Қазақстандық жазушы, әдебиеттанушы, әдеби сыншы, мәдениет пен гуманитарлық ғылымдарды дамытуға арналған «Мусагет» қоғамдық қорының негізін салушы және президенті. 1999-2008 жылдары Алматыда әдебиет курстарын басқарған. Заманауи қазақстандық әдебиетті дамытуға елеулі үлес қосты. Лақап аты – Ольга Марк.
Ольга Маркованы еске алуға арналған Qalamdas әдеби сыйлығы қазақ пен орыс тілдерінде жазатын дарынды қазақстандық авторларды қолдап қана қоймай, олардың басын қосып, алдағы бірлесіп өркендеуі үшін ортақ шығармашылық кеңістікті қалыптастыруды мақсат етеді. Сонымен қатар, әдеби сыйлықтың тағы бір мақсаты – Қазақстанда көркем аударма мен әдеби сынды қолдау және дамыту.
Әдеби сыйлықтың байқауы екі тілде келесі бес номинация бойынша өткізіледі: «Поэзия», «Проза», «Балалар әдебиеті», «Әдеби сын» және «Көркем аударма». 18 жастан асқан Қазақстанның азаматтары байқауға өтінім беруге құқылы. Бұл жаңа көркем аудармалардың пайда болуына, қазақтілді мен орыстілді әдебиеттердің жақындасуына және Қазақстандағы әдеби сын саласының дамуына септігін тигізеді.
Байқаудың әділ өтуі үшін үміткерлердің жұмыстары қазылар алқасына автордың аты-жөнін көрсетпей беріледі, ал қазылар алқасының құрамына тек қазақстандық қаламгерлер ғана емес, шетелдік ақын-жазушылар мен әдеби сыншылар шақыртылған.
«Дактиль» — 2019 жылы қалың әдеби журналдардың үлгісімен құрылған ай сайынғы желілік әдеби журнал. Бастапқыда қазақстандық орыс тілді авторларға арналғанымен, қазіргі уақытта журнал қазақстандық әдебиетпен қатар Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Эстония, Греция, Германия, АҚШ сынды жақын және алыс шетел елдері авторларының шығармаларын жариялап келеді. 2021 жылдан бері қос тілде шығатын журнал қазақ тілді және орыс тілді ақын-жазушылар мен драматургтер үшін бірыңғай алаңға айналды.
Ақын, журналист, қазақстандық «Дактиль» онлайн әдеби журналының бас редакторы және «Поэзия» бөлімінің редакторы. Алматылық ашық әдебиет мектебінде поэзия мен әдеби сын семинарларын (2017-2018, 2020-2021 жылдары), «СТиХИ» баспасының Мәскеу студиясының ұйымдастыруымен өткен поэзия семинарларын бітірген (2021). Шығармалары «Плавучий мост», «Звезда», «Дружба народов», «Юность», «Формаслов», «Крещатик», «Этажи» ресейлік әдеби журналдарында, қазақстандық «Простор», «Тамыр» журналдарында, Literra NOVA альманахында жарияланған. СЭИП қорының Қазақстанда өткен әдеби фестивальдерінің (2019 және 2021 жылдары), Almaty Writing Residency қатысушысы (2021). Екі өлеңдер кітабының авторы. Өлеңдері ағылшын және неміс тілдеріне аударылған.
Қазақстандық ақын, балалар жазушысы. Алматыда тұрады. «Мусагет» қоғамдық қорының жазушылық шеберлік курсын, А.М. Горький атындағы Әдебиет институтының Жоғары әдебиет курстарын (балалар әдебиеті семинарын, 2007-2009 жылдары) бітірген. Екі өлеңдер жинағының авторы, балалар мен жасөспірімдерге арналған үш кітаптың бірлескен авторы. Шығармалары ресейлік және қазақстандық қағаз басылымдарда мен желілік журналдарда (соның ішінде «Полутона», «Формаслов», «Лиterraтура», «Юность», «Дружба народов», «Әдебиет порталы», «Аполлинарий», «Дактиль») жарияланып келеді. Ресей, ТМД және шет елдердің жас жазушыларының форумдарына қатысушы. Алматылық ашық әдебиет мектебінде проза мен балалар әдебиеті семинарын, жастар әдебиеті шеберханаларын жүргізеді.
Драматург, театртанушы, аудармашы. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «театртану» мамандығы бойынша, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аударма ісі мамандығы бойынша тамамдаған. «Мусагет» қоғамдық қорының жазушылық шеберлік курсына қатысушы. Пьесаларының оқылымдары «ARTиШОК» театрында (Алматы, 2005 – 2006 жылдары), «Статус Плюс» студиясының ұйымдастыруымен «Ильхом» театрындағы фестивальде (Ташкент, 2009) өткен. Алматылық ашық әдебиет мектебінде театр және кинодраматургия семинарын, жастар әдебиеті шеберханаларын жүргізеді. Шығармалары Text Only желілік журналында, Literra Nova әдеби альманахында жарияланған.
Жазушы. 1988 жылы дүниеге келген. Жоғары заңгерлік білімі бар. СЭИП қоры ұйымдастыруымен өткен XVIII және XIX Жас жазушылар форумдарына қатысушы. Шығармалары «Дружба народов», «Юность», «Автограф» журналдарында, «Дактиль», «Лиterraтура», «Формаслов» онлайн әдеби журналдарында, LiterraNova (2018) әдеби альманахында, «Дорога без конца» проза жинағында жарияланған.
Қазақстандық жазушы әрі драматург. Төрт проза кітабының авторы, шығармалары бірқатар қазақстандық және шетелдік әдеби журналдар мен жинақтарда жарияланған. «Русская премия» әдеби сыйлығының екі мәрте иегері, драматургия байқаулары мен фестивальдерінің финалисті әрі иегері. Ольга Маркова атындағы Алматылық ашық әдебиет мектебінің негізін салушылардың бірі. Қазақстанда өткен әдеби форумдар мен фестивальдердің бірлескен ұйымдастырушысы. С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының сценарий-кинотану факультетін тамамдаған. Мәскеу жазушылар одағы мен қазақстандық ПЕН-клубтың мүшесі. Алматыда тұрады.
Жадыра Шамұратова – жазушы, әдеби аудармашы. 25.08.1979 жылы туған. «Секундтар арасындағы шексіздік» (2021 ж.), «Айтылмаған сыр»(2022 ж.), «Сандық»( 2023ж.) проза жинақтарының авторы.
2018 ж. «Жас алаш» газетінің «Қазақ пен қала» байқауында «Бейуақта ашылған құпия» хикаяты 2-орын; 2019 ж. «Адырна» журналының» «Алтын жебе» байқауында «Сарымсақ қосылған ұлу еті» хикаяты 3-орын; 2020 ж. «Ауыл» партиясы мен «Мәдениет порталы» ұйымдастырған «Ауылым – алтын тұғырым» байқауында «Қара қазан» әңгімесі 2-орын; 2021 ж. «Заң газетінің» К.Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауында «Қабырғадағы портрет жымияды» шығармасы 3-орын; 2023 ж. Janr Жетісу әдеби клубының «Жетісу көктемі» байқауында «Мылқаудың сыбыры» повесі 2-орын; ҚР ІІМ-нің «Серт» детектив шығармалар байқауында «Сен бүгін ерекше әдемісің» шығармасы 2-орын алған.
2015-2022 жылдары «Фолиант» баспасынан шыққан танымдық кітаптарды: «Черчилль: Ерекше тағдыр… жарқын белестер» (Бренд Ральф Льюис); «Рим. Ежелгі өркениеттің тарихы мен қазынасы» (Джорджио Ферреро); «Күйзеліс»; «Грекия. Ежелгі өркениеттің тарихы мен қазынасы» (Стефано Маджи); «Астана. Сәулеттік жолнұсқа» (Филипп Мойзер), «Қонжықтың хикаялары» сериясы (Хейди Ховарт, Дэниел Ховарт); «Сандерсон ертегілері» (Руф Сандерсон), сонымен бірге Маргарет Митчеллдің «Жел өтіндегі тағдырлар» («Унесенные ветром») романының 1-томын қазақшаға аударған.
Бақытбек Қадыр – жазушы-журналист. «Жасыл шатырлар», «Мәжусилер» әңгімелер жинағының авторы. «Дауыс» антологиясының құрастырушысы. Eurasian Creative Guild қоғамдық ұйымының (Лондон) және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 2020 жылғы «Алтын тобылғы» әдеби байқауының лауреаты. Open Eurasia-2022 халықаралық әдеби байқауының жүлдегері. Qalamdas әдеби сыйлығың жеңімпазы (2022).
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
Мерей Қосын – прозашы, әдебиет және философия салаларында зерттеуші. Қазірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде және Қазақстан-Британ техникалық университетінде «Философия» пәні бойынша оқытушы.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Ирландия Ұлттық Университеті (National University of Ireland, Голуэй), Moore Institute – гуманитарлық және әлеуметтік зерттеулер институтында ғылыми тәжірибеден өткен. «Шабыт» Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде «Кинотеледраматургия» мамандығы бойынша және Алматылық Ашық Әдебиет Мектебінде «Жастар әдебиеті шеберханасы» курсында сабақ берген. Internews Kazakhstan халықаралық медиа орталығының Орта Азиялық New Reporter жобасында медиа сыншы ретінде жұмыс істеген.
«Мен жоқ жердегі менің өмірім» атты пьесасы бірнеше облыстық театрларда сахналанған. Қысқа әңгімелерінің ағылшын тіліндегі аудармалары Angime Journal және Apofenie Magazine атты әдеби журналдарда жарияланған.
Анастасия Костецкая – «Альпина», Zerde және КiT Publishing сияқты алдыңғы қатарлы баспалармен көп жыл бойы жұмыс істеп жүрген кәсіби баспагер. Халықаралық аренада белсенді іс-әрекет етіп келеді, орыс, украин, қазақ, ағылшын және итальян тілдерін біледі.
Көптеген табысты жобалардың авторы мен кураторы; Дмитрий Глуховский, Дан Сургалинов, Борис Акунин, Михаил Зыгарь және Адам Хигинботам сияқты танымал авторлармен жұмыс істеген. Анастасияның миссиясы – кітаптар арқылы білім беру, себебі, оның пікірінше, кітаптар – білімді сақтап қалудың және таратудың маңызды құралы.
Анастасия баспагерлік қоржындарды құруға және басқаруға, халықаралық жобаларға және аудармаларға маманданып жүр. Оның мақсаты – әдебиетті қалың оқырман қауым үшін қолжетімді әрі тартымды етіп, әлемдік мәдени кеңістікті және білім беру аясын дамытуға септігін тигізу.
Александр Мендыбаев – жазушы, сценарист. «Квартиранты» кітабының авторы («Меломан Publishing баспасы), бұл кітаптың желісі бойынша 2022 жылы Qara Production продакшн-студиясы «Взаперти» толықметражды хоррорын түсірді (Александр сценарийдің бірлескен авторы болған). Бұл фильм Бостон кинофестивалінде бірінші орын алған. Ал 2024 жылы жарық көрген «Ситеч» хоррор романы Litnet платформасы мен «Самая страшная книга» жобасы бірлесіп ұйымдастырған «Сказочный кошмар» байқауында бірінші орын алған. Александр Мендыбаевтың шығармалары «Нева», «Волга», «Литературная Алма-Ата», Esquire Kazakhstan, Za-Za, «Дактиль», т.б. журналдарында жарияланған.
Андрей Сен-Сеньков 1968 жылы Тәжікстанда дүниеге келген. Ярославль медицина Академиясын тамамдаған, Мәскеуде тұрған. 2022 жылдан бастап Алматыда тұрып жатыр. Өлеңдерді, шағын прозаны және визуалды поэзияны қамтитын 20 кітаптың авторы. Андрей Белый атындағы әдеби сыйлықтың иегері (2018), «Московский счет» әдеби сыйлығының Арнайы жүлдесінің иеленушісі (2019). Аударылған өлеңдер кітаптары АҚШ-та (үздік аударма өлеңдер кітабы үшін 2015 жылғы Америка ПЕН-клубының әдеби сыйлығы), Сербия, Италия, Нидерланд, Беларусь, Ұлыбритания, Латвия, Израиль мен Грузия елдерінде жарыққа шыққан.