Қазақстандық авторлар үшін АҚШ пен Ұлыбританияда шығармаларды жариялау мүмкіндіктері
2021 жылдың 19 шілдесінде Almaty Writing Residency резиденция бағдарламасының аясында «Қазақстандық авторлар үшін АҚШ пен Ұлыбританияда шығармаларды жариялау мүмкіндіктері» атты онлайн семинар өтті.
Aғылшын тілді әдебиет әлемінде қазақстандық авторлар үшін шығармаларды жариялау мүмкіндіктері туралы үш спикер айтып берді:
1 бөлім. Сабина Аманбаева, ғылым докторы, АҚШ-тағы Оклахома-Сити университетінің ағылшын тілі мен салыстырмалы әдебиеттану кафедрасының доценті. Әлем әдебиеті, шекспиртану және орыс тілінен дәріс береді. Қарағандыда туып өскен.
2 бөлім. Лена Шевелева, ғылым докторы, Ұлыбританиядағы Кардифф университетінің экономика кафедрасының доценті. Экономика және қазіргі сауда пәнін оқытады. Жазушылықпен айналысады, ұлыбританиялық әдеби клубтардың мүшесі. Алматыда туып өскен.
3 бөлім. Нина Мюррей, украин тектес американдық автор, Резиденциямыздың 2021 жылғы қонағы, Львов қаласында дүниеге келген. Лингвистика және шығармашылық жазу бойынша ғылыми дәрежелердің иегері. Шығармалары американдық әдеби журналдарда жарияланып отырады, соның ішінде қазіргі әдебиеттің орыс және украин тілдерінен ағылшын тіліне аудармалары да бар.
1 бөлім.
2 бөлім.
3 бөлім.
Кездесу материалдарын осы жерден жүктеп алуға болады:
- Publishing and Translations in the U.S. Нина Мюррей
- Конференции по Славистике и Культуре Евразии в США. Сабина Аманбаева
- Writing workshops and opportunities for Kazakhstani writers in the U.K. Лена Шевелева
- Hangouts — sample Aseees proposal
- How to prepare for foreign markets
- Negotiating Contracts: A Translator’s Checklist