» заманауи мәдениет орталығының баспа бағдарламасын үйлестіріп келеді. Artcom Platform қауымдастығына қатысушы.
Орыс және қазақ тілінде жазады. Көптілді поэзиялық шығармалары Қазақстанда пайда бола бастаған жаңа әдебиеттің тілдік пен тақырыптық контекстін көрсетіп отыр.
2022 жылы Алматыда Ануардың тұңғыш өлеңдер жинағы — «Рухани кенгуру» — жарыққа шықты.
Ақын, аудармашы.
1995 жылы Жаңа шекарадағы Іле-Қазақ облысы Мұңғұлкүре (Мұңғұл жолы) ауданында дүниеге келген. Өлеңдері «Тамыр», «Дактиль», Sygma, Angime журналдарында жарияланған. Friedrich Schegirtke жобасының авторларының бірі. Ғалым Мадина Тлостанованың «Болмыс, білім және түйсік отарсыздығы» кітабын қазақ тіліне аударған. нұрсұлтан поэмасының авторы. Алматы қаласында тұрады.
БІЗДІҢ КОМАНДАМЫЗ:
Жазушы, мәдениеттанушы. 1975 жылы Алма-Атада дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Польшадағы Ольштын қаласындағы Варминско-Мазурский университетін тамамдаған. Шығармалары «Простор», «Книголюб», «Дружба народов», «Знамя», «Новый мир», «Воздух», «День и ночь», «Новая юность», «Пролог», «Юность», Iowa Magazine, Barzakh, «Новая реальность», Polutona, «Лиterraтура», Promegalit, т.б. әдеби журналдарында жарияланған. Липки қаласындағы Жас жазушылар форумына қатысып, 2010, 2014 жылдары «шағын проза» номинациясы бойынша «Русская премия» сыйлығының иегері атанған. «Алтын қалам» ұлттық әдеби сыйлығының, Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің кавалері. 2017 жылғы АҚШ-тағы IWP халықаралық жазушылар резиденциясына қатысушы. Қазақстандағы поляк диаспорасының Ałmatyński Kurier Polonijny журналының редакторы. «Лиterraтура» журналындағы проза бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Алматы Ашық Әдебиет Мектебіндегі (ААӘМ) проза семинарының, Айова университетіндегі шығармашылық семинарлардың жетекшісі. Қазақ ПЕН-клубының вице-президенті, Польшадағы Ольштын қаласындағы Варминско-Мазурский университетінде докторлық диссертациясын жазып жатыр.
Прозашы.
Алматы Ашық Әдебиет Мектебінің, Almaty Writing Residency атты Орта Азиядағы бірінші жазушылар резиденциясының үйлестірушісі. «Дактиль» әдеби журналының кітап сериясымен басылып шыққан «Наверность» әңгімелер жинағының авторы. Крутованың әңгімелері қазақ, ағылшын, неміс тілдеріне аударылған.
Драматург, театртанушы, аудармашы. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «театртану» мамандығы бойынша, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аударма ісі мамандығы бойынша тамамдаған. «Мусагет» қоғамдық қорының жазушылық шеберлік курсына қатысушы. Пьесаларының оқылымдары «ARTиШОК» театрында (Алматы, 2005 – 2006 жылдары), «Статус Плюс» студиясының ұйымдастыруымен «Ильхом» театрындағы фестивальде (Ташкент, 2009) өткен. Алматылық ашық әдебиет мектебінде театр және кинодраматургия семинарын, жастар әдебиеті шеберханаларын жүргізеді. Шығармалары Text Only желілік журналында, Literra Nova әдеби альманахында жарияланған.
Аудармашы, зерттеуші, арт-менеджер. СПбГУКИ-дің аударма бөлімін тамамдаған, аудармашы мен жазушы Вера Резниктің шәкірті. 2015 – 2016 маусымындағы Алматылық ашық әдебиет мектебінің поэзия семинарына қатысушы. Ағылшын, испан, неміс тілдерінен заманауи прозаны аударады, битниктер поэзиясын, соның ішінде Грегори Корсо өлеңдерін зерттеп, аударады. Заманауи өнер және философия туралы эсселер жазып, аударады. Аудармалары мен эсселері «Лиterraтура» электронды басылымында, Esquire журналында, Sygma басылымында жарияланған. «Иллюстрированный путеводитель по смыслам Алматы» жобасын жасаушылардың бірі және оның жетекшісі. Ортаазиялық өнерге арналған ariadna.media порталының бас редакторы. Әдеби аударма лабораториясының негізін салушылардың бірі және оның жетекшісі (бұл жоба Қазақстандағы АҚШ Миссиясының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр). Алматыда тұрады.
Прозашы, публицист, театр шолушысы. Алматы Ашық Әдебиет Мектебінің үш курсын бітірген. Айова Университетіндегі Халықаралық Жазушылар бағдарламасының, Almaty Writing Residency-2022 аясындағы әдеби аудармашылар семинарының қатысушысы. Ресей, Қазақстан және Қырғызстан жас жазушыларының форумына қатысушы (2021). Қазақстандық әдебиетіне арналған The Alma Review блогының бас редакторы. Шығармалары «Дактиль», «Полутона», «Формаслов», «Четырёхлистник», «Angime» журналдарында, «Артикуляция» мен «LiterraNova» альманахтарында жарияланған. 2022 жылғы «Qalamdas» әдеби сыйлығының шорт-лист тізіміне енген. Orda.kz, Forbes, Esquire, Manshuq, т.б. платформаларында журналист қызметін атқарып отыр.
Бұл блогтың миссиясы – жаңа шығармаларға рецензия жазып, авторлардан сұхбат алып, жақсы жаңалықтарды бөлісе отырып, әдебиетті насихаттау.
«Дактиль» — Қазақстан әдебиетінің кеңістігін кеңейтуді мақсат тұтатын журнал. Біз қазақ және орыс тіліндегі мәтіндерді жариялаймыз.
Әдебиетке қолдау көрсету – бұл қаражат пен еңбектің ұзақ мерзімді жұмсалуын қажет ететін үдеріс болғанымен, кейбір нәтижелерін қазір де көруге болады: қатысушылардың жаңа шығармалары жарық көріп отыр, қазақстандық әдебиет туралы мақалалар шығып жатыр, Резиденция әдеби үдерістің бір бөлігіне мен біздің сүйікті қаламыздың мәдени ландшафтының ерекшелігіне айналып барады. Бұл AWR-дің жазушыларға қажетті іс-шара болғанын, өз орнымызды тапқанымызды көрсетеді. AWR Қазақстан үшін бірегей бағдарлама.
Ағылшын тілінде жазатын үнді ақыны. Калькуттада тұрады. An Afternoon in My Mind (Copper Coin 2022/Bite-Sized Books, U.K.), Karmic Chanting (Copper Coin 2018) және Ink and Line (Dhauli Books 2018) және тағы бес поэзия кітабының авторы. Македония, Ирландия, Түркия, Никарагуа, Шри-Ланка, Германия, Венгрия, Словакия, Италия, Украина, Мадагаскар, Ирландия және Оңтүстік Африка елдеріндегі поэзия фестивальдеріне қатысқан. Оның мәтіндері Еуропада, Солтүстік Америкада, Азияда және Австралияда жарияланған. Бірнеше әдеби марапаттардың иегері, соның ішінде Gayatri Gamarsh Memorial Award сыйлығын, 2023 жылы Godyoo Podyo Probondho Award сыйлығын алған, 2020 жылы Тагор әдеби сыйлығының (Tagore Literary Prize) қысқа тізіміне енгізілген. Өлеңдері Harper’s Bazaar, Virginia Quarterly Review, Stand Magazine, Words Without Borders, Singing in the Dark (Penguin Random House), Luvina magazine (University of Guadalajara, Mexico), La Otra (University of Mexico), Indian Literature (Sahitya Akademi), Stand magazine, Poetry Salzburg Review (University of Salzburg), and Mascara Literary Review және басқа да журналдарда жарияланған.
2014-2016 жж. Айова университетінің Silk Routes халықаралық жазушылық бағдарламасы жобасы авторларының бірі. Chair Poetry Evenings халықаралық фестивалінің негізін қалаушы және директоры, Lyrikline (Haus für Poesie, Берлин) үнді бөлімінің редакторы және Enchanting Verses Literary Review басылымының редакторы. Ол Poetry at Sangam (Үндістан) және Words Without Borders (Нью-Йорк) газеттерінің шақырылған редакторы болды. Мәтіндері хинди, итальян, қытай, түрік, словак, македон, словен, венгр, араб және орыс тілдерін қоса алғанда, жиырмадан астам тілге аударылған.
Ольга Маркова атындағы Алматы ашық әдеби мектебі мен Almaty Writing Residency 2023 жылдың қонағы – белгілі үнді ақыны Сонет Мондалды Алматыда қарсы алады.
29.09.– 04.10.23 аралығында ақын қазақстандық әдеби аудармашыларға арналған AWR семинарына қатысты, семинар жұмысының нәтижесінде Сонет Мондалдың қазақ және орыс тілдеріне аударылған өлеңдері жарияланады.
03.10.23 American Space and Maker Space Almaty-да өткен Соннет Мондалмен ашық шығармашылық кездесу.
2021 жылдың 19 шілдесінде Almaty Writing Residency резиденция бағдарламасының аясында «Қазақстандық авторлар үшін АҚШ пен Ұлыбританияда шығармаларды жариялау мүмкіндіктері» атты онлайн семинар өтті. Толығырақ…
20.08.2021 — Almaty Writing Residency 2021 – биылғы резиденцияға қатысушылар тізімі
АЛМАТЫ – ҚАЛАНЫҢ ӘДЕБИ ТАРИХЫ:
Бұрын Верный, кейін Алма-Ата деп аталған Қазақстан Республикасының бұрынғы астанасы еліміздің мәдени орталығы болды және бола бермек. Көптеген мәдениеттерді тоғыстыратын қаланың әдебиеті тарихы өте бай. Мұнда Қазақстанның ірі жазушылары мен ақындары тұрған. Кейбіреулері бұл қаланы өз шығармаларында суреттеген. Жазушылар одағының көрнекті ғимараты, Мұхтар Әуезовтың мұражай үйі, Абай, Жамбыл, Герольд Бельгер ескерткіштері, жазушылардың үйлеріне орнатылған ескерткіш тақталар –мұның барлығы қаланың әдебиеті тарихының ажырамас бөлігі. Қазіргі таңда Алматының әдебиеті тарихы заманауи авторлардың кітаптарында жазылуда.