Рецензиялар байқауының нәтижесі

Қадірлі рецензиялар байқауына қатысушылар,

Байқаудың нәтижесін белгіленген уақытында жарияламағанымыз үшін тағы бір рет кешірім сұраймыз. Бұның себебі бізге қатысты емес болды.

Байқауға қатысқандарыңыз үшін және жолданған рецензияларыңыз үшін сіздерге алғыс айтамыз!

Байқаудың серіктесі – жазылым негізінде электронды кітаптарды оқуға арналған Bookmate сервисі – барлық байқауға қатысушыларға, олардың жеңімпаздар аталғанына әлде аталмағанына қарамай, өз кітапханасына бір айлық жазылымды сыйға тартады. Жазылым алу үшін http://bookmate.com/code сілтемеден өтіп, litfestkz промокодын енгізіңіздер.

Сонымен қатар барлық байқауға қатысушыларды тегін әдеби сын семинарларына шақырамыз. Осы семинарлар Аслан Жақсылықов, Любовь Туниянц, Ардақ Нұрғазыұлы мен Павел Банников атты қазақстандық филологтардың және әдеби сыншылардың жетекшілігімен Алматыда 2016 жылдың 10-11 және 17-18 желтоқсан күндері өтеді (толық семинарлар кестесін және өткізу орны туралы ақпаратты барлық байқауға қатысушыларға жібереміз).

Байқау жеңімпаздарының тізімі:

Қазақ тіліндегі рецензиялар:

1. Баян Рсымбет (бас жүлде – Samsung планшеті)
2. Зияда Тиникулова (жүлде – Bookmate сервисіне бір жылдық премиум-жазылым)
3. Мұхаммедсапақызы Жансая (жүлде – Bookmate сервисіне бір жылдық премиум-жазылым)
4. Абылайхан Есімбай (жүлде – Bookmate сервисіне бір жылдық премиум-жазылым)
5. Зылиха Жантасова (жүлде – Bookmate сервисіне бір жылдық премиум-жазылым)
6. Азамат Мамыров (жүлде – Bookmate сервисіне бір жылдық премиум-жазылым)
7. Тілеуберді Қанабекұлы (жүлде – Bookmate сервисіне бір жылдық премиум-жазылым)

Орыс тіліндегі рецензиялар:

1. Ольга Цепилова (бас жүлде – Samsung планшеті)
2. Сергей Ким (жүлде – Bookmate сервисіне бір жылдық премиум-жазылым)
3. Ксения Рогожникова (жүлде – Bookmate сервисіне бір жылдық премиум-жазылым)
4. Ольга Абрамова (жүлде – Bookmate сервисіне бір жылдық премиум-жазылым)
5 Юлия Геката (жүлде – Bookmate сервисіне бір жылдық премиум-жазылым)
6. Салтанат Естемесова (жүлде – Bookmate сервисіне бір жылдық премиум-жазылым)
7. Антон Земель (жүлде – Bookmate сервисіне бір жылдық премиум-жазылым)

Және байқауға ең көп рецензияларды жіберген үш белсенді қатысушы:
Зылиха Жантасова
Оксана Тарнецкая
Анастасия Кириенко
қазылар алқасының мүшесі Павел Банниковтан «Өзіне қайтып оралу» атты қазіргі қазақстандық прозасының екі томдығын ерекше сыйлық ретінде алады.

Барлық байқауға қатысушыларды 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 10:00-да «Дом Q» театрында өтетін марапаттау салтанатына шақырамыз.

Мекен-жайы: Фурманов көшесі, 119 үй (ауладан кірулеріңіз керек ).

Байқаудың қазылар алқасы:

Евгений Абдуллаев, жазушы, ақын, әдеби сыншы (қазылар алқасының төрағасы)
Павел Банников, ақын, редактор, әдеби сыншы
Ардақ Нұрғазыұлы, жазушы, ақын, әдеби сыншы
Дина Махметова, драматург

Байқаудың серіктестері:

Bookmate — ұялы телефондары бар барлық адамдарға арналған жазылым негізінде электронды кітаптарды оқу сервисі. Ол миллиондаған адамдарға көбірек оқуға, жаңа кітаптарды және достарды табуға көмектеседі.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы