OLSHA

Almaty Writing Residency – бұл Ольга Маркова атындағы Алматылық ашық әдебиет мектебі (ААӘМ) мен танымал американдық IWP International Writing Program бағдарламасының халықаралық жобасы. 2021 жылдан бастап, Қазақстандағы Бірінші жазушылар резиденциясы қазақстандық ақын-жазушылар мен алыс және жақын шетел елдерінің авторлары үшін елеулі жыл сайынғы оқиғаға айналып кетті.

ALmaty writING residency - iwp international writers program

Almaty Writing Residency – бұл ААӘМ және танымал АҚШ-тағы IWP жазушылар резиденциясының бірлескен халықаралық жобасы.

IWP-ді 1967 жылы Пол Энгл және Хуалинг Ние Энгл Айова жазушылары шеберханасы үлгісінде халықаралық бейакадемиялық бағдарлама ретінде құрды. 2014 жылдан бері бұл бағдарлама әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын жазушылар мен ақындарға курстарды ұсынып келеді. Құрылған кезден бастап IWP курстарына 150-ден аса елден 1500-ден астам танымал және шығармашылығын жаңа бастап жүрген ақын, романист, драматург, эссеист пен журналист қатысты. Жобаның негізгі мақсаты – дарынды жазушыларды Айова Университетінің қаламгерлер қауымымен таныстырып, олардың шығармашылық жұмысына белгілі бір уақытқа оңтайлы жағдай жасау. 2000 жылдан бері IWP-ді ақын әрі журналист Кристофер Меррилл басқарып келеді.

ЖАЗУШЫЛАР РЕЗИДЕНЦИЯСЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Шығармашылық ортаға сіңісіп кету үшін Резиденцияға қатысушылар бір апта бойы бірге тұратын болады. Туындыларын ортаға салып, әдебиетке қатысты мәселелерді талқылап, шығармашылық кездесулер мен көпшілік іс-шараларға қатысып, қала ішіне және сыртына саяхат жасайтын болады. Резиденцияға конкурстық іріктеуден өткен авторлар қатыса алады. Байқауға қатысуға танымал драматургтер, прозашылар мен ақындар, сондай-ақ шығармашылығын жаңа бастап жүрген жазушылар шақырылады. Тәжірибелі авторларға артықшылық беріледі. Резиденция іс-шаралары үш тілде – ағылшынша, қазақша, орысша аудармашылардың қатысуымен өтеді. Іріктеуден өткен қатысушылардың Алматыға дейінгі және кері қайтқандағы жол шығындары, тұрғын үй-жай жалдау жөніндегі шығындары өтеледі. Авторларға қойылатын негізгі талап – резиденция іс-шараларына белсенді қатысуы.

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ:

АЛМАТЫДАҒЫ АҚШ БАС КОНСУЛДЫҒЫ

2009 жылдың желтоқсанында Америка Құрама Штаттары Алматыда Бас консулдығын ашты. Бас консулдықта Мемлекеттік департаменттің кеңселері (соның ішінде – консулдық, қоғаммен байланыс жөніндегі және саяси-экономикалық бөлімдер), АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID), Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC), Есірткіге қарсы күрес жөніндегі басқарма (DEA), АҚШ-тың Коммерциялық қызметі және Президенттің ЖИТС-тің алдын алу төтенше жоспары бойынша бағдарламасы (PEPFAR) орналасқан. Бұл Консулдық өңір Қазақстанның төрт оңтүстік аймағын (ОБЛЫСТАРЫН) қамтиды. Дегенмен, көптеген Консулдық агенттіктері мен секциялары Қазақстанда және Орталық Азияда кең өкілеттілікке ие.

Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы сауда, экономикалық даму, демократия мен басқару, гуманитарлық көмек, денсаулықты нығайту және сырқатқа қарсы күрес, есірткіге қарсы күрес және қоршаған ортаны қорғау сияқты екіжақты және аймақтық мәселелердің кең аясында жұмыс істейді. Сондай-ақ, Бас консулдық Қазақстандағы Американың азаматтарына және бизнестеріне қызметтерін көрсетеді.

CHEVRON КОМПАНИЯСЫ

Штаб-пәтері Сан-Рамон қаласында (Калифорния штаты) орналасқан Chevron корпорациясы –жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Еншілес кәсіпорындары дүние жүзінде жұмыс істейді. Компания энергия көздерін өңдеудің барлық салаларына: шикі мұнай мен табиғи газды барлауға, өндіруге және тасымалдауға, көлік отынын және басқа энергетика өнімдерін өңдеуге,  өткізуге және таратуға, мұнай-химия өнімдерін өндіруге және өткізуге, электр және геотермалды энергиясын өндіруге қатысады, сонымен қатар энергияны тиімді пайдалану саласындағы техникалық шешімдерді әзірлеумен, сондай-ақ болашақтың энергетика ресурстарын, соның ішінде биоотын меңгеру ісімен де айналысады. Қазақстанда Chevron қоғамды дамытуға бағытталған және мәдениет саласындағы жобаларға қолдау көрсетеді, 2021 жылдан бері олардың арасында Almaty Writers Residency де бар.

ALMATY WRITING RESIDENCY 2025 Қонақ:

СОННЕТ МОНДАЛ

Ағылшын тілінде жазатын үнді ақыны. Калькуттада тұрады. An Afternoon in My Mind (Copper Coin 2022/Bite-Sized Books, U.K.), Karmic Chanting (Copper Coin 2018) және Ink and Line (Dhauli Books 2018) және тағы бес поэзия кітабының авторы. Македония, Ирландия, Түркия, Никарагуа, Шри-Ланка, Германия, Венгрия, Словакия, Италия, Украина, Мадагаскар, Ирландия және Оңтүстік Африка елдеріндегі поэзия фестивальдеріне қатысқан. Оның мәтіндері Еуропада, Солтүстік Америкада, Азияда және Австралияда жарияланған. Бірнеше әдеби марапаттардың иегері, соның ішінде Gayatri Gamarsh Memorial Award сыйлығын, 2023 жылы Godyoo Podyo Probondho Award сыйлығын алған, 2020 жылы Тагор әдеби сыйлығының (Tagore Literary Prize) қысқа тізіміне енгізілген. Өлеңдері Harper’s Bazaar, Virginia Quarterly Review, Stand Magazine, Words Without Borders, Singing in the Dark (Penguin Random House), Luvina magazine (University of Guadalajara, Mexico), La Otra (University of Mexico), Indian Literature (Sahitya Akademi), Stand magazine, Poetry Salzburg Review (University of Salzburg), and Mascara Literary Review және басқа да журналдарда жарияланған.  

2014-2016 жж. Айова университетінің Silk Routes халықаралық жазушылық бағдарламасы жобасы авторларының бірі. Chair Poetry Evenings халықаралық фестивалінің негізін қалаушы және директоры, Lyrikline (Haus für Poesie, Берлин) үнді бөлімінің редакторы және Enchanting Verses Literary Review басылымының редакторы. Ол Poetry at Sangam (Үндістан) және Words Without Borders (Нью-Йорк) газеттерінің шақырылған редакторы болды. Мәтіндері хинди, итальян, қытай, түрік, словак, македон, словен, венгр, араб және орыс тілдерін қоса алғанда, жиырмадан астам тілге аударылған.

 

 

ОҚИҒАЛАР:

Almaty Writing Residency/ОЛША ұсынады:
Соннет Мондалдың «Сүйіктілер жоғалған кезде» өлеңдер кітабының презентациясы.
2025 жылғы 24 қазан, American Space and Makerspace Almaty алаңында. Басталуы 17:00-де
Мекенжайы: Байзақов көшесі, 280.
Кітап 2025 жылы Қазақстанда Ugar.kz сериясында жарық көрді.
Презентацияға аудармашылар Мария Малиновская (сырттай), Мейржан Құрманов, Антон Платонов, сондай-ақ кітаптың редакторы Владимир Коркунов қатысады.

ALMATY WRITING RESIDENCY 2025:

Биылғы резиденция тақырыбы: Жаһандық контекстегі қазақстандық драматургия: даму бағыттары мен өзекті мәселелері.

2025 жылы AWR драматургтердің бірлескен шығармашылығы, тәжірибе алмасуы және мәдени ынтымақтастығының бірегей алаңына айналды.
Бағдарлама аясында қазақстандық әдебиет пен театр үдерісін дамытуға бағытталған қонақ дәрістер, көпшілік оқылымдар, панельдік пікірталастар және тәуелсіз театрлардың режиссерлерімен кездесулер өткізілді. Барлық іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне ілеспе аудармамен өтті.

Резиденция күнтізбесі
  • Open call жариялау, өтінімдер қабылдаудың басталуы – 2025 жылғы 21 мамыр ​
  • Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы – 2025 жылғы 20 тамыз
  • Қатысушылардың есімдерін жариялау – 2025 жылғы 27 тамыз
  • Резиденцияның басталуы – 2025 жылғы 06 қазан
  • Резиденция аяқталуы – 2025 жылғы 10 қазан
Резиденция күнтізбесі

Резиденцияның ашылуы. AWR-25 қатысушыларымен танысу. Қазақстандағы театр ландшафты.

Спикерлер:

  • Бақыт Жалиева
  • Инна Семененко
  • Ақмарал Айтбаева
  • Аманжол Қазыбек
  • Александр Если
  • Данияр Сугралинов
  • Галина Пьянова
  • Наталья Дубс
  • Айнұр Төлеу (онлайн)

 

Өтетін орны: ARTиШОК театрының Кіші сахнасы
Мекенжайы: Қонаев көшесі, 49

Қазақстан театрлары мен драматургтері үшін қандай жаһандық мүмкіндіктер бар? Қазақстандық қойылымдардышетелдегі фестивальдерге іріктеу. Қазақстан пьесаларының халықаралық драматургия байқауларына қатысуы.

Спикерлер:

  • Liisa Luksor, театр продюсері, «Бостандық фестивалінің» кураторы (Эстония)
  • Ольга Малышева, драматург, театр шолушысы, «Оля ведет в театр» telegram-арнасының авторы
  • Мәншүк Дайрабаева, драматург

Өтетін орны: American Space & Makerspace AlmatyМекенжайы: Байзақов көшесі, 280

Драматургиялық мәтінмен жұмыс: авторлық әдіс. Мемлекеттік театрларда қойылатын пьесалар қалай іріктеледі?

Спикерлер:

  • Нурайна Сатпаева, драматург
  • Фархад Молдағали, Ғ. Мүсірепов атындағы театрдың көркемдік жетекшісі / Заманауи драматургиямен жұмыс істеудің әдістері / Театр саясаты

Өтетін орны: American Space & Makerspace AlmatyМекенжайы: Байзақов көшесі, 280

Скотт Брэдли. Драматургпен шығармашылық кездесу: жұмыс әдістері, америкалық драматургиядағы үрдістер.

Спикер:

  • Скотт Брэдли, АҚШ-тағы театр жобаларын жасаушы, продюсер, драматург

Өтетін орны: American Space & Makerspace AlmatyМекенжайы: Байзақов көшесі, 280

Театрлар VS Драматургтер. Қазіргі қазақстандық театр заманауи отандық драматургияға неге аса мүдделі емес және бұл жағдайды қалай өзгертуге болады?

Тәуелсіз режиссерлер, театр менеджерлері және драматургтердің қатысуымен өтетін пікірталас.

Спикерлер:

  • Дина Жұмабаева, тәуелсіз режиссер
  • Әннәс Бағдат, театр менеджері, Alqa зертханасы мен ArtKoshe театрының негізін салушы
  • Анастасия Тарасова, ARTиШОК театрының директоры
  • Марк Куклин, тәуелсіз режиссер, перформер

Өтетін орны: American Space & Makerspace AlmatyМекенжайы: Байзақов көшесі, 280

Ұйымдастыру тобы:

Юрий Серебрянский, директор

Жазушы, мәдениеттанушы, PhD докторы. 1975 жылы Алматыда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және Польшаның Ольштын қаласындағы Варминьско-Мазур университетін тамамдаған. Шығармалары «Простор», «Книголюб», «Дружба народов», «Знамя», «Новый мир», «Воздух», «День и ночь», «Новая юность», «Пролог», «Юность», Iowa Magazine, Barzakh, «Новая реальность», Polutona, «Лиterraтура», Promegalit әдеби журналдарында жарияланған. Липки қаласындағы Жас жазушылар форумына, 2010 және 2014 жылы «Русская премия» әдеби сыйлығының «шағын проза» номинациясындағы иегері, «Алтын қалам» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпазы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері. АҚШ-тағы IWP-2017 Халықаралық жазушылар резиденциясының қатысушысы. Қазақстандағы поляк диаспорасының Ałmatyński Kurier Polonijny журналының редакторы. «Лиterraтура» журналының проза бөлімінің редакторы болған. Алматы Ашық Әдебиет Мектебінде (ААӘМ) проза семинарын, Айова университетінде IWP бағдарламасының шығармашылық семинарларын өткізген. Қазақ ПЕН-клубының вице-президенті.

альмира исмаилова, ҮЙЛЕСТІРУШІ

Драматург, «Драма.KZ» заманауи қазақстандық драматургия фестивалінің кураторы (2019, 2020), «Дактиль» онлайн журналының «Драматургия» бөлімінің редакторы, деректі кино режиссёрі. Екатеринбург Мемлекеттік театр институтында (Н. Коляданың шеберханасында) «Әдеби шығармашылық» мамандығы бойынша білім алған. Алматы Ашық әдебиет мектебінің (ААӘМ) театр драматургиясы мен кинодраматургия курсын, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кинодраматургия негіздері» курсын, Олжас Жанайдаровтың заманауи драматургия лабораториясын бітірген. «Ним-2018» драматургия фестивалінің лонг-лист тізіміне енген. «Два дня театра» («Театрдың екі күні») мен «Драмарафон» қалалық жобаларының қатысушысы. ARTMEKEN галереясында өткен #цензурасыз жобасына «Куль-тягин» пьесасымен қатысқан. La Boheme театр-кафесінде өткен «Рентген» мен «Тульповод дяди Коли» пьесаларының оқылымына продюсерлік еткен. 2024 жылы «Залипушка» пьесасы Любимовка фестивалінің «Іріктеушілердің назарын аудартқан» шығармалардың тізіміне еніп, 2025 жылы Театре.doc-та өткен Жас драматургия фестивалінде оқылған. Drama.lab лабораториясында жазылған «Потерянная дочь» («Жоғалған қыз») перформансы 2025 жылы Эстониядағы Нарва қаласында өтетін Еркіндік фестиваліне қатысып жатыр. ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросы ұйымдастырған Орталық Азиядағы сценарий жазу шеберлігінің лабораториясына (CASL) қатысушы. Internews жанындағы Деректі кино мектебінің түлегі. «Ыстық жер» дебюттік толықметражды фильмін түсіріп жатыр.

 

алена тимофеева, іс-шаралардың үйлестірушісі

Прозашы, публицист, театр шолушысы. Алматы Ашық Әдебиет Мектебінің үш курсын бітірген. Айова Университетіндегі Халықаралық Жазушылар бағдарламасының, Almaty Writing Residency-2022 аясындағы әдеби аудармашылар семинарының қатысушысы. Ресей, Қазақстан және Қырғызстан жас жазушыларының форумына қатысушы (2021). Қазақстандық әдебиетіне арналған The Alma Review блогының бас редакторы. Шығармалары «Дактиль», «Полутона», «Формаслов», «Четырёхлистник», «Angime» журналдарында, «Артикуляция» мен «LiterraNova» альманахтарында жарияланған. 2022 жылғы «Qalamdas» әдеби сыйлығының шорт-лист тізіміне енген. Orda.kz, Forbes, Esquire, Manshuq, т.б. платформаларында журналист қызметін атқарып отыр.

 

Дина Махметова, АУДАРМАШЫ

Драматург, театртанушы, аудармашы. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «театртану» мамандығы бойынша, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аударма ісі мамандығы бойынша тамамдаған. «Мусагет» қоғамдық қорының жазушылық шеберлік курсына қатысушы. Пьесаларының оқылымдары «ARTиШОК» театрында (Алматы, 2005 – 2006 жылдары), «Статус Плюс» студиясының ұйымдастыруымен «Ильхом» театрындағы фестивальде (Ташкент, 2009) өткен. Алматы ашық әдебиет мектебінде театр және кинодраматургия семинарын, жастар әдебиеті шеберханаларын жүргізеді. Шығармалары Text Only онлайн журналында, Literra Nova әдеби альманахында жарияланған.

антон платонов, АУДАРМАШЫ

Аудармашы, зерттеуші, арт-менеджер. СПбГУКИ-дің аударма бөлімін тамамдаған, аудармашы әрі жазушы Вера Резниктің шәкірті. 2015 – 2016 маусымындағы Алматы ашық әдебиет мектебінің поэзия семинарына қатысушы. Ағылшын, испан, неміс тілдерінен заманауи проза аударады, битниктер поэзиясын, соның ішінде Грегори Корсо өлеңдерін зерттеп, аударады. Заманауи өнер мен философия туралы мәтіндер жазып, аударады. Аудармалары мен эсселері «Лиterraтура» электронды басылымында, Esquire журналында, Sygma басылымында жарияланған. «Иллюстрированный путеводитель по смыслам Алматы» жобасын жасаушылардың бірі және оның жетекшісі. Орталық Азияның өнеріне арналған ariadna.media порталының бас редакторы. Әдеби аударма лабораториясының негізін салушылардың бірі және оның жетекшісі (бұл жоба Қазақстандағы АҚШ Миссиясының қолдауымен жүзеге асып жатыр). Алматыда тұрады.

 

валерия крутова, ҮЙЛЕСТІРУШІ

Прозашы. Алматы Ашық Әдебиет Мектебінің және Орта Азиядағы алғашқы жазушылар резиденциясы Almaty Writing Residency-дің үйлестірушісі. «Дактиль» әдеби журналының кітап сериясымен басылып шыққан «Наверность» әңгімелер жинағының авторы. Әңгімелері қазақ, ағылшын, неміс тілдеріне аударылған.

The Alma Review — резиденцияның ресми медиасы.

Бұл блогтың миссиясы – жаңа шығармаларға рецензия жазып, авторлардан сұхбат алып, жақсы жаңалықтарды бөлісе отырып, әдебиетті насихаттау.

Дактиль — резиденцияның ресми медиасы.

«Дактиль» — Қазақстан әдебиетінің кеңістігін кеңейтуді мақсат тұтатын журнал. Біз қазақ және орыс тіліндегі мәтіндерді жариялаймыз.

Культурная удАлёнка - резиденцияның ресми медиасы

«Культурная удАлёнка» – Алматы мен Қазақстанның шығармашылық өміріне арналған телеграм арнасы. Қойылымдарға, кітаптарға, көрмелерге шолу, сондай-ақ автордың өнер саласы туралы ой-толғаулары. Мәдениет әлемінің жаңалықтары.

Оля ведет в театр — резиденцияның ресми медиасы

«Оля ведет в театр» – Алматы, Қазақстан мен Орталық Азияның театрлары туралы (сондай-ақ театр қойылымдарын көру үшін канал авторы барған елдердің театрлары жайлы) субъективті медиа. Каналды Ольга Малышева ойлап тапқан, ол Қазақстанның мемлекеттік және тәуелсіз театрларында сахналанып жатқан пьесалардың авторы; он жылдан астам театрға ғашық болып жүрген театр шолушысы; қаламыз бен еліміздің театр ландшафтын қалыптастыруға үлесін қосып жүрген продюсер.

ORDA — резиденцияның ресми медиасы.

Aқпараттық-талдамалық порталы

Almaty Writing Residency Ресми каталогы

Әдебиетке қолдау көрсету – бұл қаражат пен еңбектің ұзақ мерзімді жұмсалуын қажет ететін үдеріс болғанымен, кейбір нәтижелерін қазір де көруге болады: қатысушылардың жаңа шығармалары жарық көріп отыр, қазақстандық әдебиет туралы мақалалар шығып жатыр, Резиденция әдеби үдерістің бір бөлігіне мен біздің сүйікті қаламыздың мәдени ландшафтының ерекшелігіне айналып барады. Бұл AWR-дің жазушыларға қажетті іс-шара болғанын, өз орнымызды тапқанымызды көрсетеді. AWR Қазақстан үшін бірегей бағдарлама.

Ольга Маркова атындағы Алматы ашық әдеби мектебі мен Almaty Writing Residency 2023 жылдың қонағы – белгілі үнді ақыны Сонет Мондалды Алматыда қарсы алады.

29.09.– 04.10.23 аралығында ақын қазақстандық әдеби аудармашыларға арналған AWR семинарына қатысты, семинар жұмысының нәтижесінде Сонет Мондалдың қазақ және орыс тілдеріне аударылған өлеңдері жарияланады.

03.10.23 American Space and Maker Space Almaty-да өткен Соннет Мондалмен ашық шығармашылық кездесу.

Кристофер Мерриллдің онлайн дәрісі. Субтитрлер қаз. рус.

2021 жылдың 19 шілдесінде  Almaty Writing Residency резиденция бағдарламасының аясында «Қазақстандық авторлар үшін АҚШ пен Ұлыбританияда шығармаларды жариялау мүмкіндіктері» атты онлайн семинар өтті. Толығырақ…

20.08.2021 — Almaty Writing Residency 2021 – биылғы резиденцияға қатысушылар тізімі

МАТЕРИАЛДАР:

АЛМАТЫ – ҚАЛАНЫҢ ӘДЕБИ ТАРИХЫ:

Бұрын Верный, кейін Алма-Ата деп аталған Қазақстан Республикасының бұрынғы астанасы еліміздің мәдени орталығы болды және бола бермек. Көптеген мәдениеттерді тоғыстыратын қаланың әдебиеті тарихы өте бай. Мұнда Қазақстанның ірі жазушылары мен ақындары тұрған. Кейбіреулері бұл қаланы өз шығармаларында суреттеген. Жазушылар одағының көрнекті ғимараты, Мұхтар Әуезовтың мұражай үйі, Абай, Жамбыл, Герольд Бельгер ескерткіштері, жазушылардың үйлеріне орнатылған ескерткіш тақталар –мұның барлығы қаланың әдебиеті тарихының ажырамас бөлігі. Қазіргі таңда Алматының әдебиеті тарихы заманауи авторлардың кітаптарында жазылуда.