OLSHA

ALMATY WRITING RESIDENCY-ГЕ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ
Бүгінге дейін келіп түскен өтінімдер қазылар алқасының қарауына жіберілді. Байқауға қатысқандарыңызға көп рақмет!
Өтінім беріп үлгермесеңіз, 12 ақпанға дейін уақыт әлі бар (ОСЫ КҮНДІ ҚОСА АЛҒАНДА).
Өтінім беру ережесін мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз.
Биылғы резиденция тақырыбы:
«Нон-фикшен әдебиеті және деректі поэзия қазақстандық бірегейлікті іздеуде».
Сайтымыздан қазылар алқасының мүшелері туралы ақпарат алып, ұсынылып отырған тақырыптардың бірін таңдап алып, өтінім нысанын жүктеп алуға болады (файлды жүктей алмасаңыз, маған хабарласыңыз, проблеманы шешіп береміз).
Сондай-ақ сайтымызда ашық кездесулер мен пікірталастардың бағдарламасы бар.
Жоба Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясы мен Шеврон компаниясының қолдауымен жүзеге асып жатыр.