OLSHA

2022 жылдың 25 қыркүйегінде Ольга Маркованы еске алуға арналған Qalamdas әдеби сыйлығының бірінші маусымы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды.

1 наурыз бен 15 мамыр аралығында Қазақстанның бірқатар өңірлерінен (Алматы, Астана, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Тараз, Талдықорған, Өскемен, Шымкент қалаларынан және Ақмола, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарынан) байқауға 172 өтінім келіп түсті, соның ішінде 76 өтінім қазақ тілінде және 96 өтінім орыс тілінде болды.

 

Qalamdas-2022 әдеби сыйлығы жеңімпаздарының тізімі (қазақ тілі):

«Проза» аталымында – Ануар Кошкарбаев

«Поэзия» аталымында – Жулдыз Молдагалиева

«Балалар әдебиеті» аталымында – Айгерим Нурмагамбетова

«Әдеби сын» аталымында – Бақытбек Қадыр

«Көркем аударма» аталымында – Асель Төлепберген

 

Qalamdas-2022 әдеби сыйлығы жеңімпаздарының тізімі (орыс тілі):

«Проза» аталымында – Александр Селин

«Поэзия» аталымында – Амангельды Рахметов

«Балалар әдебиеті» аталымында – Дамина Мукитанова

«Әдеби сын» аталымында – Людмила Сафронова мен Эльмира Жанысбекова (бірлескен авторлық)

«Көркем аударма» аталымында – Юлия Губанова

 

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз.

Сондай-ақ ұзын және қысқа тізімге енген авторлардың шығармалары «Дактиль» журналында жарияланатынын хабарлаймыз.