

Қазақстандық жазушы, әдебиеттанушы, әдеби сыншы, мәдениет пен гуманитарлық ғылымдарды дамытуға арналған «Мусагет» қоғамдық қорының негізін салушы және президенті. 1999-2008 жылдары Алматыда әдебиет курстарын басқарған. Заманауи қазақстандық әдебиетті дамытуға елеулі үлес қосты. Лақап аты – Ольга Марк.
Ольга Маркованы еске алуға арналған Qalamdas әдеби сыйлығы қазақ пен орыс тілдерінде жазатын дарынды қазақстандық авторларды қолдап қана қоймай, олардың басын қосып, алдағы бірлесіп өркендеуі үшін ортақ шығармашылық кеңістікті қалыптастыруды мақсат етеді. Сонымен қатар, әдеби сыйлықтың тағы бір мақсаты – Қазақстанда көркем аударма мен әдеби сынды қолдау және дамыту.
Әдеби сыйлықтың байқауы екі тілде келесі бес номинация бойынша өткізіледі: «Поэзия», «Проза», «Балалар әдебиеті», «Әдеби сын» және «Көркем аударма». 18 жастан асқан Қазақстанның азаматтары байқауға өтінім беруге құқылы. Бұл жаңа көркем аудармалардың пайда болуына, қазақтілді мен орыстілді әдебиеттердің жақындасуына және Қазақстандағы әдеби сын саласының дамуына септігін тигізеді.
Байқаудың әділ өтуі үшін үміткерлердің жұмыстары қазылар алқасына автордың аты-жөнін көрсетпей беріледі, ал қазылар алқасының құрамына тек қазақстандық қаламгерлер ғана емес, шетелдік ақын-жазушылар мен әдеби сыншылар шақыртылған.
EZ Solutions — Орталық Азияның корпоративтік секторындағы ең ірі ивент-агенттік. Жиырма жылдан астам уақыт бойы біз компаниялардың өсуі мен брендтердің нығаюының стратегиялық құралдары қызметін атқаратын маркетингтік, бизнес және HR-іс-шараларын ұйымдастырып, нарықты қалыптастырып келеміз.
«Дактиль» — 2019 жылы қалың әдеби журналдардың үлгісімен құрылған ай сайынғы желілік әдеби журнал. Бастапқыда қазақстандық орыс тілді авторларға арналғанымен, қазіргі уақытта журнал қазақстандық әдебиетпен қатар Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Эстония, Греция, Германия, АҚШ сынды жақын және алыс шетел елдері авторларының шығармаларын жариялап келеді. 2021 жылдан бері қос тілде шығатын журнал қазақ тілді және орыс тілді ақын-жазушылар мен драматургтер үшін бірыңғай алаңға айналды.
Ақын, журналист, қазақстандық «Дактиль» онлайн әдеби журналының бас редакторы және «Поэзия» бөлімінің редакторы. Алматылық ашық әдебиет мектебінде поэзия мен әдеби сын семинарларын (2017-2018, 2020-2021 жылдары), «СТиХИ» баспасының Мәскеу студиясының ұйымдастыруымен өткен поэзия семинарларын бітірген (2021). Шығармалары «Плавучий мост», «Звезда», «Дружба народов», «Юность», «Формаслов», «Крещатик», «Этажи» ресейлік әдеби журналдарында, қазақстандық «Простор», «Тамыр» журналдарында, Literra NOVA альманахында жарияланған. СЭИП қорының Қазақстанда өткен әдеби фестивальдерінің (2019 және 2021 жылдары), Almaty Writing Residency қатысушысы (2021). Екі өлеңдер кітабының авторы. Өлеңдері ағылшын және неміс тілдеріне аударылған.
Қазақстандық ақын, балалар жазушысы. Алматыда тұрады. «Мусагет» қоғамдық қорының жазушылық шеберлік курсын, А.М. Горький атындағы Әдебиет институтының Жоғары әдебиет курстарын (балалар әдебиеті семинарын, 2007-2009 жылдары) бітірген. Екі өлеңдер жинағының авторы, балалар мен жасөспірімдерге арналған үш кітаптың бірлескен авторы. Шығармалары ресейлік және қазақстандық қағаз басылымдарда мен желілік журналдарда (соның ішінде «Полутона», «Формаслов», «Лиterraтура», «Юность», «Дружба народов», «Әдебиет порталы», «Аполлинарий», «Дактиль») жарияланып келеді. Ресей, ТМД және шет елдердің жас жазушыларының форумдарына қатысушы. Алматылық ашық әдебиет мектебінде проза мен балалар әдебиеті семинарын, жастар әдебиеті шеберханаларын жүргізеді.
Драматург, театртанушы, аудармашы. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «театртану» мамандығы бойынша, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аударма ісі мамандығы бойынша тамамдаған. «Мусагет» қоғамдық қорының жазушылық шеберлік курсына қатысушы. Пьесаларының оқылымдары «ARTиШОК» театрында (Алматы, 2005 – 2006 жылдары), «Статус Плюс» студиясының ұйымдастыруымен «Ильхом» театрындағы фестивальде (Ташкент, 2009) өткен. Алматылық ашық әдебиет мектебінде театр және кинодраматургия семинарын, жастар әдебиеті шеберханаларын жүргізеді. Шығармалары Text Only желілік журналында, Literra Nova әдеби альманахында жарияланған.
Жазушы. 1988 жылы дүниеге келген. Жоғары заңгерлік білімі бар. СЭИП қоры ұйымдастыруымен өткен XVIII және XIX Жас жазушылар форумдарына қатысушы. Шығармалары «Дружба народов», «Юность», «Автограф» журналдарында, «Дактиль», «Лиterraтура», «Формаслов» онлайн әдеби журналдарында, LiterraNova (2018) әдеби альманахында, «Дорога без конца» проза жинағында жарияланған.
Қазақстандық жазушы әрі драматург. Төрт проза кітабының авторы, шығармалары бірқатар қазақстандық және шетелдік әдеби журналдар мен жинақтарда жарияланған. «Русская премия» әдеби сыйлығының екі мәрте иегері, драматургия байқаулары мен фестивальдерінің финалисті әрі иегері. Ольга Маркова атындағы Алматылық ашық әдебиет мектебінің негізін салушылардың бірі. Қазақстанда өткен әдеби форумдар мен фестивальдердің бірлескен ұйымдастырушысы. С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының сценарий-кинотану факультетін тамамдаған. Мәскеу жазушылар одағы мен қазақстандық ПЕН-клубтың мүшесі. Алматыда тұрады.
Айнұр Төлеу — ақын, драматург, әдебиеттанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистрі. «Әдебиет пен адамзат», «BOOKclub» телебағдарламаларының авторы әрі жүргізушісі. Janr әдеби клубының негізін қалаушы. «Ақ қауырсын», «Самғау» әдеби сыйлықтарының лауреаты. Қазіргі уақытта Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында Абай институтының жетекшісі.
Малика Кохан — балалар мен жасөспірімдер әдебиетін басып шығаратын тәуелсіз қазақстандық Tentek Publishing House баспасының негізін қалаушы әрі бас редакторы. СПбГЭТУ (ЛЭТИ) университетінің гуманитарлық факультетінің түлегі, Таусон университетінің диплом иегері. Санкт-Петербургтегі «Свое издательство» тәуелсіз баспасында, қазақстандық ғылыми-көпшілік OYLA журналының командасында жұмыс істеген.
Андрей Орлов — жазушылар қауымдастығының жетекшісі, Fahrenheit кітап фестивалінің ұйымдастырушысы, әдеби продюсер.
Дмитрий Мельников — Maqsut Narikbayev University-дің профессор-оқытушысы, Амстердам еркін университетінің PhD-кандидаты. Дін философиясы, әдебиет философиясы саласындағы зерттеулер жүргізеді. Орталық Азияның заманауи әдебиеті мен өнерін зерттеумен айналысады. Философиядан, сыни ойлау пәнінен сабақ береді. «Ой» философиялық кеңістігінің негізін қалаушы әрі модераторы.
Нұрбек Нұржанұлы — ақын әрі жазушы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Түркия, Ардахан университеті, «Түркі халықтары әдебиеті» мамандығының магистрі және «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ-та, Нью-Йорк фильм академиясы «Медиажурналистика» мамандығы бойынша тағылымдамадан өткен. Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия факультетінің докторанты.
Гүлден Жылкелдиева — жазушы, журналист. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Әлеуметтік ғылымдар магистрі. Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті бағыты бойынша докторантурада білім алып, әдебиетті оқыту әдістемесі саласында зерттеу жүргізіп келеді.
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының проза жанры бойынша Гран-при иегері, «Алтын сақа» республикалық балалар әдебиеті байқауының жүлдегері, Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауының Гран-при иегері. Qalamdas әдеби сыйлығының финалисі.