Almaty Writing Residency – бұл Ольга Маркова атындағы Алматылық ашық әдебиет мектебі (ААӘМ) мен танымал американдық IWP International Writing Program бағдарламасының халықаралық жобасы. 2021 жылдан бастап, Қазақстандағы Бірінші жазушылар резиденциясы қазақстандық ақын-жазушылар мен алыс және жақын шетел елдерінің авторлары үшін елеулі жыл сайынғы оқиғаға айналып кетті.
ALmaty writING residency - iwp international writers program
Almaty Writing Residency – бұл ААӘМ және танымал АҚШ-тағы IWP жазушылар резиденциясының бірлескен халықаралық жобасы.
IWP-ді 1967 жылы Пол Энгл және Хуалинг Ние Энгл Айова жазушылары шеберханасы үлгісінде халықаралық бейакадемиялық бағдарлама ретінде құрды. 2014 жылдан бері бұл бағдарлама әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын жазушылар мен ақындарға курстарды ұсынып келеді. Құрылған кезден бастап IWP курстарына 150-ден аса елден 1500-ден астам танымал және шығармашылығын жаңа бастап жүрген ақын, романист, драматург, эссеист пен журналист қатысты. Жобаның негізгі мақсаты – дарынды жазушыларды Айова Университетінің қаламгерлер қауымымен таныстырып, олардың шығармашылық жұмысына белгілі бір уақытқа оңтайлы жағдай жасау. 2000 жылдан бері IWP-ді ақын әрі журналист Кристофер Меррилл басқарып келеді.
ЖАЗУШЫЛАР РЕЗИДЕНЦИЯСЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Шығармашылық ортаға сіңісіп кету үшін Резиденцияға қатысушылар бір апта бойы бірге тұратын болады. Туындыларын ортаға салып, әдебиетке қатысты мәселелерді талқылап, шығармашылық кездесулер мен көпшілік іс-шараларға қатысып, қала ішіне және сыртына саяхат жасайтын болады. Резиденцияға конкурстық іріктеуден өткен авторлар қатыса алады. Байқауға қатысуға танымал прозашылар мен ақындар, сондай-ақ шығармашылығын жаңа бастап жүрген жазушылар шақырылады. Тәжірибелі авторларға артықшылық беріледі. Резиденция іс-шаралары үш тілде – ағылшынша, қазақша, орысша аудармашылардың қатысуымен өтеді. Іріктеуден өткен қатысушылардың Алматыға дейінгі және кері қайтқандағы жол шығындары, тұрғын үй-жай жалдау жөніндегі шығындары өтеледі, тәуліктік ақысы төленеді. Авторларға қойылатын негізгі талап – резиденция іс-шараларына белсенді қатысуы.
Ағылшын тілінде жазатын үнді ақыны. Калькуттада тұрады. An Afternoon in My Mind (Copper Coin 2022/Bite-Sized Books, U.K.), Karmic Chanting (Copper Coin 2018) және Ink and Line (Dhauli Books 2018) және тағы бес поэзия кітабының авторы. Македония, Ирландия, Түркия, Никарагуа, Шри-Ланка, Германия, Венгрия, Словакия, Италия, Украина, Мадагаскар, Ирландия және Оңтүстік Африка елдеріндегі поэзия фестивальдеріне қатысқан. Оның мәтіндері Еуропада, Солтүстік Америкада, Азияда және Австралияда жарияланған. Бірнеше әдеби марапаттардың иегері, соның ішінде Gayatri Gamarsh Memorial Award сыйлығын, 2023 жылы Godyoo Podyo Probondho Award сыйлығын алған, 2020 жылы Тагор әдеби сыйлығының (Tagore Literary Prize) қысқа тізіміне енгізілген. Өлеңдері Harper’s Bazaar, Virginia Quarterly Review, Stand Magazine, Words Without Borders, Singing in the Dark (Penguin Random House), Luvina magazine (University of Guadalajara, Mexico), La Otra (University of Mexico), Indian Literature (Sahitya Akademi), Stand magazine, Poetry Salzburg Review (University of Salzburg), and Mascara Literary Review және басқа да журналдарда жарияланған.
2014-2016 жж. Айова университетінің Silk Routes халықаралық жазушылық бағдарламасы жобасы авторларының бірі. Chair Poetry Evenings халықаралық фестивалінің негізін қалаушы және директоры, Lyrikline (Haus für Poesie, Берлин) үнді бөлімінің редакторы және Enchanting Verses Literary Review басылымының редакторы. Ол Poetry at Sangam (Үндістан) және Words Without Borders (Нью-Йорк) газеттерінің шақырылған редакторы болды. Мәтіндері хинди, итальян, қытай, түрік, словак, македон, словен, венгр, араб және орыс тілдерін қоса алғанда, жиырмадан астам тілге аударылған.
Ольга Маркова атындағы Алматы ашық әдеби мектебі мен Almaty Writing Residency 2023 жылдың қонағы – белгілі үнді ақыны Сонет Мондалды Алматыда қарсы алады.
29.09.–04.10.23 аралығында ақын қазақстандық әдеби аудармашыларға арналған AWR семинарына қатысады, семинар соңында Сонет Мондалдың қазақ және орыс тілдеріне аударылған өлеңдері жарияланады.
Соннет Мондалмен ашық қоғамдық шығармашылық кездесу 03.10.23 күні сағат 17.00-де Алматы қаласында (American Space and Maker Space Almaty, Almaty Towers бизнес орталығында, Байзақова көшесі, 280 өтеді.
Әдебиетке қолдау көрсету – бұл қаражат пен еңбектің ұзақ мерзімді жұмсалуын қажет ететін үдеріс болғанымен, кейбір нәтижелерін қазір де көруге болады: қатысушылардың жаңа шығармалары жарық көріп отыр, қазақстандық әдебиет туралы мақалалар шығып жатыр, Резиденция әдеби үдерістің бір бөлігіне мен біздің сүйікті қаламыздың мәдени ландшафтының ерекшелігіне айналып барады. Бұл AWR-дің жазушыларға қажетті іс-шара болғанын, өз орнымызды тапқанымызды көрсетеді. AWR Қазақстан үшін бірегей бағдарлама.
БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ:
2009 жылдың желтоқсанында Америка Құрама Штаттары Алматыда Бас консулдығын ашты. Бас консулдықта Мемлекеттік департаменттің кеңселері (соның ішінде – консулдық, қоғаммен байланыс жөніндегі және саяси-экономикалық бөлімдер), АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID), Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC), Есірткіге қарсы күрес жөніндегі басқарма (DEA), АҚШ-тың Коммерциялық қызметі және Президенттің ЖИТС-тің алдын алу төтенше жоспары бойынша бағдарламасы (PEPFAR) орналасқан. Бұл Консулдық өңір Қазақстанның төрт оңтүстік аймағын (ОБЛЫСТАРЫН) қамтиды. Дегенмен, көптеген Консулдық агенттіктері мен секциялары Қазақстанда және Орталық Азияда кең өкілеттілікке ие.
Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы сауда, экономикалық даму, демократия мен басқару, гуманитарлық көмек, денсаулықты нығайту және сырқатқа қарсы күрес, есірткіге қарсы күрес және қоршаған ортаны қорғау сияқты екіжақты және аймақтық мәселелердің кең аясында жұмыс істейді. Сондай-ақ, Бас консулдық Қазақстандағы Американың азаматтарына және бизнестеріне қызметтерін көрсетеді.
Штаб-пәтері Сан-Рамон қаласында (Калифорния штаты) орналасқан Chevron корпорациясы –жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Еншілес кәсіпорындары дүние жүзінде жұмыс істейді. Компания энергия көздерін өңдеудің барлық салаларына: шикі мұнай мен табиғи газды барлауға, өндіруге және тасымалдауға, көлік отынын және басқа энергетика өнімдерін өңдеуге, өткізуге және таратуға, мұнай-химия өнімдерін өндіруге және өткізуге, электр және геотермалды энергиясын өндіруге қатысады, сонымен қатар энергияны тиімді пайдалану саласындағы техникалық шешімдерді әзірлеумен, сондай-ақ болашақтың энергетика ресурстарын, соның ішінде биоотын меңгеру ісімен де айналысады. Қазақстанда Chevron қоғамды дамытуға бағытталған және мәдениет саласындағы жобаларға қолдау көрсетеді, 2021 жылдан бері олардың арасында Almaty Writers Residency де бар.
«Әңгіме» қазақ тілінде «сөйлесу», «баяндау» дегенді білдіреді. Осы бейнені негізге алып, Angime редакциясы қазіргі Қазақстанның бірегей интеллектуалды және мәдени контекстінде халықаралық, көптілді және пәнаралық шығармашылық байланыстарды орнату мен қолдауды мақсат етеді. Журналдың редакторлары – Назарбаев Университетінің көпұлтты оқытушылар құрамы және тәуелсіз редакторлар.
БІЗДІҢ КОМАНДАМЫЗ:
Жазушы, мәдениеттанушы. 1975 жылы Алма-Атада дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Польшадағы Ольштын қаласындағы Варминско-Мазурский университетін тамамдаған. Шығармалары «Простор», «Книголюб», «Дружба народов», «Знамя», «Новый мир», «Воздух», «День и ночь», «Новая юность», «Пролог», «Юность», Iowa Magazine, Barzakh, «Новая реальность», Polutona, «Лиterraтура», Promegalit, т.б. әдеби журналында жарық көрген. Липки қаласындағы Жас жазушылар форумына қатысып, 2010 және 2014 жылдары «шағын проза» аталымы бойынша «Русская премия» сыйлығының иегері атанған. 2017 жылғы АҚШ-тағы IWP халықаралық жазушылар резиденциясына қатысушы. Қазақстандағы поляк диаспорасының Ałmatyński Kurier Polonijny журналының редакторы. «Лиterraтура» журналындағы проза бөлімінің меңгерушісі. Алматылық Ашық Әдебиет Мектебіндегі (ААӘМ) проза семинарының, Айова университетіндегі шығармашылық семинарлардың жетекшісі. Қазақ ПЕН-клубының мүшесі. Польшадағы Ольштын қаласындағы Варминско-Мазурский университетінде докторлық диссертациясын жазып жатыр.
Прозашы. 1988 жылы дүниеге келген. Жоғары заңгерлік білімі бар. Ресейдегі СЭИП қоры ұйымдастырған Жас жазушылардың 18-ші және 19-шы форумдарына қатысушы. Шығармалары «Дружба народов», «Юность» журналдарында, «Дактиль», «Лиterraтура», «Формаслов» онлайн әдеби журналдарында, «Автограф» әдеби журналында, LiterraNova (2018) әдеби альманахында, «Дорога без конца» проза жинағында жарық көрген.
Қазақстандық жазушы әрі драматург. Төрт проза кітабының авторы, шығармалары бірқатар қазақстандық және шетелдік әдеби журналдар мен жинақтарда жарияланған. «Русская премия» әдеби сыйлығының екі мәрте иегері, драматургия байқаулары мен фестивальдерінің финалисті әрі иегері. Ольга Маркова атындағы Алматылық ашық әдебиет мектебінің негізін салушылардың бірі. Қазақстанда өткен әдеби форумдар мен фестивальдердің бірлескен ұйымдастырушысы. С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының сценарий-кинотану факультетін тамамдаған. Мәскеу жазушылар одағы мен қазақстандық ПЕН-клубтың мүшесі. Алматыда тұрады.
Драматург, театртанушы, аудармашы. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «театртану» мамандығы бойынша, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аударма ісі мамандығы бойынша тамамдаған. «Мусагет» қоғамдық қорының жазушылық шеберлік курсына қатысушы. Пьесаларының оқылымдары «ARTиШОК» театрында (Алматы, 2005 – 2006 жылдары), «Статус Плюс» студиясының ұйымдастыруымен «Ильхом» театрындағы фестивальде (Ташкент, 2009) өткен. Алматылық ашық әдебиет мектебінде театр және кинодраматургия семинарын, жастар әдебиеті шеберханаларын жүргізеді. Шығармалары Text Only желілік журналында, Literra Nova әдеби альманахында жарияланған.
Аудармашы, зерттеуші, арт-менеджер. СПбГУКИ-дің аударма бөлімін тамамдаған, аудармашы мен жазушы Вера Резниктің шәкірті. 2015 – 2016 маусымындағы Алматылық ашық әдебиет мектебінің поэзия семинарына қатысушы. Ағылшын, испан, неміс тілдерінен заманауи прозаны аударады, битниктер поэзиясын, соның ішінде Грегори Корсо өлеңдерін зерттеп, аударады. Заманауи өнер және философия туралы эсселер жазып, аударады. Аудармалары мен эсселері «Лиterraтура» электронды басылымында, Esquire журналында, Sygma басылымында жарияланған. «Иллюстрированный путеводитель по смыслам Алматы» жобасын жасаушылардың бірі және оның жетекшісі. Ортаазиялық өнерге арналған ariadna.media порталының бас редакторы. Әдеби аударма лабораториясының негізін салушылардың бірі және оның жетекшісі (бұл жоба Қазақстандағы АҚШ Миссиясының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр). Алматыда тұрады.
прозашы, публицист, театр шолушысы. Алматыда туып-өсіп, осы қалада тұрады. Алматылық Ашық Әдебиет Мектебінде проза мен балалар әдебиеті семинарының екінші курсын, Жастар Әдебиеті Шеберханасын бітірген. International Writing Program бағдарламасының аясындағы Word/Movement семинарына қатысқан. Шығармалары «Дактиль» журналында, «Литературная Алма-Ата» альманахында, бірқатар ғаламтор басылымдарында (Manshuq, Әдеби портал, 5Q Media, Steppe, Orda) жарияланған. КИМЭП университетінде халықаралық қатынастар факультетінде оқиды.
2021 жылдың 19 шілдесінде Almaty Writing Residency резиденция бағдарламасының аясында «Қазақстандық авторлар үшін АҚШ пен Ұлыбританияда шығармаларды жариялау мүмкіндіктері» атты онлайн семинар өтті. Толығырақ…
20.08.2021 — Almaty Writing Residency 2021 – биылғы резиденцияға қатысушылар тізімі
АЛМАТЫ – ҚАЛАНЫҢ ӘДЕБИ ТАРИХЫ:
Бұрын Верный, кейін Алма-Ата деп аталған Қазақстан Республикасының бұрынғы астанасы еліміздің мәдени орталығы болды және бола бермек. Көптеген мәдениеттерді тоғыстыратын қаланың әдебиеті тарихы өте бай. Мұнда Қазақстанның ірі жазушылары мен ақындары тұрған. Кейбіреулері бұл қаланы өз шығармаларында суреттеген. Жазушылар одағының көрнекті ғимараты, Мұхтар Әуезовтың мұражай үйі, Абай, Жамбыл, Герольд Бельгер ескерткіштері, жазушылардың үйлеріне орнатылған ескерткіш тақталар –мұның барлығы қаланың әдебиеті тарихының ажырамас бөлігі. Қазіргі таңда Алматының әдебиеті тарихы заманауи авторлардың кітаптарында жазылуда.