OLSHA

Алматыда Almaty Writing Residency-2022 байқауына өтінім қабылдау басталып кетті.
Резиденция – бұл Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық Миссиясы және Chevron компаниясының Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясындағы Ольга Маркова атындағы Алматылық ашық әдебиет мектебі (ААӘМ) мен танымал американдық IWP International Writing Program бағдарламасының халықаралық жобасы.
2021 жылдың қыркүйек айында Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі бірден-бір жазушылар резиденциясы бірінші маусымын сәтті өткізіп, бірегей әдеби оқиғаға айналып кетті.
2022 жылғы Резиденция тақырыбы: «Балалар мен жасөспірімдер әдебиетіндегі мультимәдениеттілік. Балалар әдебиеті өзгерістер дәуірінде». Қазақтілді мен орыстілді қазақстандық авторлар арасында байланыс орнату және тәжірибе алмастыру – Резиденцияның негізгі мақсаттарының бірі.
Авторлардан алдағы шығармашылық ізденістеріне, кітаптарының отандық және әлемдік нарыққа шығарылуына септігін тигізетін нәтижелі жұмыстарын күтеміз.
Шығармашылық ортаға сіңісіп кету үшін қатысушылар қазан айында бір апта бойы бірге тұрып, туындыларын ортаға салып, әдебиетке қатысты мәселелерді талқылайтын болады. Резиденция үш тілде өтеді – қазақша, ағылшынша, орысша. Биыл да қонақтар мен қатысушыларымен шығармашылық кездесулерді, көпшілік іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр.
Биыл дәріс-семинар жүргізуге танымал американдық автор, балалар мен жасөспірімдер әдебиетінің көрнекті өкілі, тәжірибелі ұстаз Келли Дуайер шақырылған. Резиденция аясында қатысушылар мен қонақтарымен кездесу, әдеби аудармашы Нина Мюрреймен қазақстандық әдебиеттің ағылшын тіліне аударылуының өзекті мәселелері туралы әңгімелесу, IWP директоры, ақын, эссеист Кристофер Мерриллдің ашық онлайн дәрісі, балалар әдебиетін шығаратын қазақстандық баспалармен басқосу секілді іс-шаралар American Space Almaty әлеуметтік алаңында өтеді.
Резиденцияға қатысушылар конкурстық негізде іріктеледі. Байқауға Қазақстанда тұратын, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармаларды қазақ немесе орыс тілінде жазатын авторлар шақырылады. Өтінім қабылдау 2 шілдеде басталып, 30 тамызға дейін жалғасады. Резиденция 23-29 қазан аралығында Алматыда өтеді.
БАҚ үшін байланыс: +7 (777) 124 44 44. litshkola@gmail.com
Инстаграм: @litschool_olsha
www.litshkola.kz сайтына өтіп, Резиденция бағдарламасымен, өтінімді рәсімдеу ережесімен толығырақ танысып, Байқау ережесін жүктеп алуға болады.
Өтінімді litshkola@gmail.com электронды адресіне жіберуге болады.