OLSHA

Қымбатты достар, біз «Almaty Writing Residency» атты тұңғыш Алматылық Жазушылар Резиденциясына қатысушылар тізімін зор қуанышпен жариялаймыз.

Байқауға 74 өтініш түсті, сондықтан қазылар алқасының мүшелері үшін шілде және тамыз айының алғашқы жартысы тек күннің ыстығымен ғана емес естерінде қалды.

Almaty Writing Residency байқауының 6 финалисті анықталды:

Нурайна Сатпаева — проза аталымы бойынша. Алматы.

Алишер Рахат — проза аталымы бойынша. Алматы.

Шапагат Сердаликызы — проза аталымы бойынша. Нұр-Сұлтан.

Ақжан Аманжол — поэзия аталымы бойынша. Алматы.

Ирина Гумыркина — поэзия аталымы бойынша. Алматы.

Аман Рахметов — поэзия аталымы бойынша. Шымкент.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Ал қалған қатысушылардан үміт үзбеуді сұраймыз  – алдымызда келесі Резиденция бар.

Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз және шығармашылық табыс тілейміз.

Қазылар алқасының мүшелері Орал Арукенова, Алина Гатина, Ардақ Нұрғазы және Евгений Абдуллаевқа атқарған жұмыстары үшін алғыс айтамыз.

Жобамызға қолдау көрсеткен Алматыдағы АҚШ Бас консулдығына және Chevron корпорациясына зор ризашылығымызды білдіреміз.