Ардақ Нұрғазымен шығармашылық кездесу

23 қазан 2017 жылы, сағат 18.00-де, Алматы Тауэрс ғимаратындағы SmArt.Point American Space әлеуметтік алаңында (Байзақов көшесі, 280, 1-ші қабат) Жастар Әдебиеті Шеберханасы жобасының аясында ақын, прозашы және әдеби сыншы Ардақ Нұрғазымен шығармашылық кездесу өтеді.

Кездесуде әдебиет пен сынның өзара ықпалдастығы туралы сөз етіледі, Ардақ Нұрғазы өз шығармаларын оқиды.

Кіру тегін.

Ардақ Нұрғазы 2006 – 2008 жылдары «Шетел әдебиеті» газетінің бас редакторы болған. Бірқатар өлеңдер мен әңгімелер жинақтарының, «Қазақтың модернистік поэзиясы» сын еңбегінің авторы. Өлеңдері ағылшын, қытай және орыс тілінде жарық көрген.