OLSHA

🎉 ААӘМ-нің Жастар Әдебиеті Шеберханасына өтінім ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ! 📚 Егер проза мен поэзияға қызықсаң, шығарманың құрылымын, түрлі жанрлардың ерекшеліктерін түсініп, рецензия жазып үйренгің келсе, әрі сахнада өз шығармаңды оқуды қаласаң, онда бізге кел!
💡 «Шеврон» компаниясы мен Caravan of Knowledge жобасының қолдауымен жастарға арналған қазақ тіліндегі Әдебиет Шеберханасының тегін курсын бастаймыз.

✍️ Біз кімдерді іздейміз?
📌 Үйренуге, көркем шығарма жазуға, оны ортаға салып, талқылауға дайын
📌 16 – 22 жас аралығындағы
📌 қазақша жазатын авторларды күтеміз

🔥 Сені не күтеді?
✔️ Сенбі күндері өтетін 10 практикалық сабақ (2 сағат)
✔️ Гибридті оқу форматы: Алматыда офлайн, басқа өңірлерде онлайн
✔️ Тәжірибелі ұстаздар
✔️ Қатысушылардың шығармашылық кеші театр сахнасында өтеді
✔️ Үздік шығармалар қазақстандық әдеби журналдарда жарияланады
✔️ Қатысушыларға сертификат беріледі

Курсқа қатысу — тегін
Оқыту тілі — қазақ тілі
Курстың басталуы — 2025 жылдың шілде айының соңы

🎯 Оқуға қалай түсуге болады?
Шығармашылық байқауға қатысу керек:
📌 100 жолдан аспайтын өлеңдеріңді және/немесе 6000 таңбаға дейінгі прозалық шығармаларыңды,
📌 көлемі 0.5–1 беттік «Неліктен Жастар әдебиеті шеберханасында оқығым келеді?» атты эссені өтініммен бірге байқауға жіберу қажет.
📌 өтінімде мынадай мәліметтер болуы керек: үміткердің аты-жөні, жасы, оқу орны (сыныбы, курсы, мамандығы), тұрғылықты мекенжайы, ватсабы бар ұялы телефон нөмірі, электронды пошта мекенжайы. Мектеп оқушылары қай ауысымда (бірінші, екінші) оқитынын көрсетуі тиіс.
📩 Барлығын litshkola@gmail.com мекенжайына жолдау қажет.
🗓 Өтінім қабылдау 2025 жылдың 26 мамыры – 19 шілдесі аралығында өтеді.
Нейрожелілер көмегімен жазылған мәтіндер байқауға қабылданбайды!

📌 Байқауға қатысты барлық сұрақтарды мына ватсап нөміріне жолдауға болады:
+7 705 192 2130 (Дина Махметова)
📣 Өз мүмкіндігіңді жіберіп алма — жазушылық талантыңды көрсет!