OLSHA

БІЗДІҢ КУРСТАР

Алматының ашық әдеби мектебі (ААӘМ) жыл сайын қазан айынан мамырға дейін созылатын жаңа оқу жылына тыңдаушылалар қабылданатынын жариялайды. Сабақтар сенбі күндері, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өткізіледі. Оқу жылының курсына әдебиет тарихы, стилистика, киносценарий өнері, драматургия теориясы, өнер тарихы, авторлық құқық және т.б. бойынша дәрістер, проза, драматургия, балалар әдебиеті мен поэзиясы бойынша практикалық семинарлар, сондай-ақ заманауи жазушылармен семинар кездесулер енген.

Мектеп оқытушылары — қазақстандық әдебиеттанушылар, өнертанушылар, жазушылар мен ақындар.

Әдеби мектеп жұмысының нәтижелері бойынша тыңдаушылардың үздік шығармалары:

— қазақстандық және шетелдік әдеби журналдар мен баспаларда жариялануға.

— қазақстандық және халықаралық әдеби байқауларға қатысуға ұсынылатын болады.

Авторлар қазақстандық және халықаралық әдеби форумдарға, семинарларға, жазу топтарына қатысушы ретінде ұсыныла алады.

ААӘМ-не қабылдау шығармашылық конкурстың нәтижелері бойынша өткізіледі. Шығармашылық байқау 2019 жылдың 10 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

Проза семинарында, проза және балалар әдебиеті семинарында оқығысы келетіндер үшін:

Көлемі 10,000 белгіге дейінгі бос орындары бар прозалық мәтіндер (әңгімелер, повесть, роман үзінділері).

Поэзия семинарында оқығысы келетіндер үшін:

Жалпы көлемі 200 жолға дейінгі поэтикалық шығармалар.

Биыл біз БІРІНШІ КУРС қабылдаймыз:
– проза семинары: жетекшісі Алишер Рахат (оқу мерзімі: 6 ай, 2022 жылдың
1 қазанынан 2023 жылдың 31 наурызына дейін)
– Поэзия семинары: жетекші туралы мәліметті оқу жақындағанда
хабарлаймыз (оқу ұзақтығы: 6 ай, 2022 жылдың 1 қазанынан 2023 жылдың 31
наурызына дейін)
– кинодраматургия семинары: жетекшісі Берікбол Батан (оқу ұзақтығы: 6 ай,
2022 жылдың 1 қазанынан 2023 жылдың 31 наурызына дейін)

ӘДЕБИ МЕКТЕПТІҢ МАҚСАТТАРЫ:

  • Тыңдаушыларды әдеби сауаттылық және әдеби шеберлік негіздеріне оқыту;

  • Дарынды автор – жазушыларды, ақындарды, драматургтерді іздеу және қолдау;

  • Бастаушы авторларға баспалармен және әдеби журналдармен байланыс орнатуға көмектесу;

  • Ақпарат, шығармашылық қуат пен идеялармен алмасу үшін әдеби қауымдастық құру.

Бірінші курста сабақтар сенбі сайын, екінші курста айына екі рет, жалғастырушы курста айына бір рет өткізіледі. Өтінімдерді 2019 жылдың 10 қыркүйегіне дейін электронды пошта арқылы жіберу қажет. Хабарламаның тақырыбында мәтіннің қай семинарға және қай курсқа жіберіліп жатқанын бас әріппен көрсету қажет: ПРОЗА, БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ, ПОЭЗИЯ немесе ДРАМАТУРГИЯ. Мысалы, PROSE_1 КУРС. Мәтіндерді бірнеше семинарларға жіберуге болады (проза+поэзия, проза+драма және т.б.) Бұл жағдайда тыңдаушы өз шығармасы ең жоғары балл алған жанр бойынша семинарға жазылады. Сіз тек бір семинарға қатыса аласыз. Конкурстық жұмыстар Microsoft Word құжат форматында қабылданады және келесідей атау керек: АВТОРДЫҢ ТЕГІ_СЕМИНАР_КУРСЫ. Байқауға әңгімелер мен өлеңдер жинақтары бір файлда қабылданады. Басқа форматтағы және мұрағатталған қалталардағы файлдар, көрсетілген көлемнен асатын хаттың негізгі бөлігінде жарияланған мәтіндер қарастырылмайды. Байқау нәтижелерін жариялау 2019 жылдың 28 қыркүйегінде болады. Байқау нәтижелерін сайтта, жобаның Facebook желісіндегі https://www.facebook.com/litshkolakz/ парақшасында орналастырып, байқаудың барлық қатысушыларын электронды пошта арқылы хабардар етеміз. Байқаудан өткен авторлар үшін 2019-2020 оқу жылында Әдебиет мектебінде бірінші жылы оқу құны айына 12 000 теңгені құрайды. Екінші және жалғастырушы курс студенттері үшін оқу құны айына 10 000 теңгені құрайды. Шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша қажетті балл жинамаған авторлар Әдеби мектептің лекцияларына волонтер ретінде қатыса алады, бірақ семинарларға қатыса алмайды. Еріктілердің оқу ақысы айына 15 000 теңге.