Ресей Федерациясы театр қайраткерлерінің одағының тарихы 1877 жылдан, Ресей суретшілерінің өзара көмек қоғамы құрылған кезден (1877–1883) басталады. Одақ сонымен қатар «көмекке мұқтаж сахна қайраткерлеріне көмек көрсету» қоғамдық ұйымының (1883-1894), «Императорлық орыс театры» қоғамдық ұйымының (1894-1919), «Орыс театр қоғамдық ұйымының» (1919-1933), «Бүкілресейлік театр қоғамдық ұйымының» (1919-1933) заңды мұрагері болып табылады.
Ресей Федерациясының Театр қайраткерлерінің одағы Ресейдің түкпір-түкпірінен келген театр өнерінің қайраткерлерін біріктіреді. Одақтың негізгі мақсаттары – театр өнерін дамытуға жан-жақты көмек көрсету, ресейлік театрлар мен театр мектептеріне практикалық қолдау көрсету, ресейлік және халықаралық театр байланыстарын жан-жақты дамыту, театр өнерін дамытудың әлеуметтік, құқықтық және кәсіби мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, театрдың шығармашылық қызметкерлеріне, Одақ мүшелерінің шығармашылық жұмысы мен өмір сүруіне қажетті жағдай жасау.
М.Лермонтов атындағы ұлттық орыс драма театры – Алматыдағы эстетика мен мәдениеттің эталоны. 1933 жылы Ю.Л.Рутковский, В.Зельдин, З.Морская, Е.Кручинина, Е.Диордиев және т.б. өз ісінің шеберлері театрдың негізін салды. 1964 жылы 150 жылдығына орай ұлы ақынның есімі берілді. 10 жылдан соң сәтті гастрольдік сапардан кейін ол академиялық театр ретінде танылды. Одан кейінгі жылдары Лермонтов атындағы орыс драма театры мәдениет пен халықтың эстетикалық өзіндік санасын дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін түрлі марапаттарға ие болды. Театр өзінің өмір сүрген уақытында көрермендерге 500-ге жуық спектакль ұсынды. Театрдың көркемдік жетекшісі — Дмитрий Скирта.
Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы өнер мен мәдениет саласындағы көркемдік білім берудің жоғары стандарттарының эталоны, жоғары білікті мамандар мен ғылыми кадрларды дайындайтын ірі оқу-ғылыми орталық болып табылады. Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының тарихы 1955 жылы Құрманғазы атындағы өнер институтында (қазіргі консерватория) театр бөлімі ашылуынан басталады. 1977 жылы оның негізінде Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институты (АГТХИ) құрылды. 1989 жылы 28 қаңтарда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мәдениет пен өнердің дамуына орасан зор үлес қосқан Қазақстан халық ағарту комиссары Темірбек Қараұлы Жүргеновтың атына беруге қаулы қабылдайды.
Академия ұжымы қазіргі заманның талабына сай өз біліктіліктерін арттырып, шығармашылықпен белсенді айналысуда. Соңғы жылдары 50-ден астам көркем, деректі және анимациялық фильмдер түсірілді. 200-ден астам фильм мемлекеттік тілге аударылған. 15 театрландырылған қойылым қойылды. 40-тан астам концерттер мен бенефис қойылымдары өткізілді. 16 хореографиялық шығармалар жасады. Академияның 70-тен астам оқытушылары мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары, халықаралық, республикалық фестивальдар мен байқаулардың дипломаттары атанды.
«AРТиШОК» театры – 2001 жылы Алматыда кәсіби актерлар, режиссерлер мен арт-менеджерлер командасы – Галина Пьянова, Вероника Насальская, Елена Тайматова, Елена Набокова, Дмитрий Скиртамен құрылған Қазақстандағы тұңғыш тәуелсіз театр ұжымы. Мәдениет саласындағы жобаларды қолға алып, жүзеге асырушы еліміздің жетекші эксперименталды театры. Театрды еуропалық және ресейлік сыншылар, халықаралық мәдени ұйымдар мойындаған, сондай-ақ дүние жүзіндегі театр фестивальдері мен форумдарына қатысқан.