
АЛМАТЫДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ БІРДЕН-БІР ЖАЗУШЫЛАР РЕЗИДЕНЦИЯСЫНЫҢ ТӨРТІНШІ МАУСЫМЫ ӨТЕДІ
Алматы жазушылар резиденциясы – Ольга Маркова атындағы Алматы Ашық Әдебиет Мектебі (ААӘМ) мен америкалық IWP бағдарламасының халықаралық жобасы, ол Орталық Азиядағы алғашқы жазушылар резиденциясы болып, көптеген әдеби жобаларға бастау беріп, олардың дамуына септігін тигізді.
Биыл AWR драматургтердің бірлескен шығармашылығы, тәжірибе алмасуы мен мәдени ынтымақтастығының бірегей алаңына айналады!
Резиденция тақырыбы:
Жаһандық контекстегі қазақстандық драматургия: даму бағыттары мен өзекті мәселелері.
Постдрама бағытына қызығып жүрген, қазақша немесе орысша пьеса жазып, қойылым, перформанс қойып, жаңа сахналық формалар іздеп жүрген қазақстандық авторларды AWR-2025 жұмысына қатысуға шақырамыз.
Үміткерлерді іріктеген кезде олардың байқауға жолданған эсселеріне ғана емес, театр саласындағы жұмыс тәжірибесіне де мән беріледі.
Айнұр Төлеу, Галина Пьянова, Аманкелді Мұқан, Наташа Дубс сынды білікті мамандардан құралған қазылар алқасы 2025 жылғы резиденцияның 6 қатысушысын іріктеумен айналысады.
Резиденция қонағы танымал америкалық драматург, Айова университетінің профессоры Лиза Шлезингер қатысушыларға семинарлар өткізеді.
Бағдарлама аясында қазақстандық әдебиет пен театр процесін дамытуға бағытталған қонақ дәрістері, көпшілік оқылымдар, панельді пікірталастар мен тәуелсіз театрлардың режиссерлерімен кездесулер жоспарланған. Барлық іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аудармамен өтеді.
Қатысушылардың Қазақстанның кез келген жерінен Алматыға жол жүру, кері қайту, Алматыда тұру шығындары өтеледі. Байқауға өтінім беру үшін үміткерлер ұсынылған тақырыптардың біріне қазақ немесе орыс тілінде 6 000 таңбаға дейінгі эссе жазып, оны Word файлында толтырылған өтінім мен жеке куәлігінің көшірмесімен бірге Almatywritingresidency@gmail.comэлектронды поштасына жолдауы қажет.
Эссе тақырыптары:
- Қазақстандық драматургияның бүгінгі кейіпкері кім?
- Реалистік драматургия дәстүрі және жаңа формалық ізденістер
- Деректі драма жанры және автордың өз бірегейлігін іздеуі
- Қазақстан драматургиясындағы постмодернизм
- Әйел драматургтер, олардың өздерін мәтінде репрезентациялауы және қазақстандық қоғамдағы проблемаларға көзқарасы
- Қазіргі қазақстандық театр заманауи отандық драматургияға неге аса мүдделі емес және бұл жағдайды қалай өзгертуге болады?
- Жаһандық контекстегі қазақстандық драма
- Еліміздегі қазақтілді және орыстілді театрлар – екі бөлек аудиторияға арналған екі түрліқұбылыс па, әлде драматургия тіліндегі ортақ мәселелерін талқылау алаңы ма?
AWR—2025 күнтізбесі:
- 21 мамыр – Open call жариялау, өтінімдер қабылдаудың басталуы
- 20 тамыз – өтінімдер қабылдаудың аяқталуы
- 27 тамыз – қатысушылардың есімдерін жариялау
- 6-10 қазан – AWR-2025 Резиденциясының Алматыда өтуі
Биылғы резиденция туралы, алдыңғы маусымдары жайлы қосымша ақпарат алу үшін Almaty Writing Residency-дің ресми сайтына өтіңіздер https://litshkola.kz/almaty-writing-residency-2025-kaz/
Сұрақтарыңызды AWR үйлестірушісі Альмира Исмаиловаға жолдауларыңызға болады:Almatywritingresidency@gmail.com, +77471117549.
Жоба Алматыдағы АҚШ Бас Консулдығы, «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асып жатыр.