Алматылық Ашық Әдеби Мектепке шығармашылық байқау

Алматылық Ашық Әдеби Мектеп (ААӘМ)

2017-2018 оқу жылына тыңдаушыларға іріктеу жариялайды. Сабақтар 2017 жылдың 1 қазанынан басталып, 2018 жылдың 31 мамырына дейін сенбі сайын сағат 10:00 мен 18:00 аралығында Алматыда өтетін болады. Тыңдаушылар қазақ немесе орыс тілінде білім алатын топтарға іріктеп алынады.

Әдеби мектептің оқыту курсы әдебиет тарихы, стилистика, киносценарий өнері, драматургия теориясы, өнер тарихы, авторлық құқық, т.б. пәндер бойынша дәрістерді, проза, поэзия, драматургиядан практикалық семинарларды, сонымен қатар қазіргі жазушылармен шығармашылық кездесулерді, олардың авторлық семинарларын қамтиды. Әдеби мектепте қазақстандық әдебиеттанушылар, өнертанушылар, жазушылар мен ақындар сабақ береді.

Әдеби мектепке тығдаушылар шығармашылық байқаудың негізінде таңдап алынады. Шығармашылық байқау 2017 жылдың 10 тамызынан бастап 15 қыркүйегіне өтетін болады. Байқауға 2017 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қазақ немесе орыс тілінде жазылған шығармалар ұсынылуы тиіс.

Проза семинарында білім алуға ниет білдіргендердің прозалық шығармаларын (әңгімелерін, эсселерін немесе ірі шығармаларынан үзінділерді) жіберуі қажет. Мәтіннің жалпы көлемі бос орындармен 10 000 мен 40 000 баспа таңба аралығында болуы керек.

Поэзия семинарында білім алуға ниет білдіргендердің 50-200 жолды қамтитын поэтикалық шығармаларын ұсынуы қажет.

Драматургия семинарында білім алуға ниет білдіргендердің пьесаларын немесе киносценарийлерін (немесе осындай шығармалардан үзінділерді) жолдауы тиіс. Жалпы көлемі – бос орындармен 5 000 және 20 000 баспа таңба аралығында.

Байқау жұмыстары 2017 жылдың 15 қыркүйегіне дейін litshkola@gmail.com электронды поштасына қабылданады.

Хаттың тақырыбында таңдалған семинар және оқыту тілі бас әріппен көрсетілуі керек: ПРОЗА, ПОЭЗИЯ немесе ДРАМАТУРГИЯ, ҚАЗ немесе ОРЫС. Бірнеше семинарға мәтіндерді жіберуге болады (проза + поэзия, проза + драматургия, және т.б.). Осындай жағдайда тыңдаушы шығармасы ең жоғары балл алған жанрдағы семинарға алынады.

Байқау нәтижесі 2017 жылдың 28 қыркүйегінде жарияланады.

Шығармашылық байқаудан өткен авторларға 2017-2018 оқу жылында Әдеби мектепте білім алу ақысы айына 10 000 мың теңгені құрайды.

Шығармашылық байқаудан өту үшін жеткілікті балл жинай алмаған қатысушылар Әдеби мектептің дәрістерін ерікті оқушылар ретінде тыңдай алады. Ал практикалық семинарларға олар тек семинар жетекшісі рұқсат бергеннен кейін қатыса алады. Ерікті тыңдаушыларға оқу құны айына 12 000 теңгені құрайды.

Әдеби мектептің мақсаттары:

— Тыңдаушыларды әдеби сауаттылығының негіздеріне және жазушылық шеберлігіне үйрету;
— Дарынды авторларды – жазушыларды, ақындарды, драматургтерді іздестіру, оларға қолдау көрсету;
— Жаңадан бастап жүрген авторларға баспалармен және әдеби журналдармен байланыс орнатуға көмектесу;
— Ақпарат, шығармашылық жігер, пікір-ой алмасу үшін әдеби ортаны құру.

www.litshkola.kz
8 705 192 21 30