OLSHA

МЕКТЕП ТУРАЛЫ

back-school-concept-clock-pile-books_23-2148224243

«Мусагет» қоғамдық қорының бастамасы мен қызметін (1998-2008 ж.) жалғастырып келе жатқан Алматылық ашық әдебиет мектебі (ААӘМ) 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Михаил Земсковтың жетекшілігіндегі «Мусагет» шеберлік сыныптарының алматылық жазушы-түлектері ААӘМ-нің негізін қалады. ААӘМ – коммерциялық емес әлеуметтік-мәдени жоба және әдеби дағдыларды үйретуге маманданған Орталық Азиядағы жалғыз оқу орны. ААӘМ командасына 17 адамнан тұратын профессорлық-оқытушылық құрам (соның ішінде 2 профессор, 3 доцент, 1 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты), сондай-ақ 3 үлестіруші, директор және қажеттілігіне қарай тартылған еріктілер кіреді.

0
ОҚУ АҒЫНЫ
0
ЖАҢА АВТОР

ААӘМ түлектері мен оқытушылары беделді халықаралық әдеби сыйлықтардың шорт-және лонг-тізімдеріне еніп, лауреат атанған, соның ішінде «Дарабоз», «Алтын Калам», «Русская премия», «Дебют» сыйлығы, Владислав Крапивин, Сергей Михалков атындағы сыйлық және т.б. Олардың жұмыстары әдеби журналдарда тұрақты жарияланып тұрады және жеке кітап болып басылып шығуда.

ААӘМ — іне шеберлер ретінде шақырылған белгілі жазушылар, ақындар, сыншылар, сценаристер мен баспагерлер: Януш Леон Вишневский, Леонид Бахнов, Ана Кастильо, Олег Рой, Диана Машкова, Сибил Кемпсон, Олег Павлов, Ольга Ермолаева, Джоди МакАлеф. Роман Сенчин, Ирина Накариакова, Наталья Иванова, Олег Лекманов, Шихо Маэда, Ольга Гурова, Анна Игнатова, Раджана Саксена, Дмитрий Кузьмин, Максим Амелин, Сергей Чупринин, Евгений Абдуллаев, Галина Юзефович, Бренда Фланаган және басқалар дәріс оқып, семинарлар өткізді.

ААӘМ оқыту курсынан бөлек, әртүрлі әдеби жобалар мен іс-шараларды — шығармашылық кездесулер мен әдеби фестивальдерді, баспа жобаларын ұйымдастырып келеді және оның ішінде атап айтарлығы 2014 және 2015 жылдары өткен халықаралық «Полифония» әдеби фестивалі. Полифония аясында Алматыда Бақыт Кенжеев, Илья Кукулин, Леонид Бахнов, Евгений Прощин, Андрей Усачев, Валерий Воскобойников, Данил Файзов, Денис Осокин, Юрий Цветков және өзге де дәріскерлермен шеберлік сабақтары, ашық дәрістер мен шығармашылық кездесулер өтті.

Мектептің негізгі мақсаты – бастаушы жазушыларға, ақын-драматургтерге қолдау көрсету, сондай-ақ қазақстандық әдеби процестің қалыптасуы мен жандануына ықпал ету.

Бұл жаңа әдеби есімдерді ашуды, әдебиеттану институтын қалыптастыруды, қалың оқырманды қазақ авторларымен таныстыруды көздейді. Мектептің негізгі мақсаты – бастаушы жазушыларға, ақындар мен драматургтерге қолдау көрсету, сондай-ақ қазақстандық әдеби процестің қалыптасуы мен жандануына ықпал ету. Оның ішінде жаңа әдеби есімдердің ашылуы, әдеби сын институтының қалыптасуы, қазақстандық авторлардың қалың оқырманға насихатталуы да бар.