OLSHA

Жастар Әдебиеті Шеберханасы-2022Проза жазуды ұнататын болсаңыз, шеберханамызға қош келдіңіз!

Ольга Маркова атындағы Алматылық Ашық Әдебиет Мектебі Қазақстанда тұратын 15-21 жас аралығындағы авторлар үшін жазушылық шеберлікке үйрететін тегін онлайн курс ұсынады. Сабақтар 2022 жылғы наурыз-маусым айларында айына екі рет (жексенбі күндері), Zoom бағдарламасында екі сағат бойы қазақ тілінде өткізіледі.
Қатысушылар жастарға қызықты жанрлардың заңдылықтарымен, әңгіменің композиция түрлерімен танысып, психологиялық, мистикалық, фантастикалық, шытырман оқиғалы, детективті әңгімелерді, постмодернистік ертегілерді жазып үйренеді, бір-бірінің әңгімелерін оқып, талқылайды және орысша жазатын құрдастарымен кездеседі.
Шеберханада жазылған үздік шығармалар курстың соңында жарияланатын жинаққа енеді. Әр авторға кітап даналары, сондай-ақ, сертификат беріледі (Алматыдан тыс тұратындарға пошта арқылы жіберіледі).

Курсымызда тек 15 қана орын бар!

Байқауға қатысу үшін наурыздың 15-іне дейін litshkola@gmail.com поштасына қазақ тілінде жазылған бір әңгіменізді жіберіңіз. Көлемі Microsoft Word файлындағы 3 беттен аспауы керек. Сонымен қатар бұл файлда үміткердің өтінімі және «Неліктен Жастар әдебиеті шеберханасында оқығым келеді?» атты эссе (көлемі жарты бет) болуы керек. Хат тақырыбы – «Шеберхана».
Өтінімде үміткердің аты-жөні, жасы, тұратын мекені, мекенжайы, оқу орны (сыныбы, курсы, мамандығы), ұялы телефоны, e-mail көрсетілуі тиіс.
Жастар Әдебиеті Шеберханалары – Ольга Маркова атындағы Алматылық Ашық Әдебиет Мектебінің «Шеврон» компаниясы, Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы, American Space Almaty әлеуметтік алаңымен бірлескен жобасы.