
Сонымен, бүгін AWR-25 қатысушыларының есімдерін жариялауға дайынбыз!
Биылғы резиденцияның тақырыбы: Жаһандық контекстегі қазақстандық драматургия: даму бағыттары мен өзекті мәселелері.
Айнұр Төлеу, Наташа Дубс, Галина Пьянова, Аманкелді Мұқан сынды мамандардан құралған қазылар алқасы 32 эссе оқып, 6 жұмысты іріктеп алды, соның ішінде қазақ тіліндегі 3 жұмыс және орыс тіліндегі 3 жұмыс болды. Байқауға қызықты әрі мазмұны терең эсселер жіберген қатысушылардың барлығына алғыстымыз, жұмыстардың арасынан үздіктерін таңдау бізге оңайға соқпады.
Almaty Writing Residency-2025 ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
Бақыт Жалиева / Реалистік драматургия дәстүрі және жаңа формалық ізденістер
Инна Семененко / Почему современный казахстанский театр не заинтересован в современной же казахстанской драматургии и как это исправить?
Ақмарал Айтбаева / Әйел драматургтер, олардың өздерін мәтінде репрезентациялауы және қазақстандық қоғамдағы проблемаларға көзқарасы
Аманжол Қазыбек / Қазіргі қазақстандық театр заманауи отандық драматургияға неге аса мүдделі емес және бұл жағдайды қалай өзгертуге болады?
Александр Если / Казахстанская драма в глобальном контексте
Данияр Сугралинов / Современный герой в пьесах казахстанских драматургов: кто он?
Естеріңізге сала кетейік, резиденция 6-10 қазан аралығында Алматыда өтеді. Бізде екі негізгі жұмыс алаңы бар: «Қазақстан» шипажайы және American Space Almaty. Резиденцияның ашылуы ARTиШОК театрының Кіші сахнасында өтеді.
Резиденция күнтізбесі біздің парақшамызда жарияланады.
Жоба Алматыдағы АҚШ Бас Консулдығы мен «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асып жатыр.
AWR-25 резиденциясында кездескенше!