Қойшыбек Мүбаракпен шығармашылық кездесу

10 қараша 2017 жылы, сағат 19.00-да, Алматы Тауэрс ғимаратындағы SmArt.Point American Space әлеуметтік алаңында (Байзақов көшесі, 280, 1-ші қабат) Жастар Әдебиеті Шеберханасы жобасының аясында мистик прозашы, The Qazaq Times ақпараттық, қоғамдық-саяси порталының бас редакторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің оқытушысы Қойшыбек Мүбаракпен шығармашылық кездесу өтеді.

Кездесуде мистикалық әдебиеттің дәстүрлері жайлы сөз қозғалады, Қойшыбек Мүбарак өз әңгімелерін оқиды.

Кіру тегін.

Қойшыбек Мүбарак – бірқатар мистикалық шығармалардың, «От ару» (2009), «Жат құшақ» (2012) кітаптарының авторы.