OLSHA

ALMATY WRITING RESIDENCY
РЕЗИДЕНЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ
"ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СӘЙКЕСТІК"
OPEN CALL 2021

 

Almaty Writing Residency Ольга Маркова атындағы Алматылық Ашық Әдебиет Мектебі (ААӘМ) және танымал американдық International Writing Program (IWP) бағдарламасының халықаралық жобасы. 2021 жылғы Қазақстандағы тұңғыш жазушылар резиденциясы болашақта қазақстандық, алыс және жақын шетел елдерінің жазушылары, ақындары және авторларының өміріндегі елеулі жыл сайынғы оқиғаға айналады.



Резиденция күнтізбесі

  • Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2021 жылғы 27 сәуір
  • Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы – 2021 жылғы 1 шілде
  • Қатысушылардың тізімін жариялау – 2021 жылғы 20 тамыз
  • Резиденцияның басталуы – 2021 жылғы 12 қыркүйек
  • Резиденцияның аяқталуы – 2021 жылғы 18 қыркүйек

ALmaty writING residency - iwp international writing program

Almaty Writing Residency – бұл ААӘМ және танымал АҚШ-тағы IWP жазушылар резиденциясының бірлескен халықаралық жобасы.

IWP – Пол Энгл және Хуалинг Ние Энглдің Айова жазушылары шеберханасына ұқсас халықаралық және академиялық емес бастамасы болды. Бұл бағдарлама 2014 жылдан бері әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын жазушылар мен ақындарға кәсіби курстарды ұсынып келеді. IWP құрылған кезден бастап (1967 жылы) 150-ден астам елден 1500-ден аса танымал және жаңа бастап жүрген ақын, романшы, драматург, эссеист және журналист өз жұмысына қатыстырды. Оның негізгі мақсаты – дарынды жазушыларды Айова Университетінің қаламгерлер қауымымен таныстырып, белгілі бір уақыт бойы шығармашылық жұмысына оңтайлы жағдай жасау. 2000 жылдан бері IWP-ді ақын және журналист Кристофер Меррилл басқарып келеді.

ЖАЗУШЫЛАР РЕЗИДЕНЦИЯСЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Резиденцияға қатысушылар шығармашылық ортаға сіңісіп кетуі үшін белгілі бір уақыт бойы бір кеңістікте тұратын болады. Қатысушылар бірлесіп жазу үдерісіне кіріседі, әдебиетке қатысты мәселелер талқылайды, шығармашылық кездесулерге, көпшілік іс-шараларға атсалысады, сондай-ақ қала ішіне және сыртына саяхат жасайды. Резиденцияға байқау арқылы іріктеп алынған авторлар қатыса алады. Байқауға қатысуға танымал прозашылар және ақындар, сондай-ақ жаңа бастап жүрген жазушылар шақырылады. Тәжірибелі авторларға артықшылық беріледі. Резиденция іс-шаралары үш тілде – ағылшынша, қазақша, орысша аудармашылардың қатысуымен өтеді. Байқау арқылы іріктеп алынған қатысушылардың Алматыға дейінгі және кері қайтқандағы жол шығындары, қонақ үйде тұрғаны үшін төлемдері өтеледі, тәуліктік ақысы төленеді. Авторларға қойылатын негізі талап – резиденция іс-шараларына белсенді қатысуы.

ALMATY WRITING RESIDENCY-ДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

Almaty Writing Residency ұйымдастырушылары жыл сайын Резиденция тақырыбын жариялайды. 2021 жылғы резиденция тақырыбы «Қазақстандық сәйкестік» болып табылады. Авторлар – қатысушылар, шақырылған шебер жазушылар және ерікті тыңдаушылар  – сәйкестікке қатысты мәселелерді, осы бағыттағы халықаралық тәжірибені, Қазақстанда қазақ пен орыс тілдеріндегі әдеби үдерісті талқылайтын болады. Қазақ пен орыс тілді авторлар арасындағы байланысты нығайту және өзара тәжірибе алмастыру – биылғы Резиденцияның негізгі мақсаттарының бірі. Біз қатысушылардан алдағы уақытта шығармашылығын дамытатын, Қазақстанда мен шетелде кітаптарын алға жылжытуға септігін тигізетін жемісті еңбекті күтеміз.

ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

2021 жылғы Almaty Writing Residency-ге қатысуға мүмкіндік беретін байқаудың қазылар алқасы үміткерлердің мынадай құжаттарын қабылдайды:

  • Үміткердің өтінімін (Құжаттың нысанын осы жерден жүктеуге болады)

  • Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін

  • 2021 жылғы Резиденция тақырыбының үміткерді несімен қызықтыратыны жайлы уәждемелік хатын

  • Қазақ немесе орыс тілінде жазылған көркем шығармасын (проза, өлең, публицистика). Мәтіннің көлемі – бос орындарымен 25 мың баспа таңбаға дейін.

  • Үміткердің шығармашылық түйіндемесін (жарияланымдары, шығармашылық жобаларға қатысқаны туралы мәлімет)

Өтінім хатты және оған қоса берілетін құжаттарды litshkola@gmail.com электронды мекенжайына жіберуді сұраймыз. Егер сіз өтінім нысанын сайттан жүктей алмасаңыз, поштамызға хабарласыңыз. Біз сізге бұл файлды электронды пошта арқылы жібереміз.

2021 ЖЫЛҒЫ СЕМИНАР ЖЕТЕКШІЛЕРІ:

КРИСТОФЕР МЕРРИЛЛ

Кристофер Мерриллдің жарияланымдары жеті поэзия жинағын құрайды, соның ішінде Американдық ақындар академиясының марапатына – Питер И. Б. Лаван атындағы жас ақындар сыйлығына – ие болған «Сигнал оты» (Watch Fire), көптеген редакторлық еткен еңбектері және аудармалары, сондай-ақ нон-фикшн жанрындағы алты кітап. Олардың арасынан үшеуін ерекше атап өтуге болады: 90-шы жылдардың бірінші жартысындағы Балкандағы қарулы қақтығыстар туралы «Тек шегелер ғана қалады» (Only the Nails Remain), автордың киелі Афон тауына саяхаты жайлы «Жасырын Құдайдың кереметтері» (Things of the Hidden God), өткенді шолу кітабы «Сәнталмен автопортретім» (Self-Portrait with Dogwood). Бұл кітапта ол өз өмірін ғана емес, әлемде болған маңызды оқиғаларды ой елегінен өткізеді.

Мерриллдің көркем шығармалары 40-қа жуық тілге аударылған. Сонымен қатар асқан дарынның арқасында ол журналистика саласында да көптеген жетістікке қол жеткізген. Ол Францияның Әдебиет және өнер орденінің иегері, Джон Саймон Гуггенхайм Мемориалдық қоры және Инграм Меррилл қорының шәкіртақы алушысы, аудармашылық шеберлігі үшін бірқатар сыйлықтардың иегері атанған.

2000 жылдан бері Меррилл Айова Университетінің Халықаралық жазушылар бағдарламасының директоры ретінде 50-ден астам елде мәдени дипломатияның миссияларын ұйымдастырған. 2011–2018 жылдары ол АҚШ-тың ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясында қызмет еткен. 2012 жылдың сәуір айында президент Барак Обама оны АҚШ-тың Гуманитарлық ғылымдарының консулдығындағы лауазымға тағайындаған.

НИНА МЮРРЕЙ

Нина Мюррей батыс украиналық Львов қаласында туып-өсті. Лингвистика және шығармашылық жазу саласындағы ғылыми дәреженің иегері.  «Алкеста о дүниеде» (Alcestis in the Underworld, 2019 жылы Circling Rivers Press баспасынан жарық көрген) атты өлеңдер жинағының, Minimize Considered (Finishing Line Press, 2018), Minor Heresies (Heartland Review Press, 2020) және Damascus Electric (Pen & Anvil Press, 2020) атты кітаптардың авторы. Оның орыс және украин тілдерінен аудармалары – Петр Алешковскийдің «Старгород» әңгімелер жинағы, Оксана Забужконың «Ұмытылған құпиялардың мұражайы» («Музей заброшенных cекретов») атты романы және Оксана Луцишинаның «Иван мен Феба» романы.

Орыс, украин, испан, литва, ағылшын тілдерін біледі.

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ:

АЛМАТЫДАҒЫ АҚШ БАС КОНСУЛДЫҒЫ

2009 жылдың желтоқсанында Америка Құрама Штаттары Алматыда Бас консулдығын ашты. Бас консулдықта Мемлекеттік департаменттің кеңселері (соның ішінде – консулдық, қоғаммен байланыс жөніндегі және саяси-экономикалық бөлімдер), АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID), Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC), Есірткіге қарсы күрес жөніндегі басқарма (DEA), АҚШ-тың Коммерциялық қызметі және Президенттің ЖИТС-тің алдын алу төтенше жоспары бойынша бағдарламасы (PEPFAR) орналасқан. Бұл Консулдық өңір Қазақстанның төрт оңтүстік аймағын (ОБЛЫСТАРЫН) қамтиды. Дегенмен, көптеген Консулдық агенттіктері мен секциялары Қазақстанда және Орталық Азияда кең өкілеттілікке ие.

Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы сауда, экономикалық даму, демократия мен басқару, гуманитарлық көмек, денсаулықты нығайту және сырқатқа қарсы күрес, есірткіге қарсы күрес және қоршаған ортаны қорғау сияқты екіжақты және аймақтық мәселелердің кең аясында жұмыс істейді. Сондай-ақ, Бас консулдық Қазақстандағы Американың азаматтарына және бизнестеріне қызметтерін көрсетеді.

CHEVRON КОМПАНИЯСЫ

Штаб-пәтері Сан-Рамон қаласында (Калифорния штаты) орналасқан Chevron корпорациясы –жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Еншілес кәсіпорындары дүние жүзінде жұмыс істейді. Компания энергия көздерін өңдеудің барлық салаларына: шикі мұнай мен табиғи газды барлауға, өндіруге және тасымалдауға, көлік отынын және басқа энергетика өнімдерін өңдеуге,  өткізуге және таратуға, мұнай-химия өнімдерін өндіруге және өткізуге, электр және геотермалды энергиясын өндіруге қатысады, сонымен қатар энергияны тиімді пайдалану саласындағы техникалық шешімдерді әзірлеумен, сондай-ақ болашақтың энергетика ресурстарын, соның ішінде биоотын меңгеру ісімен де айналысады. Қазақстанда Chevron қоғамды дамытуға бағытталған және мәдениет саласындағы жобаларға қолдау көрсетеді, 2021 жылдан бері олардың арасында Almaty Writers Residency де бар.

angime ӘДЕБИ журнал

Журналға атау болған – қазақ тілінің «әңгіме» сөзі. Осы бейнені негізге алып, Әңгіме әдеби және көркем шығармалардың арасында халықаралық, көптілді әрі алуан бағыттық диалог құруды мақсат етеді. Журналды Назарбаев Университетінің көпұлтты оқытушылар құрамы және тәуелсіз редакторлар редакциялайды. Әңгіме Қазақстандағы ерекше интеллектуалды және шығармашылық ортаның артықшылықтарын пайдалануда.

БІЗДІҢ КОМАНДАМЫЗ:

ВАЛЕРИЯ КРУТОВА, ҮЙЛЕСТІРУШІ

Прозашы. 1988 жылы дүниеге келген. Жоғары заңгерлік білімі бар. Ресейдегі СЭИП қоры ұйымдастырған Жас жазушылардың 18-ші және 19-шы форумдарына қатысушы. Шығармалары «Дружба народов», «Юность» журналдарында, «Дактиль», «Лиterraтура», «Формаслов» онлайн әдеби журналдарында, «Автограф» әдеби журналында, LiterraNova (2018) әдеби альманахында, «Дорога без конца» проза жинағында жарық көрген.

ЮРИЙ СЕРЕБРЯНСКИЙ, КЕҢЕСШІ

Жазушы, мәдениеттанушы. 1975 жылы Алма-Атада дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Польшадағы Ольштын қаласындағы Варминско-Мазурский университетін тамамдаған. Шығармалары «Простор», «Книголюб», «Дружба народов», «Знамя», «Новый мир», «Воздух», «День и ночь», «Новая юность», «Пролог», «Юность», Iowa Magazine, Barzakh, «Новая реальность», Polutona, «Лиterraтура», Promegalit, т.б. әдеби журналында жарық көрген. Липки қаласындағы Жас жазушылар форумына қатысып, 2010 және 2014 жылдары «шағын проза» аталымы бойынша «Русская премия» сыйлығының иегері атанған. 2017 жылғы АҚШ-тағы IWP халықаралық жазушылар резиденциясына қатысушы. Қазақстандағы поляк диаспорасының  Ałmatyński Kurier Polonijny журналының редакторы. «Лиterraтура» журналындағы проза бөлімінің меңгерушісі. Алматылық Ашық Әдебиет Мектебіндегі (ААӘМ) проза семинарының, Айова университетіндегі шығармашылық семинарлардың жетекшісі. Қазақ ПЕН-клубының мүшесі. Польшадағы Ольштын қаласындағы Варминско-Мазурский университетінде докторлық диссертациясын жазып жатыр.

ДИНА МАХМЕТОВА, АУДАРМАШЫ

Драматург, аудармашы. 2002 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын (Алматы)«театртану» мамандығы бойынша, 2005 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аударма факультетін тамамдаған. «Мусагет» қоғамдық қорының проза жазудың шеберлік сыныбына қатысушы (2003). Пьесалары «АРТиШОК» театры жобаларының аясында (Алматы, 2005 – 2006), АИТВ-позитивті адамдарды қоғамда кемсіту мәселесіне арналған «Статус Плюс» студиясының театр фестивалі шеңберінде (Ташкент, 2009) оқылды. Шығармалары Text Only (№ 28, 2009) онлайн журналында жарияланды.

АНТОН ПЛАТОНОВ, АУДАРМАШЫ

Аудармашы, зерттеуші, арт-менеджер.

СПбГУКИ-дің аударма бөлімін тамамдаған, аудармашы және жазушы Вера Резниктің шәкірті. 2015 – 2016 маусымындағы Алматылық Ашық Әдебиет Мектебінің поэзия семинарына қатысушы. Қазіргі прозаны ағылшын, испан, неміс тілдерінен аударады, битниктер поэзиясын, соның ішінде Грегори Корсо өлеңдерін зерттеп, аударады. Заманауи өнер және философия туралы мәтіндерді жазады және аударады. Аудармалары мен эсселері «Лиterraтура» электронды басылымында, Esquire журналында, Sygma басылымында, т.б. басылымдарда жарық көрген. «Иллюстрированный путеводитель по смыслам Алматы» жобасын жасаушылардың бірі және оның жетекшісі. Орта Азиядағы өнерге арналған ariadna.media порталының бас редакторы. Әдеби аударманың лабораториясын жасаушылардың бірі және оның жетекшісі (бұл жоба Қазақстандағы АҚШ миссиясының қолдауымен жүзеге асырылады). Алматыда тұрады.

2021 резиденция амбассадорЫ:

дана канафина

Прозашы. 2000 жылы Петропавл қаласында дүниеге келіп, Алматыда өскен. 2017 жылы жас жазушыларға арналған Алматылық Ашық Әдебиет Мектебінің жазғы бағдарламасына қатысқан. 2019 жылы Айова университетінің InternationalWriting Program аясындағы Between The Lines бағдарламасының курсын бітірген. ААӘМ-дағы проза семинарының бірінші курсын бітіріп, басқа түлектерімен бірге «Лиterraтура» журналында жазушылық жолын бастаған. GoViral шеңберіндегі Анна Полонийдің семинарларында, Youth Included аясындағы Анна Рудницкаяның шеберлік сыныптарында білім алған. Қазіргі таңда университетте оқи отырып, фрилансер журналист ретінде жұмыс істейді.

2021 ЖЫЛҒЫ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ:

ЕВГЕНИЙ АБДУЛЛАЕВ

Өзбекстанда тұратын орыс ақыны, прозашысы және сыншысы. Сыни мақалаларын өз атымен, ал өлеңдерін мен прозасын Сухбат Афлатуни деген лақап атпен жариялайды. Балалық шағын Наманғанда өткізді, 1978 жылдан бері Ташкентте тұрады. Ташкент мемлекеттік университетінің философия факультетін тамамдаған (1993). Шығармалары «Арион», «Дружба народов», «Звезда Востока», «Знамя», «Иерусалимский журнал», «Новая Юность», «Октябрь» журналдарында, «Малый шёлковый путь» (Ташкент – Мәскеу, 1999 – 2005) және «Интерпоэзия» (Нью-Йорк – Мәскеу, 2005) альманахтарында жарық көрген. «Октябрь» журналының сыйлығының (2004, 2006), «Русская премия» сыйлығының (2005), «Триумф» жастар сыйлығының (2006) иегері. Кітаптары: «Псалмы и наброски» өлеңдер кітабы (Мәскеу: Р. Элинина баспасы, 2003), «Пейзаж с отрезанным ухом» (Мәскеу: Р. Элинина баспасы, 2008), «Ташкентский роман» (СПб: Амфора, 2006), «+39» (2011), «Поклонение волхвов» (2015), «Муравьиный царь» (2016). 2006 жылдан бері «Звезда Востока» журналының редакция алқасының мүшесі; 2008 жылы «Дружба народов» журналының редакция кеңесіне енген. Ташкент Православие діни семинариясында философия және логикадан, ежелгі грек пен латын тілдерінен сабақ береді. Орыс православие шіркеуінің Ташкент епархиясындағы «Восток Свыше» журналының бас редакторы (Орта Азиядағы Митрополит округі).

АРДАҚ НҰРҒАЗЫ

Ақын, прозашы, әдеби сыншы. Қазақстанда 1991 жылдан бері тұрып, шығармаларын жариялап келеді. 2006 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде журналист болып жұмыс істеген. 2006 – 2008 жылдары «Шетел әдебиеті» газетінің бас редакторы болған. 2008 жылы «Жалын» журналында редактор, 2009 – 2015 жылдары «Алматы ақшамы» газетінде журналист болып істеген. 2017 – 2019 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрындағы баспасөз қызметінде менеджер болып  істеген. «Жалған бостандық кітабы» (2009), «Арақұс»  (қытай және қазақ тілдерінде), «Дәлдік һәм тұнықтық» (ағылшын, қытай және қазақ тілдерінде, 2014), A Garden of Trees and Other Poems (2016), Pebbles, Eggs and the Fence: A Collection of Poetry from Central Asia (2020, Австралиядағы Puncher & Wattmann баспасы), «Таным мен талғам» (2018) кітаптарының, «Сызықтар мен нүктелер» әңгімелер жинағының, «Қазақтың модернистік поэзиясы» сын еңбегінің авторы (2010). «Мен, мен ешкім де емеспін» пьесасымен «Рух» халықаралық әдеби байқауында «Үздік драматургия» аталымы бойынша бірінші орын алған.

АЛИНА ГАТИНА

Прозашы, әдеби редактор, әдеби курстардың оқытушысы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және политология факультетін және А.М.Горький атындағы Әдебиет институтының сыртқы бөлімін (Олег Павловтың проза семинарын) тамамдаған. 2005 – 2007 жылдары «Shahar-Культура» журналында әдеби редактор, содан кейін жауапты редактор болып жұмыс істеген. 2019 жылғы «Таврида» арт-фестивалінің Әдеби ауысымына қатысушы. 2021 жылғы 20-шы Халықаралық Ресей, ТМД елдері және шетел елдері жас жазушыларының форумына қатысушы. Шығармалары «Дружба народов» журналында жарияланып келеді. «Кебін. Екінші тыныс» («Саван. Второе дыхание») романы үшін ҚР Тұңғыш Президенті Қорының «Алтын Тобылғы – 2018» әдеби сыйлығының иегері. «Нимфалидтер» («Нимфалиды») романымен А.С. Пушкин атындағы «Лицей – 2020» әдеби сыйлығының финалисті атанды. «Нимфалидтер» романы үшін 2020 жылғы «Аргументы и факты» баспа үйінің «Слова на вес золота» медалінің иегері. «Жан және шөл» («Душа и пустыня») повесі және басқа әңгімелері үшін 2021 жылғы «ФИКШН35» әдеби сыйлығының иегері. Алматыда тұрады, әдеби курстарда сабақ береді.

ОРАЛ АРУКЕНОВА

Прозашы, ақын, әдебиеттанушы, аудармашы. Қазақша және орысша жазады. Қарағанды облысының Ақадыр ауылында дүниеге келген. Шетел тілдері институтын (Алматы, Қазақстан), Гамбургтегі (Германия) менеджмент мектебін тамамдаған. Он бес жыл бойы халықаралық компаниялар және трансұлттық корпорацияларда басқарушылық лауазымдарды иеленген. Алматыда тұрады. 2015 жылы көркем прозаны жаза бастады және кәсіби саласын толығымен өзгертті. Қазіргі уақытта М. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан), докторантурада оқып жатыр. Шығармалары LiterraNOVA альманахында, Қазақстандағы «Әдебиет» порталында, «Эсквайр», «Тамыр», «Простор», «Нева» (Ресей), Za-Za Verlag (Германия) журналдарында, қазіргі қазақстандық проза жинақтарында жарияланып келеді. Прозасы және өлеңдері неміс, ағылшын тілдеріне аударылған. 2018 жылы Meloman Publishing  баспасынан жарық көрген тұңғыш кітабы «Нефтянка ережелері» («Правила нефтянки») «Алтын қалам» тәуелсіз әдеби байқауында «Жылдың әдеби дебюті» аталымы бойынша марапатталды.

АЛМАТЫ – ҚАЛАНЫҢ ӘДЕБИ ТАРИХЫ:

Баяғыда Верный және Алма-Ата деп аталған Қазақстан Республикасының бұрынғы астанасы еліміздің мәдени орталығы болып қала береді. Әртүрлі мәдениеттердің тоғысатын жері Алматы қаласының әдеби тарихы өте бай. Осында Қазақстанның марқасқа жазушылары мен ақындары шабыттана жұмыс істеген. Олардың қаламынан Алматының әдеби бейнесі туындаған. Жазушылар одағының көрнекті ғимараты, Мұхтар Әуезовтың мұражай үйі, Абай, Жамбыл, Герольд Бельгер ескерткіштері, жазушылардың үйлеріне орнатылған естелік тақтайшалар – осының барлығы қаланың әдеби тарихының ажырамас бөлігі. Қазіргі таңда Алматының әдеби тарихын заманауи авторлар жазып жатыр.