OLSHA

ALMATY WRITING RESIDENCY
РЕЗИДЕНЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СӘЙКЕСТІК"
OPEN CALL 2021

ALMATY WRITING RESIDENCY 2121



Резиденция күнтізбесі

  • Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2021 жылғы 27 сәуір
  • Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы – 2021 жылғы 1 шілде
  • Қатысушылардың тізімін жариялау – 2021 жылғы 20 тамыз
  • Резиденцияның басталуы – 2021 жылғы 12 қыркүйек
  • Резиденцияның аяқталуы – 2021 жылғы 18 қыркүйек



American Space
Almaty Резиденция бағдарламасы

  • 13.09/18.00 Резиденцияға қатысушылармен шығармашылық кездесу
  • 114.09/18.00 Нина Мюрреймен шығармашылық кездесу
  • 15.09/18.00 Кристофер Мерриллмен шығармашылық кездесу
  • 16.09/18.00 Қазақстандық әдеби журналдар өз авторларын оқырман қауымға таныстырады
  • 17.09/18.00 Әдеби аудармалар.

ОҚИҒАЛАР:

2021 жылдың 19 шілдесінде  Almaty Writing Residency резиденция бағдарламасының аясында «Қазақстандық авторлар үшін АҚШ пен Ұлыбританияда шығармаларды жариялау мүмкіндіктері» атты онлайн семинар өтті. Толығырақ…

20.08.2021 — Almaty Writing Residency 2021 – биылғы резиденцияға қатысушылар тізімі

МАТЕРИАЛДАР:

2021 ЖЫЛҒЫ СЕМИНАР ЖЕТЕКШІЛЕРІ:

кристофер меррилл

Кристофер Мерриллдің жарияланымдары жеті поэзия жинағын құрайды, соның ішінде Американдық ақындар академиясының марапатына – Питер И. Б. Лаван атындағы жас ақындар сыйлығына – ие болған «Сигнал оты» (Watch Fire), көптеген редакторлық еткен еңбектері және аудармалары, сондай-ақ нон-фикшн жанрындағы алты кітап. Олардың арасынан үшеуін ерекше атап өтуге болады: 90-шы жылдардың бірінші жартысындағы Балкандағы қарулы қақтығыстар туралы «Тек шегелер ғана қалады» (Only the Nails Remain), автордың киелі Афон тауына саяхаты жайлы «Жасырын Құдайдың кереметтері» (Things of the Hidden God), өткенді шолу кітабы «Сәнталмен автопортретім» (Self-Portrait with Dogwood). Бұл кітапта ол өз өмірін ғана емес, әлемде болған маңызды оқиғаларды ой елегінен өткізеді.

Мерриллдің көркем шығармалары 40-қа жуық тілге аударылған. Сонымен қатар асқан дарынның арқасында ол журналистика саласында да көптеген жетістікке қол жеткізген. Ол Францияның Әдебиет және өнер орденінің иегері, Джон Саймон Гуггенхайм Мемориалдық қоры және Инграм Меррилл қорының шәкіртақы алушысы, аудармашылық шеберлігі үшін бірқатар сыйлықтардың иегері атанған.

2000 жылдан бері Меррилл Айова Университетінің Халықаралық жазушылар бағдарламасының директоры ретінде 50-ден астам елде мәдени дипломатияның миссияларын ұйымдастырған. 2011–2018 жылдары ол АҚШ-тың ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясында қызмет еткен. 2012 жылдың сәуір айында президент Барак Обама оны АҚШ-тың Гуманитарлық ғылымдарының консулдығындағы лауазымға тағайындаған.

нина мюррей

Нина Мюррей батыс украиналық Львов қаласында туып-өсті. Лингвистика және шығармашылық жазу саласындағы ғылыми дәреженің иегері.  «Алкеста о дүниеде» (Alcestis in the Underworld, 2019 жылы Circling Rivers Press баспасынан жарық көрген) атты өлеңдер жинағының, Minimize Considered (Finishing Line Press, 2018), Minor Heresies (Heartland Review Press, 2020) және Damascus Electric (Pen & Anvil Press, 2020) атты кітаптардың авторы. Оның орыс және украин тілдерінен аудармалары – Петр Алешковскийдің «Старгород» әңгімелер жинағы, Оксана Забужконың «Ұмытылған құпиялардың мұражайы» («Музей заброшенных cекретов») атты романы және Оксана Луцишинаның «Иван мен Феба» романы.

Орыс, украин, испан, литва, ағылшын тілдерін біледі.

2021 жылғы резиденцияға қатысушылар:

НУРАЙНА САТПАЕВА

Нурайна Сатпаева, Алматыда тұрады. Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін инженер-системотехник мамандығы бойынша тамамдаған. Алматылық ашық әдебиет мектебін бітірген. Липки қаласындағы Жас  жазушылар форумына, СЭИП қоры ұйымдастырған Балалар жазушылар форумына қатысқан. «Литодрама» байқауының иегері, «Большая ремарка» байқауының финалисті, Волошин фестивалінің,  «Любимовка», «Баденвайлер», «Автора на сцену» байқауларының жартылай финалына шыққан авторлардың бірі. Шығармалары «Нева», «Сибирские огни», «LiterraNova», «Новая Юность» журналдарында, «АСТ» баспасынан,  СЭИП қорының баспасынан шыққан әңгімелер жинақтарында жарияланған.

Маңызды жарияланымдардың тізімі:

«Нет фотографии» («Фотосуреті жоқ») әңгімесі, «Нева» журналы, 2019

«Новогодний снег» («Жаңа жылғы қар») әңгімесі, «Таксичная книга» әңгімелер жинағы, АСТ, 2019

«Алька и серебряная тамга» («Алька мен күміс тамға») әңгімесі, СЭИП қоры, 2019

 «Кара» («Жаза») әңгімесі, «Сибирские огни» журналы, 2020

«Фантазия» («Қиял») әңгімесі, «Новая Юность» журналы, 2021.

 

аман рахметов

Аман (Амангелді) Рахметов. Ақын. 1995 жылдың 3 маусымында Қазақстандағы Орал қаласында дүниеге келген. 11 жасында, «Жас ұлан» әскери мектеп-интернатында оқып жүрген кезде өлең жаза бастады. Мектепті бітірген соң Н. Е. Жуковский мен Ю. А. Гагарин атындағы әскери-әуе академиясына түсті, сол кезде поэзияға көбірек қызығушылық таныта бастады.

2017 жылы РФ Жазушылар одағы ұйымдастырған поэзия семинарына қатысқан. Платонов фестивалінің әдеби оқылымдарына қатысушы. «Земля вращается, и люди…» («Жер айнала береді, ал адамдар…») атты өлеңі ««Аңсар» таңдауы бойынша Қазақстандағы 50 үздік әдеби еңбек» жинағына енген.

2018 жылы өлеңдері алғаш рет «Подъём», «Мысли» журналдарында жарияланды.

Воронеж жас әдебиетшілерінің облыстық кеңесіне қатысушы.

2019 жылы Вячеслав Лютыйдың алғысөзімен «Почти» («Дерлік») атты тұңғыш өлеңдер кітабы жарық көрді.

Шығармалары «Простор», «Молоко», «Камертон» журналдарында, «Литературная Россия» газетінде басылды.

2020 жылы өлеңдері «Нева», «Дружба народов», «Формаслов», «Дактиль», «Новый берег», «Подъем», «Простор»журналдарында жарияланды.

СЭИП қоры ұйымдастырған поэзия семинарына қатысушы. Семинар жетекшісі – Анна Гедымин.

2021 жылы Алматылық ашық әдебиет мектебін бітірген, поэзия семинарының жетекшісі – Евгений Абдуллаев.

«Стихи» баспасы ұйымдастырған поэзия семинарына қатысушы, семинар жетекшісі –  Алексей Алёхин.

Өлеңдер «Гостиная» журналында жарияланды.

ирина гумыркина

2017-2018, 2020-2021 жылдары Алматылық ашық әдебиет мектебінде поэзия семинарына, 2021 жылы «СТиХИ» баспасының Мәскеудегі студиясы ұйымдастырған поэзия семинарына қатысты. «Орыс поэзиясы бойынша 2017 жылғы әлем кубогының», «Хрустальный родник-2018» («Хрусталь бұлақ-2018») атты Жалпыресейлік әдеби фестиваль-байқауының иегері, «45 калибр» байқауынын бірнеше маусымының,  «Русский Stil» фестивалінің (Германия, 2017) финалисті. Қаламгер К. Симоновты еске алуға арналған VI халықаралық әдеби байқаудың (2016),  «Барабан Страдивари» атты өнер фестиваліндегі әдеби байқаудың  (Израиль, 2017) жеңімпаздар тізіміне, И.Ф. Анненский атындағы әдеби сыйлықтың  (2019), «Лицей» сыйлығының (2020) лонг-тізіміне енген. «СТиХИ» баспасы ұйымдастырған «Кубок в кубке» («Кубоктағы кубок», 2020) сыйлығының финалисті, Қазақстандағы әдеби фестивальге қатысушы (2019). «Сквозь тьму и свет» («Түнек пен жарықты жарып», Алматы, 2020) және «Свойства вещей» («Заттардың сипаттары», Мәскеу, 2021) өлеңдер кітаптарының авторы.

акжан аманжол

2001 жылы 31-наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Псевдоним – Ай қызы.

Қазіргі таңда Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында Кинотеледраматургия мамандығы бойынша 2-курсты тәмамдады. 

«Қолтаңба» поэтикалық бірлестігінің жетекшісі. 2018 жылдан бері шығармашылық кездесулер мен поэзиялық кештер өткізіп жүр.

Өлеңдері «Қазақ әдебиеті», «Ұлан» газеті, «Мәдениет» журналы секілді республикалық басылымдарда, «Массагет», «Qalamger», «Әдебиет порталы», т.б. интернет-порталдарында жарияланған.

«Burshaq» шығармашылық бірлестігінің мүшесі.

2017 ж. 14- қазан мен 2018 ж. 10-ақпан аралығы – Алматылық Ашық Әдеби Мектептің Жастар Әдеби Шеберханасына қатысып, Дина Махметова мен Айжан Ахметтің жетекшілігімен проза жазудың шеберлік сыныбын тәмамдады. Оқыту курсының нәтижесінде шығармалары «Жеке кеңістік» атты әңгімелер жинағына енді.

2019 ж. тамыз-қараша аралығында Қазақстан Жазушылар одағында сайт редакторы болып қызмет атқарды.

Алишер рахат

Алишер РАХАТ – 1995 жылы 11-қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «кинотеледраматургия» мамандығын бітірген. Д.Исабеков, С.Балғабаев секілді Қазақстанға еңбегі сіңген жазушылардан тәлім алған.

 

Шығармашылық жетістіктері:

  • «Жалғыздың жары» драмасымен Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры жас драматургтер арасында өткізген конкурсының жеңімпазы атанды. (2015 жыл)
  • «Жалған мен шындық» пьесасы Өскемен қалалық діни басқармасының ұйымдастыруымен «Терроризмге қарсы драмалық шығарма» конкурсының жеңімпазы атанды және Өскемен қаласының сахнасында қойылды. (2017 жыл)
  • 2017 жылы «Тәуелсіздік толғауы» Республикалық конкурсының «отбасы құндылықтарын айшықтайтын ең үздік пьеса» номинациясының лауреаты. («Туған күніңмен, анашым» драма)
  • 2018 жылы Талдықорған қаласындағы «Ел тарихы – Жер тарихы» республикалық драмалық шығармалар конкурсының үшінші орын иегері. («Жалған мен Шындық» драма)
  • 2018 жылы «Драма.Кз» заманауи драматургия фестивалінде шорт-листіне кірді. («Туған күніңмен, анашым» драма)
  • 2019 жылы «Махаббатым – constant» прозалық кітабы жарық көрді
  • 2019-2020 жылдар аралығында бірнеше әдеби газет-журналдар мен сайттарға шығармалары жарияланды. Ресейлік «Литерра» онлай-журналына, «Қазақ әдебиеті» газетіне, «Әдебиет порталы», «Мәдениет порталы», «Адырна» журналы, «Жас Алаш» газеті, «Қаламгер» порталы.
  • 2021 жылдың 13 қаңтарында «Туған күніңмен, анашым» драмасын «Өзге Эпик» өнер кеңістігінде «Старт Драма» театр лабораториясы сахналады. Режиссері Фархад Молдағали.
  • «Қара мысықтың қожайыны» әңгімесі «Қала мен Қазақ» прозалық конкурсының ынталандыру жүлдесін иеленді, әрі орыс, түрік, ағылшын тілдеріне аударылды.
  • Қытай еліндегі қандастар үшін екі әңгімесі мен романы төте жазуға қотарылып, сайттарға жарияланды.
  • «Burshaq» шығармашылық бірлестігінің негізін қалаушылардың бірі.

 

Шапағат Сердәліқызы

Бекетбаева Шапағат Сердәліқызы – 1995 жылы 20 қаңтарда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында дүниеге келген. Мамандығы – журналист. Оқушы кезінен аудандық, облыстық, қалалық, республикалық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанған. Діни тақырыпта әңгімелер жазып, байқаулардың І және ІІІ орын жеңімпазы болды.

 Авторлық туындылары madeniportal.kz, adebiportal.kz, abai.kz, massaget.kz, bugin.kz, alashainasy.kz, ult.kz, skifnews.kz, almaty.tv/kz, www.oinet.kz, qazbrand.info, asiainfo.kz, osken-onir.kz, halyqline.kz, qarmaqshy-tany.kz интернет-басылымдарына және газеттерге шыққан.

Skifnews.kz ақпараттық порталында журналист, шығарушы редактор, халықаралық «Cabar.asia» (Central Asian Bureau for Analytical Reporting) платформасында фрилансер (2 жылдан астам уақыт), облыстық «Кәсіпкер келбеті» газетінде және республикалық «Кәсіпкер және мәдениет» журналында тілші, республикалық «Orda.kz» баспа үйінде журналист ретінде жұмыс істеген.