OLSHA

Алматы Ашық Әдебиет Мектебі қазақ тіліндегі жазушылық шеберліктің курсына авторларды шақырады!

Курс проза, поэзия, драматургия сабақтарын қамтиды.

Оқыту онлайн форматында сенбі күндері сағат 10:00-нан бастап өтеді.

Оқу жылы қарашаның бірінші сенбі күні басталып, сәуірдің соңғы сенбі күні аяқталады.

Семинар жетекшісі:
Айзат Рақыш

Оқу құны – айына 15 000 теңге.

Әдеби мектепке түсу үшін автор шығармасын, өзі туралы қысқаша ақпаратты (аты-жөні, туған жылы мен электронды мекенжайын) litshkola@gmail.com поштасына жіберуі керек.
Өтінімдер 2024 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.

Хаттың тақырыбында оқыту тілі мен семинардың бағыты бас әріппен көрсетілуі керек. Мәселен, ҚАЗ_ПРОЗА.

Өтінім жібергенде шығарманың көлеміне мән беруіңізді сұраймыз.

Прозалық шығармалар (әңгімелер, хикаяттан, романнан үзінділер) бос орындарды қоса алғанда 10 000 баспа белгіден аспауы керек.
Поэзиялық шығармалардың жалпы көлемі 200 жолға дейін болуы керек.
Пьесалар, киносценарийлер немесе үзінділері бос орындарды қоса алғанда 10 000 баспа белгіден аспауы керек.

Байқауға 18-ге толған авторлар қатыса алады.

Сонымен қатар биыл мектебімізде ерікті тыңдаушылар дәріс тыңдай алады. Іріктеуден өтпегендер ерікті тыңдаушылар ретінде дәріс тыңдауға мүмкіндік алады, алайда практикалық семинарлардың жұмысына қатыса алмайды.

Оқу процесінің нәтижесінде тыңдаушылардың үздік шығармалары :

– қазақстандық әрі шетелдік әдеби журналдар мен баспаларға,

– отандық әрі халықаралық әдеби байқауларға ұсынылады.

ААӘМ мақсаттары:
– тыңдаушыларға әдеби сауаттылықтың және жазушылық шеберліктің негіздерін оқыту;
– дарынды авторларды (ақын-жазушыларды, драматургтерді) іздеп табу және оларға қолдау көрсету;
– шығармалар жазуды жаңа бастап жүрген авторларға баспалармен және әдеби журналдармен қарым-қатынас орнатуға көмектесу;
– ақпарат, шығармашылық энергия мен идеялар алмасу үшін әдеби қауымдастықты құру.

Қосымша ақпарат алу үшін мына What’s App нөміріне жазыңыз: Валерия 8 777 124 4444

www.litshkola.kz

Оставьте комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *