OLSHA

Біздің оқытушылар

Любовь Туниянц

Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1976 жылдан Ақтөбе педагогикалық институтында (1976-1981), Санкт-Петербург университетінің Алматыдағы филиалында (1981-2005), Абай атындағы Алматы педагогикалық институтында (1981 жылдан қазіргі уақытқа дейін), «Парасат» институтында орыс және шетел әдебиетінен сабақ береді. «Аполлинарис» журналының редакторы (1993). Орыс әдебиетінің жаңа буыны бойынша құрастырылған  орта мектепке арналған оқулықтың соавторы (6-сынып, 10-сынып). Бірқатар ғылыми жинақтар мен педагогикалық журналдардағы мақалалардың авторы. «Мусагет» қоры құрылғаннан бастап, осы күнге дейін О.Б.Маркова атындағы Алматы ашық әдебиет мектебінде жазу шеберлігі семинарының оқытушысы. 1973 жылы «Лик Земли» атты жинақта жазушының алғаш рет шығармасы жарық көрді.

Аслан Жаксылыков

Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры. 1987 жылы «Окно в степь» атты алғашқы әңгімелер мен повестер жинағы жарық көрді. 1988 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жас жазушылар мен ақындардың 8-ші конференциясына қатысты. 1999 жылы қыркүйекте «Қазақ әдебиеті шығармаларындағы діни мазмұндағы образдар, мотивтер мен идеялар (типология, эстетика, генезис)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 150-ден астам ғылыми еңбектің және 20 көркем шығарманың – роман, әңгіме, повестердің авторы, олардың негізгісі — «Сны окаянных» тетралогиясы. С.Елубаевтың «Ақ боз үй» трилогиясының екі кітабын және Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының алғашқы бернеше тарауын қазақшадан орыс тіліне аударған.

Оксана Трутнева

1978 жылы 23 маусымда Германияның Галле қаласында дүниеге келген.

Жазушы, ақын, әдебиет сыншысы. Әдеби бүркеншік аты — Нина Трокс. «Мусагет» қоғамдық қорында әдеби шеберлік сыныбын бітірген. 2008 жылы ағылшын жазушысы Тобиас Хилл мен ағылшын ақыны Паскаль Петитенің поэзия және проза бойынша шеберлік сыныбын аяқтады. «Мусагет» қорының желілік басылымында, «Простор» әдеби журналында, «Линки для странников» әдеби альманахында, «Пролог» Ресей жас жазушыларының интернет-журналында, «Тамыр» журналында, «Литературный Алма-Ата» әдеби альманахында, «Новый Мир» ресейлік әдеби журналында, «Зарубежные Задворки» германиялық интернет журналында шығармалары жарияланған.

Алматы қаласының ашық әдеби мектебінің (ОЛША) проза семинарының оқытушысы, жетекшісі.

Ксения Рогожникова (Ксения Земскова)

Ақын, балалар жазушысы. Алматы қаласында тұрады. Горький атындағы Әдебиет институтының жоғары әдеби курсын (2007-2009) және «Мусагет» қоғамдық қоры жанынан ашылған алты айлық «Шеберлік сағаты» әдеби шеберлік курсын тәмамдаған (1999, Алматы, Қазақстан). «Тамыр», «Аполлинарий», «ЛитМикс», «Москва», «Нева», «Дружба народов», «Юность», «Балдырған» т.б. қазақ және орыс әдеби журналдарында, «Литературная Алма-Ата» альманахында, «Әдеби порталы» т.б. әдеби порталдарда шығармалары жарияланған. Ресей жас жазушыларының форумдарына және балалар жазушыларының форумдарына (СЭИП ПФ, Мәскеу) қатысқан. «Разница температур» (өлеңдер жинағы, 2005 жыл) және «В ритме сальсы» (қыздарға арналған повес, 2017 жыл) кітаптарының авторы, «Путешествие в подарок» (жол жазбалар жинағы, 2011 жыл), «Два письма» (Елена Клепиковамен бірлесіп жазған өлеңдер жинағы, 2018 жыл), «Кроль Королевы или времена перемен» (Елена Клепиковамен бірлесіп жазған, 2019 жыл), ОЛША (ААӘМ), Chevron компаниясының және American Space Almaty-ның бірлескен жобалары аясында балалар әдебиті шеберханасын (2016 жыл), жазғы әдеби семинарларды (2017-2020 ж.ж.) өткізді. Алматы ашық әдеби мектебінде (ОЛША) проза және балалар әдебиеті бойынша семинар өткізеді. (2009-2020 ж.ж.)

Елена Клепикова

Жазушы, балалар жазушысы, эссеист. «Мусагет» қорының «Шеберлік сағаты» әдеби семинарының түлегі, сондай-ақ СЭИП қоры ұйымдастырған жас жазушылар форумының қатысушысы, Бренда Фланаганның (АҚШ), В.Воскобойниковтың, О.Павлованың, Л.Бахнованың (Ресей) шеберлік семинарларына қатысқан. «Проза және балалар әдебиеті» ОЛША (Алматы қаласының ашық әдеби мектебі) семинарының оқытушысы және жүргізушісі. ОЛША (ААӘМ), Chevron компаниясының, American Space Almaty-ның бірлескен жобалар аясында Балалар әдеби шеберханасын (2016 жыл), Жастар әдеби шеберханасын (2018 жыл) және Жазғы әдеби семинарларды (2017-2020 ж.ж.) өткізді.

«Дружба народов», «Литературология», «Аполлинарий», «Простор», «Нива», «Бәйтерек», «Тамыр», «Литературная Алма- Ата», «ЛитерраНова», «Жёлтая гусеница», «Автограф», «КлубОК», «Дактил»; «Жизнь прекрасна», «Алагид»  т.б. Қазақстанның, Ресейдің, Германияның, Украинаның әдеби журналдары мен альманахтарындағы шығармалары жарияланған.

«Золотое перо Руси» (2008 жыл), «Перекресток» (2009 жыл,Германия), «Желтая гусеница» (2010 жыл, Ресей), «Алтын қалам» (2011 жыл, Қазақстан), «Корнейчуковская премия» (2015-2017 ж.ж., Украина), «Даробоз» (2015 жыл, Қазақстан), «Гайдаровский конкурс» (2016 жыл, Ресей) т.б. халықаралық әдеби конкурстардың лауреаты.

«Тричастие» (2010 жыл), «Алма-Атинские быльки» (2011 жыл, (екінші басылым 2012 жыл), «Жизнь во сне по отрывному календарю» (2013 жыл), «Истории Кота Патрика» (2014 жыл), «Пан Тырц и Мурзик» (2014 жыл), «В городе яблок» (2015 жыл), «Тайна синей паутины» (2017жыл), «Удивительные приключения Пыхтелкина и Мурчалкина» (2019 жыл) атты сегіз кітаптың авторы.

«Солянка сборная или кулинарная книга литератора» (2009 жыл), «К востоку от Гринвича: путешествие в подарок» (2011 жыл), «Дуплетом» (Елена Радосновамен бірлесе жазылған, 2011 жыл), «Сказки для взрослых» (Наталья Сакавовамен бірлесе жазылған, 2013 жыл), «Два письма» (Ксения Рогожниковамен бірлесе жазылған, 2018 жыл), «Кроль Королевы, или времена перемен» (Ксения Земсковамен бірлесе жазылған, 2019 жыл) кітаптарының соавторы.

Дина Махметова

Драматург, театртанушы, аудармашы. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «театртану» мамандығы бойынша, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аударма ісі мамандығы бойынша тамамдаған. «Мусагет» қоғамдық қорының жазушылық шеберлік курсына қатысушы. Пьесаларының оқылымдары «ARTиШОК» театрында (Алматы, 2005 – 2006 жылдары), «Статус Плюс» студиясының ұйымдастыруымен «Ильхом» театрындағы фестивальде (Ташкент, 2009) өткен. Алматылық ашық әдебиет мектебінде театр және кинодраматургия семинарын, жастар әдебиеті шеберханаларын жүргізеді. Шығармалары Text Only желілік журналында, Literra Nova әдеби альманахында жарияланған.

Юрий Серебрянский

Жазушы, мәдениеттанушы. 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Польшаның Ольштын қаласындағы Вармия-Мазури университетін бітірген. «Простор», «Книголюб», «Дружба народов», «Знамя», «Новый мир», «Воздух», «День и ночь», «Новая юность», «Пролог», «Юность», «Iowa Magazine», «Barzakh», «Новая реальность», «Polutona», «Лиterraтура», «Promegalit» және т.б әдеби журналдарда шығармалары жарияланған. Липкидегі жас жазушылардың форумына қатысқан. 2010 және 2014 жылдары «Русская премия» сыйлығының «кіші проза» номинациясы бойынша лауреаты атанды. АҚШ-тағы «IWP 2017» халықаралық жазушылар резиденциясының қатысушысы, шығармалары қазақ, ағылшын, поляк, араб, испан, қытай, неміс тілдеріне аударылған. Қазақстандағы поляк диаспорасының «Ałmatyński Kurier Polonijny» журналының редакторы. «Esquire Kazkahstan» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді. «Лиterraтура» журналының проза бөлімінің редакторы. Алматының ашық әдеби мектебінде (ОЛША) проза семинарын, Айова университетінде IWP шығармашылық семинарларын өткізеді. Қазақ ПЕН-клубының мүшесі. Польшаның Ольштын қаласындағы Вармия-Мазури университетінде докторлық диссертациясын дайындап жатыр. Парақшасы: yuriyserebriansky.com

АЛИШЕР РАХАТ

Қазақстандық жазушы, драматург. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «кинотеледраматургия» мамандығын бітірген. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры жас драматургтер арасында өткізген байқауының (2015), Шығыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Терроризмге қарсы драмалық шығарма» байқауының жеңімпазы (2017), «Тәуелсіздік толғауы» республикалық байқауының «Отбасы құндылықтарын айшықтайтын ең үздік пьеса» аталымының иегері (2017), «Драма.KZ» заманауи драматургия фестивалінің финалисті (2018), «Алтын тобылғы» әдеби байқауының «Жылдың үздік драматургиясы» аталымы бойынша жеңімпазы (2021). Ташкент қаласында өткен «IV Театр жастары форумының» қатысушысы (2021). Бірқатар пьесалары қазақстандық театрлардың сахнасында қойылды. Шығармалары «Қазақ әдебиеті»,  «Жас Алаш» газеттерінде, «Әдебиет порталы», «Мәдениет порталы», «Қаламгер» сайттарында, «Адырна» және «Литерра» журналдарында жарияланған. «Махаббатым – constant» және «Параллель» романдарының авторы (2019, 2022). Әңгімелері орыс, түрік, ағылшын тілдеріне аударылған. «Burshaq» шығармашылық бірлестігінің негізін қалаушылардың бірі.

САЛТАНАТ ҚАЙЫРБЕК

Қазақ ақыны. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетін «филология» мамандығы бойынша бітірген. Бірнеше республикалық әдеби сыйлықтың лауреаты. 2019 жылы «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ…» атты ІХ Қасым Аманжолов оқуларының бас жүлдесін иеленген. «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, «Әдебиет порталы», «Мәдениет порталы», «Қаламгер» т.б. әдеби порталдарда, «Жулдыз», «Найзатас» журналдарында шығармалары жарияланған. «Барокко болмыс» жыр жинағының авторы (2021 жыл).

Берікбол БАТАН

Жазушы, киносценарист. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «кинотеледраматургия» мамандығы бойынша бітірген. Әңгімелері «Дауыс» атты жас жазушылар антологиясына енген (2022 жыл). «…өліктердің уысында ериді» романының авторы (2020 жыл). «Q-елі» (2018 жыл), «Ақ жауын» (2022 жыл), «Қара ой» (2020 жыл), «Жазмыш» (2022 жыл) телехикаяларының, «Әл-Фараби» (2019 жыл) деректі фильмінің, «Көңілді көкөністер» (2021 жыл) мультхикаясының сценаристі. «Burshaq» шығармашылық бірлестігінің негізін салушылардың бірі.