OLSHA

Almaty Writing Residency – бұл Ольга Маркова атындағы Алматылық ашық әдебиет мектебі (ААӘМ) мен танымал американдық IWP International Writing Program бағдарламасының халықаралық жобасы. 2021 жылдан бастап, Қазақстандағы Бірінші жазушылар резиденциясы қазақстандық ақын-жазушылар мен алыс және жақын шетел елдерінің авторлары үшін елеулі жыл сайынғы оқиғаға айналып кетті.

ALmaty writING residency - iwp international writers program

Almaty Writing Residency – бұл ААӘМ және танымал АҚШ-тағы IWP жазушылар резиденциясының бірлескен халықаралық жобасы.

IWP-ді 1967 жылы Пол Энгл және Хуалинг Ние Энгл Айова жазушылары шеберханасы үлгісінде халықаралық бейакадемиялық бағдарлама ретінде құрды. 2014 жылдан бері бұл бағдарлама әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын жазушылар мен ақындарға курстарды ұсынып келеді. Құрылған кезден бастап IWP курстарына 150-ден аса елден 1500-ден астам танымал және шығармашылығын жаңа бастап жүрген ақын, романист, драматург, эссеист пен журналист қатысты. Жобаның негізгі мақсаты – дарынды жазушыларды Айова Университетінің қаламгерлер қауымымен таныстырып, олардың шығармашылық жұмысына белгілі бір уақытқа оңтайлы жағдай жасау. 2000 жылдан бері IWP-ді ақын әрі журналист Кристофер Меррилл басқарып келеді.

ЖАЗУШЫЛАР РЕЗИДЕНЦИЯСЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Шығармашылық ортаға сіңісіп кету үшін Резиденцияға қатысушылар бір апта бойы бірге тұратын болады. Туындыларын ортаға салып, әдебиетке қатысты мәселелерді талқылап, шығармашылық кездесулер мен көпшілік іс-шараларға қатысып, қала ішіне және сыртына саяхат жасайтын болады. Резиденцияға конкурстық іріктеуден өткен авторлар қатыса алады. Байқауға қатысуға танымал прозашылар мен ақындар, сондай-ақ шығармашылығын жаңа бастап жүрген жазушылар шақырылады. Тәжірибелі авторларға артықшылық беріледі. Резиденция іс-шаралары үш тілде – ағылшынша, қазақша, орысша аудармашылардың қатысуымен өтеді. Іріктеуден өткен қатысушылардың Алматыға дейінгі және кері қайтқандағы жол шығындары, тұрғын үй-жай жалдау жөніндегі шығындары өтеледі, тәуліктік ақысы төленеді. Авторларға қойылатын негізгі талап – резиденция іс-шараларына белсенді қатысуы.

ALMATY WRITING RESIDENCY-ДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

Almaty Writing Residency ұйымдастырушылары Резиденция тақырыбын жыл сайын жариялап отырады. 2022 жылғы Резиденция тақырыбы: «Балалар мен жасөспірімдер әдебиетіндегі мультимәдениеттілік/Балалар әдебиеті өзгерістер дәуірінде». Авторлар, соның ішінде резиденттер, шақырылған ұстаздар мен ерікті тыңдаушылар, мультимәдениеттіліктің, балалар мен жасөспірімдер әдебиетінің өзекті мәселелерін, осы бағыттағы халықаралық тәжірибені, Қазақстанда қазақ пен орыс тілдерінде жазу тәжірибесін талқылайтын болады. Қазақтілді мен орыстілді қазақстандық авторлар арасында байланыс орнату және тәжірибе алмастыру – Резиденцияның негізгі мақсаттарының бірі. Қатысушылардан алдағы шығармашылық ізденістеріне, кітаптарының отандық және әлемдік нарыққа шығарылуына септігін тигізетін нәтижелі жұмыстарын күтеміз.

Almaty Writing Residency Ресми каталогы

Әдебиетке қолдау көрсету – бұл қаражат пен еңбектің ұзақ мерзімді жұмсалуын қажет ететін үдеріс болғанымен, кейбір нәтижелерін қазір де көруге болады: қатысушылардың жаңа шығармалары жарық көріп отыр, қазақстандық әдебиет туралы мақалалар шығып жатыр, Резиденция әдеби үдерістің бір бөлігіне мен біздің сүйікті қаламыздың мәдени ландшафтының ерекшелігіне айналып барады. Бұл AWR-дің жазушыларға қажетті іс-шара болғанын, өз орнымызды тапқанымызды көрсетеді. AWR Қазақстан үшін бірегей бағдарлама.

СЕМИНАР ЖЕТЕКШІЛЕРІ:

келли дуайер

Айова Университетінің Жазушылар шеберханасының түлегі, «Періштелер іздері» және «Елестермен автопортреті» романдарының, балаларға арналған екі кітаптың авторы. Оның монолог форматындағы пьесалар мен шағын драмалары Мэдисон, Бостон, Нью-Йорк, Глазго (Шотландия) қалаларында сахналанды. Калифорнияда туып-өсіп, Мэдисон маңындағы Барабу қаласында (Висконсин штаты) тұрады. Жазушылық шеберліктің курсын оқытып, басқа қаламгерлердің қолжазбаларын өңдеп, роман, пьесаларға қалам тартып, орта жасқа келген Дисней ханшайымдарынан шабыт алып, өте қысқа әңгімелерді жазып келеді. Тәжірибелі ұстаз, қолынан келген көмегін аямайтын жазушылық шеберліктің оқытушысы.

кристофер меррилл

Кристофер Мерриллдің жарияланымдары жеті поэзия жинағын құрайды, соның ішінде Американдық ақындар академиясының марапатына – Питер И. Б. Лаван атындағы жас ақындар сыйлығына – ие болған «Сигнал оты» (Watch Fire), оның көптеген редакторлық еңбектері мен аудармалары, сондай-ақ нон-фикшн жанрындағы алты кітап бар. Олардың арасынан үшеуін ерекше атап өтуге болады: 90-шы жылдардың бірінші жартысындағы Балкандағы қарулы қақтығыстар туралы «Шегелер ғана қалады» (Only the Nails Remain) кітабын, автордың киелі Афон тауына жасаған саяхаты жайлы «Жасырын Құдайдың кереметтерін» (Things of the Hidden God), «Сәнталмен автопортретім» (Self-Portrait with Dogwood) атты өткенді шолу кітабын. Бұл кітапта ол өз өмірін ғана емес, айналасындағы әлемде болып жатқан маңызды оқиғаларды ой елегінен өткізеді.

Мерриллдің көркем шығармалары 40-қа жуық тілге аударылған. Сонымен қатар асқан дарынның арқасында ол журналистика саласында да көптеген жетістікке қол жеткізді. Ол Францияның Әдебиет және өнер орденінің кавалері, Джон Саймон Гуггенхайм Мемориалдық қоры және Инграм Меррилл қорының стипендиаты, аудармашылық шеберлігі үшін бірқатар сыйлықтардың иегері атанған.

2000 жылдан бері Айова Университетінің Халықаралық жазушылар бағдарламасының директоры қызметін атқарып, Меррилл 50-ден астам елде мәдени дипломатияның миссияларын ұйымдастырды. 2011–2018 жылдары ол АҚШ-тың ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясында қызмет етті. 2012 жылдың сәуір айында президент Барак Обама Меррилді АҚШ-тың Гуманитарлық ғылымдарының консулдығындағы лауазымға тағайындады.

нина мюррей

Нина Мюррей батыс украиналық Львов қаласында туып өсті. Лингвистика және шығармашылық жазу саласындағы ғылыми дәреженің иегері.  Alcestis in the Underworld («Алкеста о дүниеде», Circling Rivers Press баспасы, 2019 жылы) өлеңдер жинағының, Minimize Considered (Finishing Line Press баспасы, 2018 жылы), Minor Heresies (Heartland Review Press баспасы, 2020 жылы) және Damascus Electric (Pen & Anvil Press баспасы, 2020 жылы) атты кітаптардың авторы. Оның орыс және украин тілдерінен аударған кітаптарының ішінде Петр Алешковскийдің «Старгород» әңгімелер жинағы, Оксана Забужконың «Ұмытылған құпиялардың мұражайы» («Музей заброшенных тайн») атты романы және Оксана Люцишинаның «Иван мен Феба» романы бар.

Орыс, украин, испан, литва, ағылшын тілдерін біледі.

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ:

АЛМАТЫДАҒЫ АҚШ БАС КОНСУЛДЫҒЫ

2009 жылдың желтоқсанында Америка Құрама Штаттары Алматыда Бас консулдығын ашты. Бас консулдықта Мемлекеттік департаменттің кеңселері (соның ішінде – консулдық, қоғаммен байланыс жөніндегі және саяси-экономикалық бөлімдер), АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID), Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC), Есірткіге қарсы күрес жөніндегі басқарма (DEA), АҚШ-тың Коммерциялық қызметі және Президенттің ЖИТС-тің алдын алу төтенше жоспары бойынша бағдарламасы (PEPFAR) орналасқан. Бұл Консулдық өңір Қазақстанның төрт оңтүстік аймағын (ОБЛЫСТАРЫН) қамтиды. Дегенмен, көптеген Консулдық агенттіктері мен секциялары Қазақстанда және Орталық Азияда кең өкілеттілікке ие.

Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы сауда, экономикалық даму, демократия мен басқару, гуманитарлық көмек, денсаулықты нығайту және сырқатқа қарсы күрес, есірткіге қарсы күрес және қоршаған ортаны қорғау сияқты екіжақты және аймақтық мәселелердің кең аясында жұмыс істейді. Сондай-ақ, Бас консулдық Қазақстандағы Американың азаматтарына және бизнестеріне қызметтерін көрсетеді.

CHEVRON КОМПАНИЯСЫ

Штаб-пәтері Сан-Рамон қаласында (Калифорния штаты) орналасқан Chevron корпорациясы –жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Еншілес кәсіпорындары дүние жүзінде жұмыс істейді. Компания энергия көздерін өңдеудің барлық салаларына: шикі мұнай мен табиғи газды барлауға, өндіруге және тасымалдауға, көлік отынын және басқа энергетика өнімдерін өңдеуге,  өткізуге және таратуға, мұнай-химия өнімдерін өндіруге және өткізуге, электр және геотермалды энергиясын өндіруге қатысады, сонымен қатар энергияны тиімді пайдалану саласындағы техникалық шешімдерді әзірлеумен, сондай-ақ болашақтың энергетика ресурстарын, соның ішінде биоотын меңгеру ісімен де айналысады. Қазақстанда Chevron қоғамды дамытуға бағытталған және мәдениет саласындағы жобаларға қолдау көрсетеді, 2021 жылдан бері олардың арасында Almaty Writers Residency де бар.

ANGIME ӘДЕБИ ЖУРНАЛы

«Әңгіме» қазақ тілінде «сөйлесу», «баяндау» дегенді білдіреді. Осы бейнені негізге алып, Angime редакциясы қазіргі Қазақстанның бірегей интеллектуалды және мәдени контекстінде халықаралық, көптілді және пәнаралық шығармашылық байланыстарды орнату мен қолдауды мақсат етеді. Журналдың редакторлары –  Назарбаев Университетінің көпұлтты оқытушылар құрамы және тәуелсіз редакторлар.

БІЗДІҢ КОМАНДАМЫЗ:

Юрий Серебрянский, директор

Жазушы, мәдениеттанушы. 1975 жылы Алма-Атада дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Польшадағы Ольштын қаласындағы Варминско-Мазурский университетін тамамдаған. Шығармалары «Простор», «Книголюб», «Дружба народов», «Знамя», «Новый мир», «Воздух», «День и ночь», «Новая юность», «Пролог», «Юность», Iowa Magazine, Barzakh, «Новая реальность», Polutona, «Лиterraтура», Promegalit, т.б. әдеби журналында жарық көрген. Липки қаласындағы Жас жазушылар форумына қатысып, 2010 және 2014 жылдары «шағын проза» аталымы бойынша «Русская премия» сыйлығының иегері атанған. 2017 жылғы АҚШ-тағы IWP халықаралық жазушылар резиденциясына қатысушы. Қазақстандағы поляк диаспорасының  Ałmatyński Kurier Polonijny журналының редакторы. «Лиterraтура» журналындағы проза бөлімінің меңгерушісі. Алматылық Ашық Әдебиет Мектебіндегі (ААӘМ) проза семинарының, Айова университетіндегі шығармашылық семинарлардың жетекшісі. Қазақ ПЕН-клубының мүшесі. Польшадағы Ольштын қаласындағы Варминско-Мазурский университетінде докторлық диссертациясын жазып жатыр.

валерия крутова, ҮЙЛЕСТІРУШІ

Прозашы. 1988 жылы дүниеге келген. Жоғары заңгерлік білімі бар. Ресейдегі СЭИП қоры ұйымдастырған Жас жазушылардың 18-ші және 19-шы форумдарына қатысушы. Шығармалары «Дружба народов», «Юность» журналдарында, «Дактиль», «Лиterraтура», «Формаслов» онлайн әдеби журналдарында, «Автограф» әдеби журналында, LiterraNova (2018) әдеби альманахында, «Дорога без конца» проза жинағында жарық көрген.

МИХАИЛ ЗЕМСКОВ, ҚАРЖЫ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУШІ

Қазақстандық жазушы әрі драматург. Төрт проза кітабының авторы, шығармалары бірқатар қазақстандық және шетелдік әдеби журналдар мен жинақтарда жарияланған. «Русская премия» әдеби сыйлығының екі мәрте иегері, драматургия байқаулары мен фестивальдерінің финалисті әрі иегері. Ольга Маркова атындағы Алматылық ашық әдебиет мектебінің негізін салушылардың бірі. Қазақстанда өткен әдеби форумдар мен фестивальдердің бірлескен ұйымдастырушысы. С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының сценарий-кинотану факультетін тамамдаған. Мәскеу жазушылар одағы мен қазақстандық ПЕН-клубтың мүшесі. Алматыда тұрады.

Дина Махметова, АУДАРМАШЫ

Драматург, театртанушы, аудармашы. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «театртану» мамандығы бойынша, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аударма ісі мамандығы бойынша тамамдаған. «Мусагет» қоғамдық қорының жазушылық шеберлік курсына қатысушы. Пьесаларының оқылымдары «ARTиШОК» театрында (Алматы, 2005 – 2006 жылдары), «Статус Плюс» студиясының ұйымдастыруымен «Ильхом» театрындағы фестивальде (Ташкент, 2009) өткен. Алматылық ашық әдебиет мектебінде театр және кинодраматургия семинарын, жастар әдебиеті шеберханаларын жүргізеді. Шығармалары Text Only желілік журналында, Literra Nova әдеби альманахында жарияланған.

антон платонов, АУДАРМАШЫ

Аудармашы, зерттеуші, арт-менеджер. СПбГУКИ-дің аударма бөлімін тамамдаған, аудармашы мен жазушы Вера Резниктің шәкірті. 2015 – 2016 маусымындағы Алматылық ашық әдебиет мектебінің поэзия семинарына қатысушы. Ағылшын, испан, неміс тілдерінен заманауи прозаны аударады, битниктер поэзиясын, соның ішінде Грегори Корсо өлеңдерін зерттеп, аударады. Заманауи өнер және философия туралы эсселер жазып, аударады. Аудармалары мен эсселері «Лиterraтура» электронды басылымында, Esquire журналында, Sygma басылымында жарияланған. «Иллюстрированный путеводитель по смыслам Алматы» жобасын жасаушылардың бірі және оның жетекшісі. Ортаазиялық өнерге арналған ariadna.media порталының бас редакторы. Әдеби аударма лабораториясының негізін салушылардың бірі және оның жетекшісі (бұл жоба Қазақстандағы АҚШ Миссиясының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр). Алматыда тұрады.

алена тимофеева, волонтер

прозашы, публицист, театр шолушысы. Алматыда туып-өсіп, осы қалада тұрады. Алматылық Ашық Әдебиет Мектебінде проза мен балалар әдебиеті семинарының екінші курсын, Жастар Әдебиеті Шеберханасын бітірген. International Writing Program бағдарламасының аясындағы Word/Movement семинарына қатысқан. Шығармалары «Дактиль» журналында, «Литературная Алма-Ата» альманахында, бірқатар ғаламтор басылымдарында (Manshuq, Әдеби портал, 5Q Media, Steppe, Orda) жарияланған. КИМЭП университетінде халықаралық қатынастар факультетінде оқиды.

2022 ЖЫЛҒЫ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ:

зира наурызбай

Қазақ мифологиясының зерттеушісі, жазушы, киносценарист, қазақ тілінен орысшаға аударатын аудармашы, философия ғылымдарының кандидаты (Ph.D.). 1989 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды (қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) политэкономия мамандығы бойынша бітірді. Диссертация тақырыбы: «Қазақ мәдениетінің мифоритуалдық негіздері» (1994).  «Классика» радиосындағы қазақ дәстүрлі музыка өнері туралы «Тылсым перне» бағдарламалар топтамасы үшін «Алтын адам – 2014» Ұлттық сыйлығының иегері атанды. Ағылшын тіліне аударылған «Соперница» («Күндес») әңгімесімен АҚШ-тағы Best Asian Short Stories-2019 байқауының иегері атанды. «Вечное небо казахов» («Қазақтардың мәңгілік аспаны»), Л.Калауспен бірлескен авторлықта жазылған «В поисках Золотой чаши: Приключения Бату и его друзей» («Алтын тостағанды іздеу: Бату мен оның достарының бастан кешкендері») кітаптары «Меломан» рейтингі бойынша қазақстандық бестселлердің ондығына енді.

фархат тамендаров

Алма-Ата қаласында туып өсті. Алматы энергетика институтын бітірді. 1990 жылы «Три жемчужины» («Үш інжу моншағы») атты  тұңғыш кітабы жарық көрді. 2002 жылы «Солнца светлого сияние» («Жарқын күннің нұры») атты екінші өлеңдер кітабы, 2005 жылы «Зеркало на ладони» («Алақан үстіндегі айна») жинағы жарыққа шықты. 2009 жылы «Золотая роза Гулистана» («Гулистанның алтын раушаны») атты балаларға арналған ертегі дастаны әсерлі суреттермен безендіріліп баспадан шықты. 2012 жылы «Мгновение вдоха» («Дем алу сәті») өлеңдер кітабы жарық көрді. Жасөспірімдерге арналған «Гончие псы» шытырман оқиғалы повесі 2018 жылы орыс тілінде, ал 2021 жылы Лондонда ағылшын тілінде басылып шықты.  Ресейдегі Уфа қаласында өткен «Ак Торна» халықаралық әдеби байқауының иегері (2012 жылы). Лондонда өткен Open Central Asia Book Forum & Literature Festival атты III халықаралық фестивалінің финалисті (2013 жыл). Брюссельде өткен әдеби фестивальде көркем аударма аталымы бойынша бірінші орын иегері атанды (2019). Халықаралық ПенКлубтың Юрий Казаков атындағы әдеби сыйлығының иегері (2022).

Шығармалары «Литературная Азия», «Поэт года» (Мәскеу) альманахтарында, «Вечерний Алматы», «Казахстанская правда», «Литературная газета» (Мәскеу) газеттерінде, «Простор», «Нива» республикалық журналдарында жарияланған. 2012 жылы Алматылық ашық әдебиет мектебін (ААӘМ) бітірді. «Қазақстандық ПЕН-клуб» вице-президенті, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Literra Nova әдеби альманахының бас редакторы. «Давай нарисуем сказку» атты халықаралық балалар әдеби-көркемдік байқауының қазылар алқасының төрағасы. А. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

лиля калаус

1969 жылы Алматыда дүниеге келді. 1991 жылы ҚазМУ-дың филология факультетін бітірді. Жазушы, әдеби редактор, сыншы, сценарист, радиожүргізуші, суретші. 2001-2014 жылдары Қазақстанда шыққан «Книголюб» әдеби журналының бас редакторы болған. Жазушылық шеберліктің авторлық курсын жүргізіп келеді.

Повестері, әңгімелері мен мақалалары қазақстандық «Простор», «Нива», «Аполлинарий», «Литературная Алма-Ата», ресейлік «Дружба народов», «Новая Юность», «Лампа и дымоход», украиналық «Крещатик», өзбекстандық «Восток свыше», американдық «Чайка», «Новый Журнал» журналдарында жарияланған. Мақалалары, эсселері, өлеңдері, суреттері Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, АҚШ, Германия, Финляндия елдерінде басылып шықты.

Зира Наурызбаймен бірлескен авторлықта жазылған «Приключения Бату и его друзей в поисках Золотой чаши» («Алтын тостағанды іздеу: Бату мен оның достарының бастан кешкендері») атты балаларға арналған повесі 2022 жылы АҚШ-та ағылшын тілінде Amazon Publishing баспасынан шығады.

11 кітаптың авторы. «Сорос-Казахстан-Дебют» әдеби байқауының I мен III сыйлықтарының иегері (1996). Орталық Азия елдерінің III Ашық кітап форумы мен әдеби фестивалінің лауреаты (2014). «Рух» Халықаралық әдеби байқауының «Балалар әдебиеті. Проза» аталымы бойынша бірінші орын иегері.

Қазақстан Жазушылар Одағы, «Қазақстандық ПЕН-клуб» мүшесі.

Есей Жеңісұлы

1978 жылы 9 қаңтарда Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында туған. 1994 жылы Кіші Жалаңаш ауылындағы Ақай Нүсіпбеков атындағы орта мектепті бітірді. 1994-2000 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің бакалавр, магистратура бағдарламаларын тәмәмдады. Өлеңдері аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда 1988 жылдан жариялана бастады. 2009 жылы – «Бір жарық» (жыр жинағы), 2012 жылы – «Сендер бәрің жақсысыңдар, адамдар» (публицистика), 2015 жылы – «Мынау ғазиз дүние» (балаларға арналған әңгімелер), 2017 жылы «Шуақ» (өлеңдер мен әңгімелер) атты кітаптары жарық көрді. 2007 жылдан – Қазақстан Журналистер одағының, 2014 жылдан – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты, бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының, «Дарабоз» балаларға арналған шығармалар бәйгесінің жүлдегері.

ОҚИҒАЛАР:

Кристофер Мерриллдің онлайн дәрісі. Субтитрлер қаз. рус.

2021 жылдың 19 шілдесінде  Almaty Writing Residency резиденция бағдарламасының аясында «Қазақстандық авторлар үшін АҚШ пен Ұлыбританияда шығармаларды жариялау мүмкіндіктері» атты онлайн семинар өтті. Толығырақ…

20.08.2021 — Almaty Writing Residency 2021 – биылғы резиденцияға қатысушылар тізімі

МАТЕРИАЛДАР:

АЛМАТЫ – ҚАЛАНЫҢ ӘДЕБИ ТАРИХЫ:

Бұрын Верный, кейін Алма-Ата деп аталған Қазақстан Республикасының бұрынғы астанасы еліміздің мәдени орталығы болды және бола бермек. Көптеген мәдениеттерді тоғыстыратын қаланың әдебиеті тарихы өте бай. Мұнда Қазақстанның ірі жазушылары мен ақындары тұрған. Кейбіреулері бұл қаланы өз шығармаларында суреттеген. Жазушылар одағының көрнекті ғимараты, Мұхтар Әуезовтың мұражай үйі, Абай, Жамбыл, Герольд Бельгер ескерткіштері, жазушылардың үйлеріне орнатылған ескерткіш тақталар –мұның барлығы қаланың әдебиеті тарихының ажырамас бөлігі. Қазіргі таңда Алматының әдебиеті тарихы заманауи авторлардың кітаптарында жазылуда.