OLSHA

ААӘМ (ОЛША) 2022-2023 оқу жылы басталғанын хабарлайды!
 
Көптен күткен күн де келіп жетті! Біздің әдеби мектептің қазақ тіліндегі 
бөлімдері ашылды. 
 
Алматы ашық әдеби мектебіне түсу үшін шығармашылық байқау 
жариялаймыз! 
 
 Эпидемиологиялық жағдайға байланысты биылғы оқу жылы да онлайн 
режимінде өтеді.
 
Біз өткен жылы да онлайн режимде өткізіп көрдік және оның көптеген 
артықшылықтары бар екеніне байқадық. Сіз әлемнің кез келген жерінен оқу 
мүмкіндігіне ие боласыз, ал біз әртүрлі елдің тәжірибелі авторларымен 
кездесу ұйымдастыра аламыз!
 
Қазақ тілінде проза, поэзия, кинодраматургия семинарының оқу мерзімі 6 ай. 
2022 жылдың 1 қазанынан 2023 жылдың 31 наурызына дейін.
 
Биыл біз БІРІНШІ КУРС қабылдаймыз:
– проза семинары: жетекшісі Алишер Рахат (оқу мерзімі: 6 ай, 2022 жылдың 
1 қазанынан 2023 жылдың 31 наурызына дейін)
– Поэзия семинары: жетекші туралы мәліметті оқу жақындағанда 
хабарлаймыз (оқу ұзақтығы: 6 ай, 2022 жылдың 1 қазанынан 2023 жылдың 31 
наурызына дейін)
– кинодраматургия семинары: жетекшісі Берікбол Батан (оқу ұзақтығы: 6 ай, 
2022 жылдың 1 қазанынан 2023 жылдың 31 наурызына дейін)
 
ААӘМ-не қабылдау шығармашылық конкурстың нәтижелері бойынша 
өткізіледі. Шығармашылық байқау 2022 жылдың 15 тамызы мен 15 
қыркүйегі аралығында өтеді. 
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет: 
Проза семинарында оқығысы келетіндер үшін: 
Көлемі бос орындары бар 10,000 белгіге дейінгі прозалық мәтіндер 
(әңгімелер, повесть, роман үзінділері). 
Поэзия семинарында оқығысы келетіндер үшін: 
Жалпы көлемі 200 жолға дейінгі өлеңдер. 
Кинодраматургия семинарында оқығысы келетіндер үшін: 
Көлемі бос орындары бар 10,000 белгіге дейінгі киносценарийлер (не 
болмаса киносценарийлердің фрагменттері). 
Ережелерді сақтауларыңызды өтінеміз. Талапқа сай келмейтін жұмыстар 
байқауға жіберілмейді.
 
Шығармаларды 2022 жылдың 15 қыркүйегіне дейін litshkola@gmail.com 
электрондық поштасына жіберуіңіз керек.
 
Хабарламаның тақырыбында мәтіннің қай тілдегі семинарға және қай курсқа 
жіберіліп жатқанын бас әріппен көрсету қажет: ПРОЗА, ПОЭЗИЯ немесе 
КИНОДРАМАТУРГИЯ. Мысалы, ҚАЗ_ПРОЗА_1 КУРС. Мәтіндерді бірнеше 
семинарларға жіберуге болады (проза+поэзия, проза+кинодраматургия және 
т.б.) Бұл жағдайда тыңдаушы өз шығармасы ең жоғары балл алған жанр 
бойынша семинарға жазылады. Сіз тек бір семинарға қатыса аласыз. 
 
Конкурстық жұмыстар Microsoft Word құжат форматында қабылданады және 
келесідей атау керек: АВТОРДЫҢ ТЕГІ_СЕМИНАР_КУРСЫ. 
 
Байқауға әңгімелер мен өлеңдер жинақтары бір файлда қабылданады. Басқа 
форматтағы және мұрағатталған қалталардағы файлдар, көрсетілген 
көлемнен асатын, хаттың негізгі бөлігінде жарияланған мәтіндер 
қарастырылмайды. 
Байқау нәтижелерін жариялау 2022 жылдың 28 қыркүйегінде болады. Байқау 
нәтижелерін сайтта, жобаның Facebook желісіндегі 
https://www.facebook.com/litshkolakz/ парақшасында орналастырып, 
байқаудың барлық қатысушыларын электронды пошта арқылы хабардар 
етеміз. 
ЕСКЕРТУ: қабылдау конкурсына 18 жастан асқан адамдар қатыса алады. 
 
Сондай-ақ осы жылы біз ерікті тыңдаушыларға лекцияға қатысуға рұқсат 
береміз. Байқаудан өте алмағандардың барлығы тәжірибелік семинарларға 
қатыспай-ақ, лекцияға қатыса алады. Тәжірибелік семинарларға қатысу 
оқытушымен келісім бойынша (жұмыстарды талдаусыз) рұқсат етіледі.
 
Байқаудан өткен авторлар үшін 2022-2023 оқу жылында Әдебиет мектебінде 
бірінші жылы оқу құны айына 15 000 теңгені құрайды. 
 
 Әдеби мектеп жұмысының нәтижелері бойынша тыңдаушылардың үздік 
шығармалары: 
— қазақстандық және шетелдік әдеби журналдар мен баспаларда жариялануға. 
— қазақстандық және халықаралық әдеби байқауларға қатысуға ұсынылатын 
болады. 
Авторлар қазақстандық және халықаралық әдеби форумдарға, семинарларға, 
жазу топтарына қатысушы ретінде ұсыныла алады.
 
 ӘДЕБИ МЕКТЕПТІҢ МАҚСАТТАРЫ: 
 
-Тыңдаушыларды әдеби сауаттылық және әдеби шеберлік негіздеріне оқыту; 
-Дарынды автор – жазушыларды, ақындарды, драматургтерді іздеу және 
қолдау; 
-Бастаушы авторларға баспалармен және әдеби журналдармен байланыс 
орнатуға көмектесу; 
-Ақпарат, шығармашылық қуат пен идеялармен алмасу үшін әдеби 
қауымдастық құру. 
 
Қосымша ақпараттар алу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласа 
аласыздар: 
Алишер: +7 708 149 2987