Almaty Writing Residency – бұл Ольга Маркова атындағы Алматылық ашық әдебиет мектебі (ААӘМ) мен танымал американдық IWP International Writing Program бағдарламасының халықаралық жобасы. 2021 жылдан бастап, Қазақстандағы Бірінші жазушылар резиденциясы қазақстандық ақын-жазушылар мен алыс және жақын шетел елдерінің авторлары үшін елеулі жыл сайынғы оқиғаға айналып кетті.
ALmaty writING residency - iwp international writers program
Almaty Writing Residency – бұл ААӘМ және танымал АҚШ-тағы IWP жазушылар резиденциясының бірлескен халықаралық жобасы.
IWP-ді 1967 жылы Пол Энгл және Хуалинг Ние Энгл Айова жазушылары шеберханасы үлгісінде халықаралық бейакадемиялық бағдарлама ретінде құрды. 2014 жылдан бері бұл бағдарлама әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын жазушылар мен ақындарға курстарды ұсынып келеді. Құрылған кезден бастап IWP курстарына 150-ден аса елден 1500-ден астам танымал және шығармашылығын жаңа бастап жүрген ақын, романист, драматург, эссеист пен журналист қатысты. Жобаның негізгі мақсаты – дарынды жазушыларды Айова Университетінің қаламгерлер қауымымен таныстырып, олардың шығармашылық жұмысына белгілі бір уақытқа оңтайлы жағдай жасау. 2000 жылдан бері IWP-ді ақын әрі журналист Кристофер Меррилл басқарып келеді.
ЖАЗУШЫЛАР РЕЗИДЕНЦИЯСЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Шығармашылық ортаға сіңісіп кету үшін Резиденцияға қатысушылар бір апта бойы бірге тұратын болады. Туындыларын ортаға салып, әдебиетке қатысты мәселелерді талқылап, шығармашылық кездесулер мен көпшілік іс-шараларға қатысып, қала ішіне және сыртына саяхат жасайтын болады. Резиденцияға конкурстық іріктеуден өткен авторлар қатыса алады. Байқауға қатысуға танымал драматургтер, прозашылар мен ақындар, сондай-ақ шығармашылығын жаңа бастап жүрген жазушылар шақырылады. Тәжірибелі авторларға артықшылық беріледі. Резиденция іс-шаралары үш тілде – ағылшынша, қазақша, орысша аудармашылардың қатысуымен өтеді. Іріктеуден өткен қатысушылардың Алматыға дейінгі және кері қайтқандағы жол шығындары, тұрғын үй-жай жалдау жөніндегі шығындары өтеледі. Авторларға қойылатын негізгі талап – резиденция іс-шараларына белсенді қатысуы.
2025 жылы AWR драматургтердің бірлескен шығармашылығы, тәжірибе алмасуы мен мәдени ынтымақтастығының бірегей алаңына айналады.
Бағдарлама аясында қазақстандық әдебиет пен театр процесін дамытуға бағытталған қонақ дәрістері, көпшілік оқылымдар, панельді пікірталастар мен тәуелсіз театрлардың режиссерлерімен кездесулер жоспарланған. Барлық іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аудармамен өтеді.
Эссе тақырыптары:
Резиденцияның ашылуы. AWR-25 қатысушыларымен танысу. Қазақстандағы театр ландшафты.
Спикерлер:
Өтетін орны: ARTиШОК театрының Кіші сахнасы
Мекенжайы: Қонаев көшесі, 49
Қазақстан театрлары мен драматургтері үшін қандай жаһандық мүмкіндіктер бар? Қазақстандық қойылымдардышетелдегі фестивальдерге іріктеу. Қазақстан пьесаларының халықаралық драматургия байқауларына қатысуы.
Спикерлер:
Өтетін орны: American Space & Makerspace AlmatyМекенжайы: Байзақов көшесі, 280
Драматургиялық мәтінмен жұмыс: авторлық әдіс. Мемлекеттік театрларда қойылатын пьесалар қалай іріктеледі?
Спикерлер:
Өтетін орны: American Space & Makerspace AlmatyМекенжайы: Байзақов көшесі, 280
Скотт Брэдли. Драматургпен шығармашылық кездесу: жұмыс әдістері, америкалық драматургиядағы үрдістер.
Спикер:
Өтетін орны: American Space & Makerspace AlmatyМекенжайы: Байзақов көшесі, 280
Театрлар VS Драматургтер. Қазіргі қазақстандық театр заманауи отандық драматургияға неге аса мүдделі емес және бұл жағдайды қалай өзгертуге болады?
Тәуелсіз режиссерлер, театр менеджерлері және драматургтердің қатысуымен өтетін пікірталас.
Спикерлер:
Өтетін орны: American Space & Makerspace AlmatyМекенжайы: Байзақов көшесі, 280
БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ:
2009 жылдың желтоқсанында Америка Құрама Штаттары Алматыда Бас консулдығын ашты. Бас консулдықта Мемлекеттік департаменттің кеңселері (соның ішінде – консулдық, қоғаммен байланыс жөніндегі және саяси-экономикалық бөлімдер), АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID), Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC), Есірткіге қарсы күрес жөніндегі басқарма (DEA), АҚШ-тың Коммерциялық қызметі және Президенттің ЖИТС-тің алдын алу төтенше жоспары бойынша бағдарламасы (PEPFAR) орналасқан. Бұл Консулдық өңір Қазақстанның төрт оңтүстік аймағын (ОБЛЫСТАРЫН) қамтиды. Дегенмен, көптеген Консулдық агенттіктері мен секциялары Қазақстанда және Орталық Азияда кең өкілеттілікке ие.
Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы сауда, экономикалық даму, демократия мен басқару, гуманитарлық көмек, денсаулықты нығайту және сырқатқа қарсы күрес, есірткіге қарсы күрес және қоршаған ортаны қорғау сияқты екіжақты және аймақтық мәселелердің кең аясында жұмыс істейді. Сондай-ақ, Бас консулдық Қазақстандағы Американың азаматтарына және бизнестеріне қызметтерін көрсетеді.
Штаб-пәтері Сан-Рамон қаласында (Калифорния штаты) орналасқан Chevron корпорациясы –жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Еншілес кәсіпорындары дүние жүзінде жұмыс істейді. Компания энергия көздерін өңдеудің барлық салаларына: шикі мұнай мен табиғи газды барлауға, өндіруге және тасымалдауға, көлік отынын және басқа энергетика өнімдерін өңдеуге, өткізуге және таратуға, мұнай-химия өнімдерін өндіруге және өткізуге, электр және геотермалды энергиясын өндіруге қатысады, сонымен қатар энергияны тиімді пайдалану саласындағы техникалық шешімдерді әзірлеумен, сондай-ақ болашақтың энергетика ресурстарын, соның ішінде биоотын меңгеру ісімен де айналысады. Қазақстанда Chevron қоғамды дамытуға бағытталған және мәдениет саласындағы жобаларға қолдау көрсетеді, 2021 жылдан бері олардың арасында Almaty Writers Residency де бар.
2025 жылғы Қонақтар:
Скотт Брэдли — театр жобаларын жасаушы (theatremaker), продюсер әрі жазушы. The Scooty & JoJo Show жобасын құрушылардыңбірі болып, ол Чикаго қаласында ұзақ жылдар бойы сахнадан түспей келе жатқан Alien Queen және Carpenters Halloween сияқты «культ» мюзиклдерді қойып, сыншылар жоғары бағалаған Mollywood, Tran: The Atari Musical қойылымын, The Scooty & JoJo Variety Hour және Thank God! It’s The Scooty & JoJo Show комедиялық-эстрадалықбағдарламаларын, апта сайынғы Diva Brunch көңіл көтеру шоу—бағдарламасын жасады. Оның We Three Lizas мюзиклі (бұл қойылымда ол либретто мен әндер авторы, орындаушы болды) About Face Theatre сахнасында алғашқы рет көрсетіліп, АҚШ-та бірнеше рет қойылды. Оның Packing атты мемуарлық моноспектаклінің тұсаукесері 2019 жылы About Face Theatre сахнасында өтті.
Ол Joe’s Pub at the Public Theatre, New Works Project, adobe theater company, Next Stage Theater, HOME for Contemporary Theatre & Art, BACA Downtown, About Face Theatre, Metro Chicago, The Hypocrites, Walkabout Theatre Company, BigTop JoJo, Hell In A Handbag Productions, Washington Shakespeare Company, Arena Stage, The Shakespeare Theatre, UMO Ensemble, Open Circle Theater, AHA! Theatre және Bald Faced Lie секілді алаңдармен серіктестікте жұмыс істеген.
Брэдли — Iowa Arts Fellow стипендиясының иегері, About Face Theatre-дің Artistic Associate лауазымына ие, Iowa Playwrights Workshop-тің түлегі, Dramatists Guild, AEA және SAG-AFTRA ұйымдарының мүшесі.
Эстониядан шыққан орындаушылық өнер продюсері және халықаралық жобалар менеджері. Ол Таллин мен Нарва қалаларында орналасқан Vaba Lava орындаушылық өнер орталығында продюсер болып жұмыс істейді, Халықаралық бостандық театр фестивалінің (Vabaduse Festival) басты ұйымдастырушысы. Театр саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар ол Vaba Lava, R.A.A.A.M. және Эстония Ұлттық операсы қойылымдарын басқарып, олардың халықаралық гастрольдік сапарларын ұйымдастырып келеді.
2025 ЖЫЛҒЫ РЕЗИДЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді.
Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Кинотеледраматургия» мамандығы бойынша жазушы, драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың шеберханасында білім алып, өнертану ғылымдарының магистрі дәрежесін қорғады. Қазіргі таңда Шымкент қаласында тұрады. Шығармашылық жолын 2018 жылы «Қазығұртфильм» киностудиясының ұйымдастыруымен өткен «Позитив» кинофестивалінде редакторлықтан бастағаннан бері БАҚ, медиа, театр және кино салаларында бірқатар қызметтер атқарып келеді. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Әдебиет» бөлімінде, Oner.kz сайтында, «Отырар» телеарнасында және түрлі мәдени жобаларда еңбек етті. Қазіргі уақытта жергілікті балалар киностудиясында дербес сценарист. Сондай-ақ, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Өнер» кафедрасында педагогика саласына аяқ басты.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған елуден астам қысқаметражды жобаның, сондай-ақ «Балапан», «Астана» телеарналары үшін түсірілген бірнеше телехикаялардың авторы. Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында сахналанған режиссер Н. Дубстың «Екеуміз» спектаклінің көркем аудармасын жасады. (пьеса авторы – Олжас Жанайдаров. Түпнұсқада атауы – «Двое в кафе»).
Актриса, педагог, режиссёр. Семейде тұрады. Екатеринбург мемлекеттік театр институтын «Актёр шеберлігі» мамандығы бойынша тамамдаған. Ф.М. Достоевский атындағы Облыстық драма театрында актёр қызметін атқарған. «Бейт-Шемеш» және Glueck жастар театрларында педагог және режиссёр болып жұмыс істеген. Қазіргі кезде Семей қаласындағы Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық сарайы жанындағы «Четвёртая стена» театр шеберханасының жетекшісі. «Инклюзивті театр» (2018-2020 жылдары), «Изобретательский театр» (балалармен бірге пьесалар жазу және оларды қою, 2021, 2024 жылдары), «Драма.KZ/қалалар» (2025), «Драмарафонмын» (2025) жобаларына қатысқан. «Пока мы помним» («Біз ұмытпағанша»), «Депортация. История одной немецкой семьи» («Депортация. Бір неміс отбасының тарихы»), Ольга Колпакованың кітабының желісімен жазылған «Полынная ёлка» («Жусаннан жасалған шырша»), «Найти дом» («Өз үйіңді табу», Театр.doc), «Время мандаринов» («Мандариндер уақыты») пьесаларының авторы.
Қазақстандық жазушы, драматург. 1978 жылы Актөбеде дүниеге келген. Full Sail University-де (АҚШ) Creative Writing бағдарламасын тамамдаған, Алматы Ашық Әдебиет Мектебінің «Проза» курсын, Олжас Жанайдаровтың заманауи драматургия зертханасын бітірген. LitRPG, ғылыми фантастика, фэнтези жанрларындағы отыздан астам романның авторы. Кітаптары ағылшын, неміс, чех, поляк тілдеріне аударылып, Қазақстан, АҚШ, Ресей, Чехия, Польша және т.б. елдерде жарық көріп келеді.
Жазушылық жолын «Кирпичи» хикаятынан бастаған (2003–2004). «Level Up. Рестарт» романымен («ЭКСМО», 2017) қалың көпшілікке танылды. Бірінші кітаптың жалғасы «Кирпичи 2.0» атты романның желісімен режиссёр Фархат Шәріпов «Тұлғалық өсу тренингі» фильмін түсірді (фильм 41-ші Мәскеу халықаралық кинофестивалінде Гран-при жеңіп алды).
Қазақстан Жазушылар одағының, The Science Fiction and Fantasy Writers of America, American LitRPG & Gamelit Guild, Қазақ ПЕН-клубының мүшесі.
Жазушы, драматург. 1988 жылы Ақтөбе облысы, Алға қаласында дүниеге келді. Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институтын «Дефектология» мамандығы бойынша аяқтады. Әңгімелері «Таң-Шолпан» әдеби-көркем журналында, «Төр-Алтай» журналында, «Заң» газетінде жарияланған.
2022 жылы Оралхан Бөкей атындағы «Ауыл хикаялары» Республикалық байқауының екінші орын иегері, Кемел Тоқаев атындағы Республикалық детектив шығармалар байқауының екінші орын иегері. 2024 жылы Оралхан Бөкей атындағы драматургия байқауының бас жүлде иегері. 2024 жылы «Алтын қалам» байқауының детектив номинациясы бойынша бас жүлде иегері.
2025 жылы Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында «Арба» монодрамасы қойылды.
Ақтөбе облысында дүниеге келді.
Астана қаласында Қазақ ұлттық өнер университетін «Музыкалық театр әртісі» мамандық бойынша бітірген. 2018 жылдан бастап Астана қаласы Әзірбайжан Мамбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрының актері болып қызмет атқарып отыр.
Драма.KZ фестивальдің шорт-параққа енген пьесалары: «Тук-Мар қонақ үйі», «018-автобус», «Алло». «Ұрылар» пьесасы Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрында жүріп жатыр. 2020 жылғы халықаралық «Шабыт» фестивалінің екінші орнын, ал 2023 жылы «Қазақстан театр сыншыларының бірлестігі» сыншылар жүлдесінің «Жыл драматургі» номинациясының иегері болды. 2023 жылы Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры ұйымдастырған Екінші республикалық үздік драматургия байқауының екінші орнын алды. 2025 жылы «Forbes 30 under 30» театр бағыты бойынша актер-драматург ретінде таңдалды.
Поэт, драматург. Семей қаласында дүниеге келген. Алматыда тұрады. Tan_qalam қолдау ко-райтинг метакеңістігіндегі non-executive director, «Попытка номер 5, которая попытка номер 3, которая литераторы вопросы без ответов» («Бесінші талпыныс, яғни үшінші талпыныс, яғни әдебиетшілер жауабы жоқ сұрақтар») поэзия метакеңістігіндегі member. «Драма.KZ» заманауи драматургия фестивалінің (2024) және «Драмарафон» шағын пьесалар микрофестивалінің (2024-2025) қатысушысы. «Метажурнал» әдеби-сын жобасының редакторы.
2025 жылғы Қазылар алқасы:
1992 жылы Қазақстандағы «Бенефис» театры жанындағы театр мектебін бітірген. 1992–2001 жылдары «Постскриптум» театрында (Алматы), «Галёрка» театрында (Омбы), Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеген. 2001 жылы Санкт-Петербургтегі Кәсіподақтар гуманитарлық университетінің өнер факультетін тамамдаған. 2001 жылдан бері АРТиШОК театрында режиссер болып жұмыс істейді. Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей театрларындағы 40-қа жуық қойылымның режиссері. 2021 жылдың желтоқсанында ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. АРТиШОК театрының актер шеберлігі мен режиссура курсындағы «Режиссура негіздері» пәнінің оқытушысы.
Әдебиеттанушы, ақын, драматург.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бакалавриатын, Абай атындағы ҚазҰПУ магистратурасын аяқтаған. «Әдебиет пен адамзат» және BOOKclub телебағдарламаларының авторы әрі жүргізушісі болған. Қазақ әдебиеті мен жазушыларына арналып түсірілген бірнеше фильмдердің авторы. Janr әдеби клубының негізін қалаған. «Отқарақ», «Сенің атың кім?» және «Бірдеңе» деген өлеңдер жинақтарының авторы. ARTKOSHE театрында «Қабырға қалқасында» деген пьесасы сахналанып, жылдың үздік моноспектакльдері қатарына енген. Гендерлік әдебиет зерттеушісі: феминистік әдеби сын мен бірегейлік теориясы негізінде жазылған ғылыми мақалалары жарық көрген. «Ақ қауырсын» және «Самғау» әдеби жүлделерінің жеңімпазы.
Режиссер, оқытушы.
2014 жылдан бері Республикалық академиялық неміс драма театрының бас режиссері болып жұмыс істейді. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театр факультетіндегі «Режиссура және актер шеберлігі» кафедрасының оқытушысы. 40-тан астам қойылымның қоюшы режиссері. 2015 жылы ұлтаралық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған алтын медальмен марапатталған.
Өнертану кандидаты, қауымдастырылған профессор.
ҚР БҒМ М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Театр қайраткерлері Одағы Төралқасының мүшесі, Қазақстан театр сыншылар бірлестігінің Вице-Президенті, Қазақстан Жазушылар одағы Драматургия кеңесінің төрағасы.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1990), Т.Қ.Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет академиясын (1995), ҚР ҰҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын (1999) 17.00.01 – Театртану мамандығы бойынша аяқтап 2004 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.
2008 жылдан бастап М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының Театр және кино бөлімінің бас ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті.
А.Мұқанның негізгі зерттеу нысаны ұлттық опера, драма театры, музыка, драматургия өнері, режиссура мен орындаушылықтың тарихи-теориялық және тәжірибелік мәселелері. Сонымен бірге А.О. Мұқан 30дан аса ұжымдық ғылыми монографиялар мен жинақтардың авторы, редакторы әрі құрастырушысы болды. Осы кезге дейін алыс жақын шетел баспасөз беттерінде жарық көрген 150ден аса ғылыми-зерттеу, сын мақалалар мен рецензиялардың авторы. Көптеген республикалық және халықаралық театрлар фестивальдерінің сарапшылар алқасы мен сыншылар коллегиясының мүшесі (Бішкек, Ақтөбе, Стамбул, Алматы, Тегеран, Астана, Ташкент т.б.) және көптеген халықаралық және республикалық ғылыми теориялық және ғылыми практикалық конференциялардың қатысушысы әрі ұйымдастырушысы болды.
Жазушы, мәдениеттанушы, PhD докторы. 1975 жылы Алматыда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және Польшаның Ольштын қаласындағы Варминьско-Мазур университетін тамамдаған. Шығармалары «Простор», «Книголюб», «Дружба народов», «Знамя», «Новый мир», «Воздух», «День и ночь», «Новая юность», «Пролог», «Юность», Iowa Magazine, Barzakh, «Новая реальность», Polutona, «Лиterraтура», Promegalit әдеби журналдарында жарияланған. Липки қаласындағы Жас жазушылар форумына, 2010 және 2014 жылы «Русская премия» әдеби сыйлығының «шағын проза» номинациясындағы иегері, «Алтын қалам» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпазы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері. АҚШ-тағы IWP-2017 Халықаралық жазушылар резиденциясының қатысушысы. Қазақстандағы поляк диаспорасының Ałmatyński Kurier Polonijny журналының редакторы. «Лиterraтура» журналының проза бөлімінің редакторы болған. Алматы Ашық Әдебиет Мектебінде (ААӘМ) проза семинарын, Айова университетінде IWP бағдарламасының шығармашылық семинарларын өткізген. Қазақ ПЕН-клубының вице-президенті.
Драматург, «Драма.KZ» заманауи қазақстандық драматургия фестивалінің кураторы (2019, 2020), «Дактиль» онлайн журналының «Драматургия» бөлімінің редакторы, деректі кино режиссёрі. Екатеринбург Мемлекеттік театр институтында (Н. Коляданың шеберханасында) «Әдеби шығармашылық» мамандығы бойынша білім алған. Алматы Ашық әдебиет мектебінің (ААӘМ) театр драматургиясы мен кинодраматургия курсын, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кинодраматургия негіздері» курсын, Олжас Жанайдаровтың заманауи драматургия лабораториясын бітірген. «Ним-2018» драматургия фестивалінің лонг-лист тізіміне енген. «Два дня театра» («Театрдың екі күні») мен «Драмарафон» қалалық жобаларының қатысушысы. ARTMEKEN галереясында өткен #цензурасыз жобасына «Куль-тягин» пьесасымен қатысқан. La Boheme театр-кафесінде өткен «Рентген» мен «Тульповод дяди Коли» пьесаларының оқылымына продюсерлік еткен. 2024 жылы «Залипушка» пьесасы Любимовка фестивалінің «Іріктеушілердің назарын аудартқан» шығармалардың тізіміне еніп, 2025 жылы Театре.doc-та өткен Жас драматургия фестивалінде оқылған. Drama.lab лабораториясында жазылған «Потерянная дочь» («Жоғалған қыз») перформансы 2025 жылы Эстониядағы Нарва қаласында өтетін Еркіндік фестиваліне қатысып жатыр. ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросы ұйымдастырған Орталық Азиядағы сценарий жазу шеберлігінің лабораториясына (CASL) қатысушы. Internews жанындағы Деректі кино мектебінің түлегі. «Ыстық жер» дебюттік толықметражды фильмін түсіріп жатыр.
Прозашы, публицист, театр шолушысы. Алматы Ашық Әдебиет Мектебінің үш курсын бітірген. Айова Университетіндегі Халықаралық Жазушылар бағдарламасының, Almaty Writing Residency-2022 аясындағы әдеби аудармашылар семинарының қатысушысы. Ресей, Қазақстан және Қырғызстан жас жазушыларының форумына қатысушы (2021). Қазақстандық әдебиетіне арналған The Alma Review блогының бас редакторы. Шығармалары «Дактиль», «Полутона», «Формаслов», «Четырёхлистник», «Angime» журналдарында, «Артикуляция» мен «LiterraNova» альманахтарында жарияланған. 2022 жылғы «Qalamdas» әдеби сыйлығының шорт-лист тізіміне енген. Orda.kz, Forbes, Esquire, Manshuq, т.б. платформаларында журналист қызметін атқарып отыр.
Драматург, театртанушы, аудармашы. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «театртану» мамандығы бойынша, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аударма ісі мамандығы бойынша тамамдаған. «Мусагет» қоғамдық қорының жазушылық шеберлік курсына қатысушы. Пьесаларының оқылымдары «ARTиШОК» театрында (Алматы, 2005 – 2006 жылдары), «Статус Плюс» студиясының ұйымдастыруымен «Ильхом» театрындағы фестивальде (Ташкент, 2009) өткен. Алматы ашық әдебиет мектебінде театр және кинодраматургия семинарын, жастар әдебиеті шеберханаларын жүргізеді. Шығармалары Text Only онлайн журналында, Literra Nova әдеби альманахында жарияланған.
Аудармашы, зерттеуші, арт-менеджер. СПбГУКИ-дің аударма бөлімін тамамдаған, аудармашы әрі жазушы Вера Резниктің шәкірті. 2015 – 2016 маусымындағы Алматы ашық әдебиет мектебінің поэзия семинарына қатысушы. Ағылшын, испан, неміс тілдерінен заманауи проза аударады, битниктер поэзиясын, соның ішінде Грегори Корсо өлеңдерін зерттеп, аударады. Заманауи өнер мен философия туралы мәтіндер жазып, аударады. Аудармалары мен эсселері «Лиterraтура» электронды басылымында, Esquire журналында, Sygma басылымында жарияланған. «Иллюстрированный путеводитель по смыслам Алматы» жобасын жасаушылардың бірі және оның жетекшісі. Орталық Азияның өнеріне арналған ariadna.media порталының бас редакторы. Әдеби аударма лабораториясының негізін салушылардың бірі және оның жетекшісі (бұл жоба Қазақстандағы АҚШ Миссиясының қолдауымен жүзеге асып жатыр). Алматыда тұрады.
Прозашы. Алматы Ашық Әдебиет Мектебінің және Орта Азиядағы алғашқы жазушылар резиденциясы Almaty Writing Residency-дің үйлестірушісі. «Дактиль» әдеби журналының кітап сериясымен басылып шыққан «Наверность» әңгімелер жинағының авторы. Әңгімелері қазақ, ағылшын, неміс тілдеріне аударылған.
Бұл блогтың миссиясы – жаңа шығармаларға рецензия жазып, авторлардан сұхбат алып, жақсы жаңалықтарды бөлісе отырып, әдебиетті насихаттау.
«Дактиль» — Қазақстан әдебиетінің кеңістігін кеңейтуді мақсат тұтатын журнал. Біз қазақ және орыс тіліндегі мәтіндерді жариялаймыз.
«Культурная удАлёнка» – Алматы мен Қазақстанның шығармашылық өміріне арналған телеграм арнасы. Қойылымдарға, кітаптарға, көрмелерге шолу, сондай-ақ автордың өнер саласы туралы ой-толғаулары. Мәдениет әлемінің жаңалықтары.
«Оля ведет в театр» – Алматы, Қазақстан мен Орталық Азияның театрлары туралы (сондай-ақ театр қойылымдарын көру үшін канал авторы барған елдердің театрлары жайлы) субъективті медиа. Каналды Ольга Малышева ойлап тапқан, ол Қазақстанның мемлекеттік және тәуелсіз театрларында сахналанып жатқан пьесалардың авторы; он жылдан астам театрға ғашық болып жүрген театр шолушысы; қаламыз бен еліміздің театр ландшафтын қалыптастыруға үлесін қосып жүрген продюсер.
Aқпараттық-талдамалық порталы
Әдебиетке қолдау көрсету – бұл қаражат пен еңбектің ұзақ мерзімді жұмсалуын қажет ететін үдеріс болғанымен, кейбір нәтижелерін қазір де көруге болады: қатысушылардың жаңа шығармалары жарық көріп отыр, қазақстандық әдебиет туралы мақалалар шығып жатыр, Резиденция әдеби үдерістің бір бөлігіне мен біздің сүйікті қаламыздың мәдени ландшафтының ерекшелігіне айналып барады. Бұл AWR-дің жазушыларға қажетті іс-шара болғанын, өз орнымызды тапқанымызды көрсетеді. AWR Қазақстан үшін бірегей бағдарлама.
Ағылшын тілінде жазатын үнді ақыны. Калькуттада тұрады. An Afternoon in My Mind (Copper Coin 2022/Bite-Sized Books, U.K.), Karmic Chanting (Copper Coin 2018) және Ink and Line (Dhauli Books 2018) және тағы бес поэзия кітабының авторы. Македония, Ирландия, Түркия, Никарагуа, Шри-Ланка, Германия, Венгрия, Словакия, Италия, Украина, Мадагаскар, Ирландия және Оңтүстік Африка елдеріндегі поэзия фестивальдеріне қатысқан. Оның мәтіндері Еуропада, Солтүстік Америкада, Азияда және Австралияда жарияланған. Бірнеше әдеби марапаттардың иегері, соның ішінде Gayatri Gamarsh Memorial Award сыйлығын, 2023 жылы Godyoo Podyo Probondho Award сыйлығын алған, 2020 жылы Тагор әдеби сыйлығының (Tagore Literary Prize) қысқа тізіміне енгізілген. Өлеңдері Harper’s Bazaar, Virginia Quarterly Review, Stand Magazine, Words Without Borders, Singing in the Dark (Penguin Random House), Luvina magazine (University of Guadalajara, Mexico), La Otra (University of Mexico), Indian Literature (Sahitya Akademi), Stand magazine, Poetry Salzburg Review (University of Salzburg), and Mascara Literary Review және басқа да журналдарда жарияланған.
2014-2016 жж. Айова университетінің Silk Routes халықаралық жазушылық бағдарламасы жобасы авторларының бірі. Chair Poetry Evenings халықаралық фестивалінің негізін қалаушы және директоры, Lyrikline (Haus für Poesie, Берлин) үнді бөлімінің редакторы және Enchanting Verses Literary Review басылымының редакторы. Ол Poetry at Sangam (Үндістан) және Words Without Borders (Нью-Йорк) газеттерінің шақырылған редакторы болды. Мәтіндері хинди, итальян, қытай, түрік, словак, македон, словен, венгр, араб және орыс тілдерін қоса алғанда, жиырмадан астам тілге аударылған.
Ольга Маркова атындағы Алматы ашық әдеби мектебі мен Almaty Writing Residency 2023 жылдың қонағы – белгілі үнді ақыны Сонет Мондалды Алматыда қарсы алады.
29.09.– 04.10.23 аралығында ақын қазақстандық әдеби аудармашыларға арналған AWR семинарына қатысты, семинар жұмысының нәтижесінде Сонет Мондалдың қазақ және орыс тілдеріне аударылған өлеңдері жарияланады.
03.10.23 American Space and Maker Space Almaty-да өткен Соннет Мондалмен ашық шығармашылық кездесу.
2021 жылдың 19 шілдесінде Almaty Writing Residency резиденция бағдарламасының аясында «Қазақстандық авторлар үшін АҚШ пен Ұлыбританияда шығармаларды жариялау мүмкіндіктері» атты онлайн семинар өтті. Толығырақ…
20.08.2021 — Almaty Writing Residency 2021 – биылғы резиденцияға қатысушылар тізімі
АЛМАТЫ – ҚАЛАНЫҢ ӘДЕБИ ТАРИХЫ:
Бұрын Верный, кейін Алма-Ата деп аталған Қазақстан Республикасының бұрынғы астанасы еліміздің мәдени орталығы болды және бола бермек. Көптеген мәдениеттерді тоғыстыратын қаланың әдебиеті тарихы өте бай. Мұнда Қазақстанның ірі жазушылары мен ақындары тұрған. Кейбіреулері бұл қаланы өз шығармаларында суреттеген. Жазушылар одағының көрнекті ғимараты, Мұхтар Әуезовтың мұражай үйі, Абай, Жамбыл, Герольд Бельгер ескерткіштері, жазушылардың үйлеріне орнатылған ескерткіш тақталар –мұның барлығы қаланың әдебиеті тарихының ажырамас бөлігі. Қазіргі таңда Алматының әдебиеті тарихы заманауи авторлардың кітаптарында жазылуда.