Айова Университетінің Жазушылар шеберханасының түлегі, «Періштелер іздері» және «Елестермен автопортреті» романдарының, балаларға арналған екі кітаптың авторы. Оның монолог форматындағы пьесалар мен шағын драмалары Мэдисон, Бостон, Нью-Йорк, Глазго (Шотландия) қалаларында сахналанды. Калифорнияда туып-өсіп, Мэдисон маңындағы Барабу қаласында (Висконсин штаты) тұрады. Жазушылық шеберліктің курсын оқытып, басқа қаламгерлердің қолжазбаларын өңдеп, роман, пьесаларға қалам тартып, орта жасқа келген Дисней ханшайымдарынан шабыт алып, өте қысқа әңгімелерді жазып келеді. Тәжірибелі ұстаз, қолынан келген көмегін аямайтын жазушылық шеберліктің оқытушысы.
Нина Мюррей батыс украиналық Львов қаласында туып өсті. Лингвистика және шығармашылық жазу саласындағы ғылыми дәреженің иегері. Alcestis in the Underworld («Алкеста о дүниеде», Circling Rivers Press баспасы, 2019 жылы) өлеңдер жинағының, Minimize Considered (Finishing Line Press баспасы, 2018 жылы), Minor Heresies (Heartland Review Press баспасы, 2020 жылы) және Damascus Electric (Pen & Anvil Press баспасы, 2020 жылы) атты кітаптардың авторы. Оның орыс және украин тілдерінен аударған кітаптарының ішінде Петр Алешковскийдің «Старгород» әңгімелер жинағы, Оксана Забужконың «Ұмытылған құпиялардың мұражайы» («Музей заброшенных тайн») атты романы және Оксана Люцишинаның «Иван мен Феба» романы бар.
Орыс, украин, испан, литва, ағылшын тілдерін біледі.
Кристофер Мерриллдің жарияланымдары жеті поэзия жинағын құрайды, соның ішінде Американдық ақындар академиясының марапатына – Питер И. Б. Лаван атындағы жас ақындар сыйлығына – ие болған «Сигнал оты» (Watch Fire), оның көптеген редакторлық еңбектері мен аудармалары, сондай-ақ нон-фикшн жанрындағы алты кітап бар. Олардың арасынан үшеуін ерекше атап өтуге болады: 90-шы жылдардың бірінші жартысындағы Балкандағы қарулы қақтығыстар туралы «Шегелер ғана қалады» (Only the Nails Remain) кітабын, автордың киелі Афон тауына жасаған саяхаты жайлы «Жасырын Құдайдың кереметтерін» (Things of the Hidden God), «Сәнталмен автопортретім» (Self-Portrait with Dogwood) атты өткенді шолу кітабын. Бұл кітапта ол өз өмірін ғана емес, айналасындағы әлемде болып жатқан маңызды оқиғаларды ой елегінен өткізеді.
Мерриллдің көркем шығармалары 40-қа жуық тілге аударылған. Сонымен қатар асқан дарынның арқасында ол журналистика саласында да көптеген жетістікке қол жеткізді. Ол Францияның Әдебиет және өнер орденінің кавалері, Джон Саймон Гуггенхайм Мемориалдық қоры және Инграм Меррилл қорының стипендиаты, аудармашылық шеберлігі үшін бірқатар сыйлықтардың иегері атанған.
2000 жылдан бері Айова Университетінің Халықаралық жазушылар бағдарламасының директоры қызметін атқарып, Меррилл 50-ден астам елде мәдени дипломатияның миссияларын ұйымдастырды. 2011–2018 жылдары ол АҚШ-тың ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясында қызмет етті. 2012 жылдың сәуір айында президент Барак Обама Меррилді АҚШ-тың Гуманитарлық ғылымдарының консулдығындағы лауазымға тағайындады.
Айгерим Алтаева – ағылшын тілі оқытушысы, жазушы әрі ақын. Орыс және ағылшын тілдерінде жазады. Еңбектері Томск Мемлекеттік педагогикалық университетінің «Наука и образование» жинақтарында, «Детский Вопрос» онлайн журналында жарияланған. GLOBAL UGRAD (АҚШ) халықаралық алмасу бағдарламасының түлегі, Қазақстанда Peace Revolution (Таиланд) жобасының үйлестірушісі болды, «Промень» және «Современник» жастар театрларының қойылымдарына қатысты.
Светлана Познякова – проза авторы, оқытушы, креативті жазу курстарының жаттықтырушысы. Орыс тілінде жазады. Ертегілері және әңгімелері LiterraNova альманахында, Алматылық ашық әдебиет мектебінің «Дорога без конца» («Ұшы-қиырсыз жол») мерейтойлық жинағында жарияланып, қазақстандық «Аруна», ресейлік «Издание книг» баспаларынан шықты.
Нұрбек Нұржанұлы 1995 жылы 29 мамырда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақермен ауылында өмірге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Түркия мемлекеті, Ардахан университетінің магистрі. «Мұң Ай», «Көкшіл көлеңке» жыр жинақтарының, «Тәнсіз гүлдер» проза кітабының авторы.
Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінде 1-орынға ие болды. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің 3-дәрежелі лауреаты атанған. Республикалық «Алтын қалам» байқауының «Жылдың үздік поэзиясы» аталымының жүлдегері. Республикалық «Қазақ пен қала» әдеби байқауының 1-орын иегері. Балаларға арналған Республикалық «Ер Төстік» әдеби байқауының 1-орнын еншілеген және Республикалық «Ұлы дала байқауында» «Балаларға арналған шығармалар» аталымы бойынша 2-орын иегері атанды.
Қазіргі таңда Алматы қаласының тұрғыны. «Қазақ университеті» газетінің тілшісі.
Орал Арукенова – жазушы, ақын, әдебиеттанушы және аудармашы, қазақ және орыс тілдерінде жазады. Шығармалары Қазақстанда, Ресейде, Германияда және АҚШ-та онлайн және қағаз журналдар мен жинақтарда жарияланған. Оның 2018 жылғы «Правила Нефтянки» («Мұнай бизнесінің ережелері») кітабы «Алтын қалам» тәуелсіз әдеби байқауы бойынша «Жылдың әдеби дебюті» атанды. Шелли Фейервезер-Вега аударған «Саябаққа барамын жасырын…» өлеңі Нью-Йорк қалалық университетінің (CUNY) Ұлы Әдебиет Шығармалары II антологиясына енді. MECENAT.KZ – Қазақстан туралы ең үздік романы әдеби сыйлығының финалисті (2022).
Садықова Айнагүл – жазушы, аудармашы, әдебиеттанушы. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, түрлі мемлекеттік тапсырыстар аясында Т.Уайлдер, Ф.Кафка, А.Маршалл, А.Рюноскэнің шығармаларын аударған. 2004-жылғы Республикалық Жас жазушылар, сыншылар, эссеистер мен аудармашылар байқауының «Көркем аударма» номинациясы бойынша бас жүлдегері. MECENAT.KZ – Қазақстан туралы үздік романы әдеби конкурсының финалисі (2022), «Күзгі әуен» романының авторы. Жоо-нда оқытушылық, ғылыми жұмыс, «Хабар», «Первый канал Евразия» телеарналарында шығармашылық жұмыс тәжірибесі бар. ҚР Жазушылар Одағының мүшесі. Ғылым магистрі.
Асет Сыздыков – балалар мен жасөспірімдерге арналған прозалық шығармалардың авторы, журналист. Астанада тұрады. Орыс тілінде жазады. Шығармалары қазақстандық газеттер мен әдеби журналдарда жарияланған. Мәселен, 2005 жылы Көкшетаудағы «Лидер» газетінде «В паутине» («Өрмекшінің торында»), «Кошмар из чердака» («Шатыр астындағы қорқынышты оқиға») және «Чёрный заяц» («Қара қоян») әңгімелері шыққан. 2007 жылы 17 жастағы автор балаларға арналған «Сказки яблонь» («Алма ағаштарының ертегілері») повесін жазып, бұл шығармамен «Алтын қалам» және Еуразиялық гильдия байқауларына қатысып, олардың қысқа тізімдеріне еніп, финалисті атанған. 2022 жылы бұл повесть «Дактиль» онлайн журналында жарияланған. Биыл QALAMDAS байқауына робототехникамен әуестенетін оқушылар туралы баяндайтын «Алан и Закария. Город актаматонов» («Алан мен Закария. Актаматондар қаласы»)повесімен қатысқан.