OLSHA

Құрметті достар, «Almaty Writing Residency-2022» Алматылық Жазушылар Резиденциясына қатысушылар тізімін қуана-қуана жариялаймыз.
Байқауға 26 өтінім алдық, соның ішінен біздің қазылар алқасы жеңімпаздарды таңдады. Байқау анонимді түрде өтті. Шығармалар қазылар алқасына автордың аты-жөнінсіз және автор туралы ақпаратсыз жіберілді. 
Almaty Writing Residency-ге 6 финалист қатысатын болады.
Олар:
1. Орал Арукенова
2. Айнагүл Садықова 
3. Нұрбек Нұржан
4. Светлана Познякова
5. Айгерим Алтаева
6. Асет Сыздыков
 
Қатысушыларды құттықтаймыз!
Ал жеңіске жетпегендерден үміт үзбеуді сұраймыз – келесі жылы жаңа Резиденция өтетін болады.
Байқауға қатысқандарға алғыс айтып, шығармашылық табыс тілейміз. 
Қазылар алқасының мүшелері Фархат Тамендаров, Лиля Калаус, Зира Наурызбай және Есей Жеңісұлына атқарған жұмыстары үшін алғыс айтамыз.
Жобамызға қолдау көрсеткен Алматыдағы АҚШ Бас консулдығына және Chevron корпорациясына зор ризашылығымызды білдіреміз.